Экономикалық саясат

kn Прогноз социально-экономического развития Катон-Карагайского района ВКО на 2014–2018 годы *.doc 5 Mb
kn Катонқарағай ауданы бойынша ауылдық елді-мекендерге 2009-2016 жылдар аралығында жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы мәліметp *.xls 30 Kb
kn Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы *.doc 56 Kb
kn Катонқарағай ауданы бойынша ауылдық елді-мекендерге 2009-2016 жылдар аралығында жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы мәлімет *.xls 30 Kb
kn План мероприятий по реализации Программы развития Катон-Карагайского района на 2016 - 2020 годы *.xls 232 KB
kn Катонқарағай ауданының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы №10 хаттамасы *.doc 41 KB
kn ПРОГРАММА развития территории Катон-Карагайского района на 2016-2020 годы *.doc 10 MB
kn Катонқарағай ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындылары және 2015 жылғы міндеттері туралы *.doc 66 KB
kn 2014 жылға бөлінген бюджет қаражаттарының игерілуі *.xls 478 KB
kn 2014 жылға арналған ауылдық округ әкімдерінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің рейтинг нәтижелері туралы *.doc 33 KB

 

Мемлекетік сатып алулар» заңнамасына жаңа енгізулер

«Катонқарағай ауданының экономика және қаржы бөлімі» Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының хатына сәйкес, төмендегідей ақпарат ұсынады.
2015 жылдың 04 желтоқсанында Мемлекет басшысымен ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» №434-V Заңға (бұдан әрі - Заң) қол қойылғанын және 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді
Бұл Заң Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сонымен қатар, Ұлт Жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» аясында қабылданды.

2015 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің №648 бұйрығымен жаңа Мемлекеттік сатып алуларды іске асыру ережесі бекітілді (бұдан әрі-Ереже), ол да Заңмен қатар 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Жаңа Заңға және жаңа Ережеге сәйкес, мемлекеттік сатып алу веб-порталына жаңа платформа қолданысқа енгізілді.

Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау сатысында, ұлғайтылған бағалармен бюджетті жоспарлау мәселесі орын алған. Бұл мәселені шешу үшін, Заңмен тек электронды форматта шарт жасасу енгізіліп отыр. Бұл веб- порталда сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша толық және нақты ақпаратты қалыптастыруға және олардың орташа сатып алу бағаларын («Бағалар модулін») анықтауға мүмкіндік береді.

Осылайша, мемлекеттік ұйымдардың бюджеттері заңға жаңа енгізулерге дейін болған, прайс-парақтардың негізінде емес, веб-порталда қалыптастырылған, орташа сатып алу бағаларының негізінде қалыптасатын, сондай-ақ, бюджетті жоспарлау үшін  бағдар ретінде қызмет ететін болады.

Бағалар модулімен тағайындалған диапазоннан асқан бағалармен шарттар жасалған жағдайда, автоматты түрде тәуекелдерді басқару жүйесі іске қосылатын болады, бұл тексеру жүргізу үшін негіздеме болып табылады.
Мемлекеттік сатып алуларды уақытылы өткізбеу мәселесі, Заңмен, мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлеу жолымен шешілді. Атап айқанда, Тапсырыс берушілерге тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде, бюджет бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алуды өткізу мүмкіндігі беріледі. Және де, шарт жеңімпазға тек тиісті бюджет бекітілгеннен кейін ғана жіберіледі.

Заңмен техникалық өзіндік ерекшелігін алдын-ала талқылау енгізілді. Бұл әлеуетті өнім берушілерге алдын ала техникалық өзіндік ерекшелігімен танысуға және қажет болған жағдайда конкурстық құжаттаманың «орындалмайтын» шарттарын  талқылауға  мүмкіндік береді.

Өтінімдерді қарау сатысында, өтінімдерді негізсіз қабылдамау мәселелері орын алған, бұл сатып алуларды өтпеген ретінде тануға әкеліп соғады.
Бұл мәселе келесі нормаларды қолдану жолымен шешілген.

Бірінші, Сатып алуға қатысушыларға өтінімдерді ашқаннан кейін өзара құжаттарды көруге мүмкіндік берілген. Басқаша айтқанда, енді сатып алуға қатысушылар олардың бәсекелестерімен өтінімдерге қандай құжаттар салынғанын қарай алады. Бұл тапсырыс берушілермен қабылданған шешімдердің негізділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Екінші, нақты себептерді көрсетпей, өтінімдерді қабылдамау тапсырыс берушілермен жиі жіберілетін бұзушылықтар болып табылады. Осы тұста, Заңмен тапсырыс берушілерге растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, өтінімдерді қабылдамау себептерін егжей-тегжейлі сипаттауы  міндетті белгіленген. Осы талаптарды орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексімен лауазымдық тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі қаралады.
Үшінші, әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестікті дамытуға кедергі болатын, ол бір көзден алу тәсілімен (тікелей шарт жасасу жолымен) мемлекеттік сатып алуды өткізуге мүмкіндік беретін нормалар, яғни конкурстық рәсімдерді өткізбей өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды. Осыған байланысты, Заңмен, осындай сатып алулар үшін негіздемелердің саны 68 ден 54 позицияға дейін қысқартылған.

Сонымен қатар, бір көзден алу тәсілімен сатып алуларға талаптар күшейтілген. Енді, тапсырыс берушілер, сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру қажеттілігін негіздеулері қажет. Осындай сатып алу қорытындылары бойынша есеп дайындауға міндетті. Есепте өнім берушіні таңдаудың негіздемелері, мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағалары қамтылуы тиіс және ол веб-порталда орналастырылуы қажет.
Мемлекеттік сатып алудың қорытындысын шығару және шарт жасасу сатысында, оларға шағымданумен мәселелер туындап келген. Сонымен, бұрын қорытындыға шағымдану келісім шартты жасасуды тоқтатпаған, бұл тапсырыс берушілерге заңнаманы бұзушылықтармен жүргізіліп отырған сатып алуларды іске асыруға жол беріп келген. Енді, жаңа Заңға сәйкес, мемлекеттік сатып алу қорытындысына шағым жасалған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Сондай-ақ, жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті өнім берушілердің келісім шарт жасасудан жалтаруы мәселесі туындап келеді. Және де осындай фактілер жалпылық  сипатты алып отыр.
Енді, жаңа Заңға сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер, автоматты түрде веб-порталмен, шарт жасасудан жалтарған күні, Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне (бұдан әрі-Тізілім) енгізілетін болады.

Сонымен, егер сатып алу жеңімпазымен өзінің электрондық - сандық қолтаңбасын қолдана отырып, 3-күн ішінде шартқа қол қойылмаса, төртінші күні ол Тізілімнің қатарынан табылатын болады.
Және де, шарт жасасудан жалтару жалпылық сипатты алып отырғанын ескере келе, сандай-ақ, мемлекеттік сатып алулардың іске асырылуына кедергі келтірілмеуі мақсатында, Заңда «екінші жеңімпаз» ұғымы енгізілген. Сонымен, жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, екінші орын алған әлеуетті өнім берушімен шарт бекітілетін болады, ол да, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, автоматты түрде веб-порталмен Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізілетін болады.

Шартты орындау сатысында тауар, жұмыс, қызметті негізсіз қабылдап алудан негізсіз бас тарту және уақытылы төлем жасамау мәселесі орын алған. Бұл мәселені шешу үшін, Заңмен келесі нормалар көзделген: электронды есеп-фактуралар, тауарды жеткізуге электронды жүкқұжаттар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге электрондық актілер енгізілуде. (2017 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі). Бұл шара веб-портал арқылы тауардың жеткізілуі, жұмыстың орындалуы, қызметтің көрсетілуі фактісі тіркеліп отыруына мүмкіндік береді; Заңмен өнім берушіге толық төлем жүргізу үшін шарттық міндеттемелер орындалған күннен бастап 30 күннен аспайтын мерзім белгіленген.

Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету аясында, Заңмен, мемлекеттік құпияларды құрайтын сатып алуларды қоспағанда, 100 пайыз мемлекеттік сатып алулар электронды форматқа ауыстырылады.
Сатып алу үрдістерін толық автоматтандырумен қатар, дистанционды бақылау жүргізу мүмкіндігі пайда болды, осыған байланысты, Заңмен уәкілетті мемлекеттік органның тарапынан камералдық бақылау жүргізу нормалары енгізілді.
Заңмен және Ережемен мемлекеттік сатып алуды оңайлатуға және ашық түрде өткізілуіне бағытталған басқа да бірқатар нормалар қарастырылған, нәтижесінде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және мемлекеттік сатып алу үрдісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Экономика және қаржы Ж.Большманова
бөлімінің басшысы

 

 

Парақтар өзгертілді: 13-03-2017