Жергілікті атқарушы органдар

Катонқарағай аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Нұрмолдин Рауан ҚамбарұлыКатонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрмолдин Рауан Қамбарұлы.

1985 жылы 07 қыркүйекте  Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданы  Большенарым ауылдында дүниеге келген. 2008 жылы  «Алматы энергетика және байланыс институты» коммерциялық емес АҚ инженер  мамандығы бойынша бітірді.
2008-2010 жылдары Астана қаласында «Ақмола энегрия жөндеу» ЖШС-де өнідістік техникалық құрылымның жетекеші инженері, 2010 жылы Катонқарағай ауданының маслихатында  жетекші маман, 2011 жылы Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының, бас маманы, 2012-2013 жылдың шілде айына дейін аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет атқарды.
2013 жылдың шілде-тамыз айларында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, 2013 жылдың тамыз айынан 2017 жылдың мамыр айының 31 дейін Аққайнар ауылдық окургінің әкімі лауазымына тағайындылып жұмысын атқарды.
2017 жылдың маусым айынан бастап ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Үйленген, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

kn  Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері:күнделікті сағат 09.00-ден-18.00-ге дейін
kn  Мекен-жайы: Үлкен Нарын ауылы  Абылайхан көшесі 113-1
Байланыс телефоны:
8(72341)2-12-90,2-90-20
Электорндық почта: 
Katonpolitika@katon-karagay.vko.gov.kz

Катонқарағайаудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміқызметкерлерініңтізімі

А.Т.Ә. Лауазымы Жұмыстелефон Электрондықмекенжайлары
1 Нурмолдин РауанКамбарович Бөлімбасшысы 8(72341)2-90-20 R.Nurmoldin@akimvko.gov.kz
2 КанафинаЖанараНурлыхановна Бөлімбасшысыныңорынбасары 8(72341)2-13-55 Zh.kanafina@akimvko.gov.kz
3 ЖексембаеваНазгульАльбековна Бөлімнің бас маманы 8(72341)2-11-52 N.zheksembaeva@akimvko.gov.kz
4 ЖолаушиноваЖанарСайранбековна Бөлімнің бас маманы 8(72341)2-11-52 Zh.zholaushinova@akimvko.gov.kz
5 КененоваГульмираТлеукановна Бөлімнің бас маманы (АХАЖ жұмыстарыбойынша) 8(72341)2-23-57 G.kenenova@akimvko.gov.kz
6 Магзиева Меруерт Бабахановна Бөлімнің бас маманы (мәдениетбойынша) 8(72341)2-12-90  
7 Нурсеитов АлмазМамбетович Бөлімніңжетекшімаманы (тілдербойынша) 8(72341)2-12-90 A.nurseitov@akimvko.gov.kz
8 Нуриманова Айгуль Токтаргазиевна Бөлімнің дін істері бойынша маманы 8(72341)2-12-90  
9 Тугельбаева Кымбат Оралкановна Бөлімініңіс қағаздарын жүргізуші 8(72341)2-23-57 K.tugelbaeva@akimvko.gov.kz

Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

«Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халықтар бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, ауданның ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын, мәдениет және тілдерді қолдау және дамытуға бағытталған мемлекет саясатын жүзеге асырады.
«Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімінің» функциялары: 

1) Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырады; 
2)Аудандағы діни жағдайға зерделеу және талдау жүргізеді;
3) Діни іс-әрекеттер мен діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша дін іс-әрекеттері саласындағы уәкілетті органдарға  ұсыныстар жасайды;
4) Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
5) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;
6) Катонқарағай  ауданы аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің пайдалануына  (тігілуін, орналастыру) бақылау жасайды;
7) Жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
8) Ауданның, сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
9)Ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы  және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;
11)Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
4) Өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
5)  Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша  кеңес беру;
6)  Жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
7) Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

 

 

Парақтар өзгертілді: 04-10-2017