Білім беру мекемелері

Катонқарағай аудандық психологиялық-педогогикалық түзеу кабинеті

Катонқарағай аудандық психологиялық-педогогикалық түзеу кабинетінің меңгерушісі - Тілеудинова Тоты  Әбілғазықызы

Катонқарағай аудандық ММ «Психологиялық-педогогикалық түзеу кабинеті» ММ «Ленин атындағы орта мектептің» ғимаратының, бірінші қабатының, сол жақ қанатында орналасқан.  Мекен жайымыз: Үлкен Нарын ауылы Шулятикова көшесі 57 үй.
ПМПК-нің жолдамасы бойынша зерттеу жұмысынан кейін, мамандар балаға  жеке дамыту бағдарламасын жасайды да сабақ кестесіне кіргізіп, әр маман тақырыптық жылдық жоспар бойынша бір-бірін толықтырып отырады. Жылына  2-рет топтық бағалау арқылы баланың даму мүмкіндігінің қорытындысын шығарып отырады.  Айына   1-рет  әдістемелік кеңестерді өткізіп, топтық бағалауға дайындық жұмыстары жүргізіледі, жылына  4 рет кеңес беру жоспарланған. Консультациялық нысандағы жұмыстың түрлері мектептердегі  психологиялық қызмет арқылы және әлеуметтік қызметкерлермен байланыс арқылы жүзеге асырылады.
Кабинеттен биылғы жылы 69 бала психологиялық дефектологиялық көмек алып отыр. Оның ішінде 38 бала - психикалық дамуы тежелген, 13-і ақыл-ойы кенжелеп қалған,  17 баланың тіл бұзылыстары бар, 1-уі – аутизм.  Аймақтар бойынша  консультация түрінде түзету көмектері үнемі жасалынып отырады.
Педагог-логопедтің бұрышында баламен жұмыс жасауға қажетті құралдардың барлығы бар: айна, артикуляциондық жаттығулардың үлгісі, дыбыстар әліппесі,  логопедиялық зондтар және де басқа методикалық құрал-жабдықтар.

Педагог-логопед
Ғылыми негізделген оқыту жүйесін жүзеге асырады, тіл кемістігі бар балаларды тәрбиелейді және алдыны алу жұмыстарын жүргізеді. Логопед балабақшада және аудан мектептеріндегі мектепалды сыныптарда скрининтік сабақтар өткізеді, ата-аналардың сұраныстары бойынша жұмыс жасайды.
Педагог-дефектологтың бұрышында балаларды математикалық бағытта оқытуға арналған көрнекілік құралдар бар,  логикалық ойлауға, зейінге және есте сақтауға арналған әртүрлі әдістемелік  құрал-жабдықтар бар.

Педагог – дефектолог.

  1. Ақыл есінде және дене бітімінің дамуында кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерге бағытталған оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырады және өткізеді.
  2. Әрбір баламен жас ерекшелігіне, жеке тұлғасының қасиетіне, кемістіктің құрылысына, бұзылыстың мән-жайын ескере отырып түзеу-дамыту сабақтарын жүргізеді.

Әлеуметтік педагог бұрышында
әртүрлі көрнекілік плакаттардың бірнеше түрлері бар және балаларды мәдениеттілік пен әдептілікке тәрбиелейтін құралдар бар.

Әлеуметтік педагог

1. Түзеу кабинетіне әлеуметтік қолдау және басқа да көмек түрлерін сұрап келуші жанұяларды тіркеу, анықтау жұмысын жүргізеді.(кеңес беру, оқыту түрінде)
2. Ата – аналарға әлеуметтік қорғау, қамту, жанұяны қолдау сұрақтары бойынша және де баланың әлеуметтік адекватты  тәртібін қалыптастыру, жанұяда тәрбиелеу бойынша кеңестер береді
3. Педагогтармен, әлеуметтік қорғау қызметкерлерімен, қайырымдылық көрсету ұйымдарымен, дамуында бұзылыстары бар балаларға әлеуметтік көмек көрсету сұрақтары бойынша байланыста болады.
4. Ата – аналардан бала психикасының дамуы туралы, онымен бірге ата – ананың қалыптасқан көзқарасын және баладан нені күтетіндерін, бала дамуының әлуметтік ортасын, ата-анасына қиындық туу себебін, проблемасын ескере отырып бала дамуының мүмкін болатын болжамын жасайды.
5. Қажетті құжаттарды уақытында толтырады (баланың даму картасы, жанұяға көмек жасаудың жекелей түзету бағдарламасы, кеңес беру хаттамасы, есептер)

Педагог –психологтың бұрышында баланы психологиялық-диагностикалық тексеруге арналған құралдар: сортер,  Сеген тақтасы, баланың зейінің, есте сақтау қабілетін дамытуға арналған әртүрлі дидактикалық материалдар бар.

Педагог-психологтың жұмыс ерекшелігі:

Бала дамуындағы әлеуметтік жағдайды зерттейді, жанұядағы ата-ана мен бала қарым-қатынасын зерттейді, шешесі мен баланың арасындағы қарым-қатынасты бақылайды, бағыт-бағдар береді.
Психологиялық диагностика жүргізіп баланың дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, эмоционалдық ерік- күштің ауытқуын анықтап, арнайы бағдарлама құрастырады.

Ерте жастан түзеу педагогынын бұрышы түрлі түсті суреттермен безендірілген, ойлауға, ұсақ қол маторикасын дамытуға арналған әртүрлі ойыншықтар бар.

Ерте жастағы түзеу педагогы

Педагог топтағы педагогикалық үрдісті жоспарлап, ұйымдастырады. Қолайлы түзету үрдісіне жағдай туғызып, күнделікті жұмысты жүргізеді.
Әр-түрлі іс-шаралар өткізеді, психофизикалық дамуына әсер етеді. Бала өмірі мен денсаулығына жауап береді. Ойындар өткізеді, қимыл моторикасының дамуына ықпал  жасайды.
Жекелей қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімін, олардың жанұялық және тұрмыстық жағдайларын зерттейді. Балалардың ата-аналарымен қарым-қатынасты жолға қояды.
Емдік дене шынықтыру бұрышында тренажерлардың 5 түрі бар: жүгіру жолағы, велотренажер, тренажер «Твистер», денені шынықтыру тренажеры, штанготренажер және тактилді жолақ, қырлы жолақтар қойылған.

Емдік дене шынықтыру

Дене шынықтыру тәрбиесі түзеу кабинетіндегі оқу-тәрбие жұмысының барлық жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол оқыту, тәрбиелеу, түзету және емдік-сауықтыру міндеттерін шешеді.
Түзеу кабинетіндегі дене шынықтыру тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесімен тығыз байланыста жүзеге асырылады, мүмкіндігі шектеулі балаларды өмір сүруге дайындауда және еңбек етуге үлкен рөл атқарады.

Психологиялық дәрігерлік педагогикалық кеңесінің жұмысы

2011жылдың 17-18 мамырында Зырян қаласындағы аймақтың психологиялық дәрігерлік педагогикалық кеңесінің балаларды кешенді тексеруі болып өтті.

Үлкен Нарын аумағында 23 бала, Катонқарағай аумағында 22 бала тексеруден өтті. Анықталған балалардың арасында даму деңгейі қалыпты тіл бұзылыстары бар бірнеше бала Зырян қаласына жолдама алды, логопед, психолог, дефектолог мамандарының көмегін қажет ететін бірнеше бала түзету кабинетіне жолдама алды.

Психологиялық-педагогикалық
түзету кабинетінің меңгерушіс Т.Тлеудинова

 

Парақтар өзгертілді: 21-06-2016