Жергілікті атқарушы органдар

Катонқарағай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы - бос орын


kn  Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері: бейсенбі сағат 09.00-ден-18.00-ге дейін


kn  Мекен-жайы:
Үлкен Нарын ауылы Абылайхан көшесі 87 үй
Сенім телефоны: 8(72341) 2-12-37
Электрондық почта:

Катонқарағай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қызметкерлерінің тізімі

А.Т.Ә. Лауазымы Жұмыстелефон Электрондықмекенжайлары
1   Бөлім басшысы 2-12-37  
2 Қайсанов  Айдын Асхатұлы Бас маман 2-18-78 a.kaisanov@akimvko.gov.kz
3 Баисов Рахат Ермекович Бас маман 2-18-78 r.baisov@akimvko.gov.kz
4 Жаксалыков Лукпек Турсынканович Бас маман 2-23-74 l.zhaksalykov@akimvko.gov.kz

Катонқарағай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

ШҚО Катонқарағай ауданының тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Катонқарағай ауданының атқарушы органдардың бірыңғай жүйесіне енеді, жалпымемлекеттік саясатты жүргізуді жүзеге асырады және аудандық органның атқарушы билігінің қызметін қамтамасыз етуге байланысты өзінің құзырынан тысқары мәселелерді шешеді.Бөлімнің қағидасы аудандық әкімдікпен бекітіледі. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, басқа да нормативтік-құқықтық актілер мен өзі жұмыс істеп отырған регламентке сүйенеді.
Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аудан әкімі мен аудандық әкімдіктің жұмысын қамтамасыз ететін  мемлекеттік мекеме. Бөлімнің құзырына сумен қамту, жылумен қамту, елді мекендерді абаттандыру мен санитарлық тазалығын сақтау, аудан аумағындағы автомобиль жолдарының жұмысы, сонымен қатар пошта және телефон байланысын қадағалау жұмыстары енеді.

«Катонқарағай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ функциялары:
1) тұрғын  үй қорын сақтау және тиісінше  пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
2) жылу  желілеріндегі (магистральдық,  орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жүргізеді;
3) жылу  желілерін  (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келіседі;
4) жылу  желілерін  дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру  жұмыстарын жүзеге асыруды және олардың күзгі – қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады;
5) жолаушылар мен багажды тұрақты  қалалық  (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекітеді, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткізеді, маршруттар бойынша жүру кестелерін бекітеді;
6) жолаушылар мен багажды  тұрақты қалалық  (ауылдық),  қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізеді;
7) Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  сатып алу туралы және концессиялар туралы актілеріне сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
8) Автомобиль   жолдарының   (көпір  өткелдерінің)  учаскелерін концессияға беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүріп өту үшін мөлшерлемелердің мөлшерін әзірлейді;
9) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін, елді мекендердің көшелерін басқарады;
10) Шығыс  Қазақстан облысы Катонқарағай   ауданы  аумағындағы аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, ауылдарға және өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
11) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Парақтар өзгертілді: 29-10-2019