Жергілікті атқарушы органдар

Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мемлекеттік мекемесі

Сарсенбаева Жанар КабидолдиновнаСарсенбаева Жанар Кабидолдиновна

1975 жылы 15 желтоқсанда ШҚО, Катонқарағай ауданы, Қатонқарағай ауылында дүниеге келді.
1994 жылы Семей қаржы-экономикалық техникумды қаржы қызметкері мамандағы бойынша  аяқтап, 2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясы экономист мамандығы бойынша жоғары білім алды.
Еңбек жолың 1994 жылы Катонқарағай ауданының агроөнеркәсіптік комплекті қаржыландырудың аға экономисті ретінде бастады. 1997 жылы Катонқарағай ауданының бюджеттік бөлімінің бас маманы болып тағайындалды. 2010 жылы Катонқарағай ауданының қаржы бөлімінің бастығы лауазымына қабылданды. 2015 жылдан бастап  Катонқарағай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысының орынбасары болды.
2019 жылғы 25 сәуірдегі Катонқарағай ауданының біріңғай конкурстық комиссиясының шешімімен Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы лауазымына ұсынылды. 2019 жылғы 25 сәуір № 73-ж Катонқарағай ауданының әкімі өкімімен Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері:  сәрсенбі сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін

Мекен – жайы: Үлкен Нарын ауылы,  Шулятиков көшесі 66 үй 
Байланыс телефондары: 8 (72341) 2-70-50
Электрондық почта:kkb-vko@mail.kz

Сенім телефоны: 8(72341)2-70-50

«Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ-сі туралы

Бөлімнің миссиясы: Катонқарағай ауданы аумағында кәсіпкерлік, өнеркәсіп  және туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету.

Бөлімнің міндеттері:
1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады.
2) Катонқарағай ауданы аумағында сауда қызметін реттейді.
3) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың Біріңғай бағадрламасын іске асыруымен.
4) Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына қатысу.
5) туристік қызметті дамыту мәселелері жөніндегі мемелекет саясатының негізгі бағыттарын іске асырады.
6) туристік қызметке жәрдемдеседі және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Бөлімнің функциялары:
1) Катонқарағай  ауданы аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды
2) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi
3) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді.
4) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастырады.
5) шағын және орта кәсіпкерлік сұрақтары бойынша жиналыстар ұйымдастыру және өткізу.
6)  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру.
7)  әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары мөлшерiнiң сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
8) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады.
9) кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туристік  кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзеді және оны Шығыс Қазақстан облысының жергiлiктi атқарушы органына береді.
10) әкімшілік кедергілерді жою бойынша  жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру .
11) тауар, жұмыс және қызмет сатып алуда қазақстандық ұстанымның үлесін арттыру бойынша жұмыстарын активтендіру мақсатында мемлекеттік кәсіпорындардың  мониторингін жүргізу.
12) стационарлық емес сауда нысандарын орналастыру орындарын бекіту.
13) Катонқарағай ауданының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады
14)  Катонқарағай  ауданы аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың жергілікті атқарушы органына береді.
15) аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді.
16)  Катонқарағай  ауданы аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді.
17) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді.
18) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді.
19) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан    Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20) туристік ақпарат орталығын құрады.

«Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ-нің қызметкерлерінің тізімі

А.Т.Ә.

Лауазымы

Жұмыстелефоны

Электрондық мекенжайлары

1

Сарсенбаева Жанар Кабидульдиновна

Бөлім басшысы

2-70-40

zh.sarsenbaeva@akimvko.gov.kz

2

Медиев Эльдар Нурлубекович

Бас маман

2-94-40

e.mediev@akimvko.gov.kz

3

Жансыбаева Динара Каирбековна

Бас маман

2-94-40

d.zhansybaeva@akimvko.gov.kz

4

Аскарова Жанна Дүйсенбекқызы

Бас маман

2-70-40

zh.duspek@akimvko.gov.kz

5

Касенов Данияр Муратович

Бас маман

2-70-40

d.kasenov@akimvko.gov.kz

6

Талиашвили Заур Рустамович

Маман

2-70-40

 

7

Оралбекұлы Раджан

Іс жүргізушісі

2-70-40

 

8

Смаилова Роза

Есепші

2-13-55

 

Сенім телефоны: 8(72341) 2-70-40

kn План работы по устранению административных барьеров по Катон-Карагайскому району на 2-е полугодие 2016 года *.doc 38 Kb
kn Ақпарат Катон-Қарағай ауданы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы филиалының 2015 жыл және 2016 жылдың 4 ай көлемінде атқарған жұмысы туралы *.doc 48 Kb
Парақтар өзгертілді: 05-06-2019