Жергілікті атқарушы органдар

Катонқарғай ауданының ветеринария бөлімі

Кезембаев Алмас СабитовичknКатонқарғай ауданының ветеринария бөлімінің басшысы Кезембаев Алмас Сәбитұлы.

1976 жылдың10 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданының Большенарым ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1999 жылы Семейдің зоотехникалық мал дәрігерлікинститутын бітіріп мал дәрігерлігі медицинасы зооинженер мамныдқтар бой ынша мал дәрігері-зооинженер деген біліктілік берілді.
Еңбек жолын 1999 жылы «Даулет» шаруа қожалығында ветеринарлық дәрігер болып бастады. 2004 жылдан Ново-Поляковка ауылдық округінің аудандық аумақтық басқармасында мемлекеттік ветинспектор болып істеді. 2010 жылдан Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің жетекші сосын бас маманы ретінде жұмыс атқарды.
2013 жылдың  тамыз айынан бастап Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің басшысының орынбасары болды.
2014 жылдың мамыр айынан бастап Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы болып тағайындалды. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

2015 жылдың 1 сәуір бастап Катонқарғай ауданының ветеринария бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

knКатонқарағай ауданының ветеринария бөлімі

«Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының ветеринария бөлімі» Мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органы болып табылады, Ветеринария бөлімінің  жұмыстары адамдар денсаулығы үшiн аса қауiптi және ауыл шаруашылығы малдары ауруларының алдын-алу бойынша  «Ветеринария туралы»  Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдесiндегi № 339-ІІ Заңына сәйкес жүргiзiледi, негізгі міндеттері мыналар:
жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
тұрғындар денсаулығын, жануарлар  және адамдар  арасындағы  ортақ аурулардан қорғау
қала аумағында мал дәрiгерлік-санитарлық қауiпсiздiқті қамтамасыз ету болып табылады.

kn «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданыныңветеринария бөлімі» ММ функциялары:
1) облыстың жергілікті өкілдік органына жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, жануарларды ұстаудың санитарлық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізу;
2)  қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
3) ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп  ұстауды қамтамасыз ету;
4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринарлық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;   
7) жануарлардың саулығы мен адамның  денсаулығына  қауіп төндіретін  жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдерді алып қоймай  залалсыздандыру (зарарсыздандыру)  және қайта өңдеу;
8) жануарлардың саулығы мен адамның  денсаулығына  қауіп төндіретін, алып қоймай  залалсыздандрылған (зарарсыздандырылған)  және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
9) аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
10) аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
11) тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру;
12) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру;
13) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнінде дерекқор жүргізу;
14)  ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және облыстың және қаланың жергілікті атқарушы органдарына ақпарат беру;
15) ветеринарлық есеп пен есептілікті жүргізу, жинақтау, талдау және оларды Қазақстан  Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың жергілікті атқарушы органына табыс ету;
16)  облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринарлық     іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
17)  облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты  есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
18)  ветеринарлық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринарлық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
19)  облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринарлық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;   
20)  ауру жануарлардысанитарлықсоюдыұйымдастыру;

 

Катонқарағай ветеринария бөлімі қызметкерлерінің тізімі

А.Т.Ә. Лауазымы Жұмыстелефон Электрондықмекенжайлары
1 Кезембаев Алмас Сабитович Бөлімбасшысы 2-94-35
2-70-47
a.kezembaev@akimvko.gov.kz
2 Асангалиева Айгуль Атруановна Бас маман/есепші 2-94-35
2-70-47
a.asangalieva@akimvko.gov.kz
3 Калиахметов Ерахмет Бидахметович Бас маман 2-94-35
2-70-47
e.kaliakhmetov@akimvko.gov.kz
4 Рахимов Алмат Болатбекулы іс жүргізу инспекторы 2-94-35
2-70-47
a.rakhimov@akimvko.gov.kz

 

kn  Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері: сәрсенбі сағат 09.00- ден -18.00-ге дейін


kn Сенім телефоны: 8 (72341) 2-94-35
knЭлектрондық  мекенжай: a.kezembaev@akimvko.gov.kz 

 

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2017