Білім беру мекемелері

kn Катонқарағай аудандық психологиялық-педогогикалық түзеу кабинеті  
     
kn Мектеп директорларының тізімі *.doc 41 kB
kn Катонқарағай ауданы білім беру мекемелерінің атауы *.doc 65 KB
kn ҰБТ. 2016-2017жж. *.doc 24 KB
 

«Балапан» бағдарламасы іске асуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа алған мектепке дейінгі білім ұжымдары «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» жүйесін жүзеге асыруда.

Бүгінгі күні біздің ауданда кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі тәрбиеге баса назар аударылуда.

Ауданда 46 мектепке дейінгі білім мекемелері бар, оның 10 балабақша, 36 мектеп жанынан ашылған шағын орталықтар. Елбасының 2010жылы қабылданған «Балапан» бағдарламасы аясында ауданда 5 балабақша және мектеп жанынан 23 толық мерзімді шағын орталықтар ашылды. Алдағы уақытта қысқа мерзімді шағын орталықтарды толық мерзімді шағын орталықтарға ауыстыру жоспарланды.

Бағдарлама аясында республикалық бюджет есебінен 2010-2014 жылдар арлығында 422795 мың теңге қаражат бөлінді. 3балабақша күрделі жөндеуден өткізіліп, 1 жаңа балабақша құрылысы салынды, 2балабақша қайтарылып және 2 ғимарат балабақша ретінде ашылды.
Ауданымызда мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді 100% тәрбиемен қамту жүзеге асырылуда, себебі сапалы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту балалардың әлеуметтік жағдайы мен тұратын орнына қарамастан барлық балаларға берілуі тиіс.

 

Парақтар өзгертілді: 11-10-2017