Жергілікті атқарушы органдар

Катонқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

Молдабаев Болат Адрышұлыkn Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы - Молдабаев Болат Адрышұлы.

1970 жылы 10 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданы Новоберезовка ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ.

1992 жылы Өскемен құрылыс жол институтын бітіріп өндіріс және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша инженер-строитель деген біліктілік берілді. Еңбек жолын 1992 жылы Большенарым ауданы Новоберезовка ауылында В. И. Ленин атындағы ұжымдық шаруашылығында № 1 өндірістік учаскесінің есепшісі ретінде жұмыс істеді. 1996 жылдан «Бекет» шаруа қожалығында есепші болды. 2003 жылдан бастап Катонқарағай ауданының әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бойынша бас маманы, содан 2004 жылы Катонқарағай ауданы сәулет, құрылыс, тұрмыстық –коммуналдық шаруашылық және жолдарды дамыту бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2008 жылдан Катонқарағай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы болды. 2008 жылы Катонқарағай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып тағайындалды. 2010 жылдан бастап Катонқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

kn  Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау: күнделікті сағат 9.00-ден – 18.00-ге дейін


kn  Мекен-жайы:
Үлкен Нарын ауылы Абылайхан көшесі 114-11
Байланыс телефон: 8 (72341) 2-23-73
Электрондық почта:archkaton@mail.kz

«Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі– Қазақстан Республикасының құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Катонқарағай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімнің функциялары:

1) аудан елді мекендерінің бас жоспарларының кешенді сұлбасын заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға қатысу ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 26 - бабы                    1) тармақшасы;
2) аумақтағы жоспарланған құрылыс немесе басқа да қала құрылысы өзгерістері туралы тұрғындарға ақпарат беру ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 26 - бабы                       5) тармақшасы;
3) пайдалануға берілген объектілерді (кешендерді) заңнамамен белгіленген тәртіпте қабылдап алу бойынша жұмыстарға қатысу ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 26- бабы 9) тармақшасы;
4) аудан аумағындағы қала құрылысы даму сызбасын, сондай-ақ аудан аумағында орналасқан кенттер мен өзге де елді мекендердің бас жоспарының жобаларын жасауға және дайындауға қатысу, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген құжаттарды аудан мәслихатында бекіту үшін дайындау ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 26- бабы 12) тармақшасы;
5) Қазақстан Респбликасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте салынып жатқан (салынуы жоспарланған) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 26-бабы 14) тармақшасы;
6) қала құрылысы жобасын жасауға қатысу ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 26- бабы 13) тармақшасы;
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларын біріңғай мемлекеттік саясатпен қамтамасыз ету ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 26-бабы 17) тармақшасы ;
8) аудан аумағындағы бюджет есебі қаржысынан күрделі жөндеуге, қайта құруға, құрылысқа тиісті ғимараттар және құрылыс жобалары жобалық-сметалық құжаттарын қарау жәнее келісу ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 26-бабы 16) тармақшасы;
9) аудан аумағындағы сәулет-қала құрылысы кешенімен, жергілікті атқарушы органдармен құрылыс өндірісімен айналысатын өндіріс құрылыс материалдары кәсіпорындарымен ғылыми-зерттеу және жобалық-іздестіру ұйымдарымен, кәсіпкерлік және коммерциялық құрылымдармен өзара әрекеттесіп басқару ҚР «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы;
10) мекеменің алдына қойылған тапсырмаларды орындауға бағытталған мемлекеттік қаржыны реттеуде ұсыныс жасау (ҚР «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару  және  өзін-өзі басқару  туралы» Заңы);
11) аудан аумағындағы сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырған мемлекеттік кәсіпорындар жұмысын үйлестіру ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы ;
12) аудан бюджеті қаржысы есебінен құрылыс объектілері бірыңғай тапсырыс берушінің қағидаларымен сөз сөйлейді ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31- бабы        1) тармағының 6) тармақшасы;
13) аудандағы елді мекендердің аудандық орналастыру сызбаларын, бас жоспарларын егжей-тегжейлі орналастыру жобаларын жасау ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31- бабы 1) тармағының 6) тармақшасы;
14) аумақтың құрылыс салу, көркейту және инженерлік қамтамасыз ету тұрғын үй қорын, басқа да аумақ құрылысын, ғимаратын сақтау және ұстау ережелерін жасау ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 26- бабы 7,10) тармақшалары ;
15) құрылыс үшін немесе басқа да қала құрылысына игеруге қарамағындағы аумақтағы жер телімдерін таңдауға, беруге, заңнамалық актілерде қаралған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктер үшін алу бойынша жергілікті атқарушы органдардың жобаларын жасауға қатысуға ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 26 бабы              

15) тармақшасы;
16) Бөлім қолданыстағы заңнамаға қарсы емес және өз міндеттерінен шығатын басқа да қызметтерді атқарады ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 26 бабы 17) тармақшасы;
17) мемлекеттік коммуналдық тұрғын үйқорының құрылысы және (немесе) сатып алу ҚР «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі  басқару туралы» Заңының 31 бабы 1) тармағының 12) тармақшасы.

Катонқарағай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі қызметкерлерінің тізімі

№ п/п Ф.И.О Должность Рабочий телефон Электронный адрес
1 Молдабаев Болат Адрышұлы бөлім басшысы 2-23-62 b.moldabaev@akimvko.gov.kz
2 Абдиргалиева Гульмира Разинқызы бас маман 2-23-73 g.abdirgalieva@akimvko.gov.kz
3 Тәупихова Нәзгүл Болатқызы бас маман 2-23-73 n.taupihova@akimvko.gov.kz
4 Кұсайынова Ляззат Нұрланбекқызы бас маман 2-23-73 l.kusainova@akimvko.gov.kz

 

 

Парақтар өзгертілді: 05-10-2017