Жергілікті атқарушы органдар

Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Токсанова Лаура ЖумакановнаknЖұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Тоқсанова Лаура Жұмақанқызы.
1962 жылы 3 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Белое ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1986 жылы Өскемен педогогикалық институтын бітіріп қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиет мамандығы бойынша қазақ мекткптеріндегі орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі деген біліктілік берілді. 2008 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін бітіріп заңтану мамандығы бойынша заңтану бакалавры академиялық дәрежесі берілді. Еңбек жолын 1979 жылы Катонқарағай ауданының Чернова орта мектебінде аға  пионервожатый болып бастады. 1984 жылы Катонқарағай ауданының Чернова орта мектебінде  орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, содан кейін осы мектептің ұйымдастырушы ретінде жұмыс атқарды.
1987 жылы Катонқарағай аудандық комсомол комитетінің хатшысы, кейінен Катонқарағай аудандық компартия комитетінің нұсқаушысы лауазымдарын атқарған. Ал 1997 жылы Катонқарағай аудандық енбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымында болып, 2005 жылдың қаңтар айынан Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
2007 жылдың маусым айынан бастап Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. 2011 жылдың ақпан айынан аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. 2014 жылдың мамыр айынан бастап Катонқарағай ауданының білім беру бөлімінің басшысы. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 2015 жылдың 1 сәуір бастап Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2015 жылдың 8 қыркүйек айынан бастап жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

kn Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері: сейсенбі, бейсенбі, сағат 9.00-ден – 18.00-ге дейін.

kn Мекен-жайы:
Үлкен Нарын ауылы Абылайхан көшесі 109 А
Байланыс телефондары: 8 (72341) 2-14-53, 2-93-99.
Электрондық почта: Katonsobes@katon-karagay.vko.gov.kz

Сенім телефоны: 8 (72341) 2-94-53
Электрондық  мекенжай : a.nabieva@akimvko.gov.kz

Катонқарағайжұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі қызметкерлерінің тізімі

А.Т.Ә. Лауазымы Жұмыстелефон Электрондықмекенжайлары
1 Токсанова Лаура Жумакановна Бөлім басшысы 2-14-53 l.toksanova@akimvko.gov.kz
2 Набиева Алмагуль Карымовна Бөлім басшысының орынбасары 2-94-53 a.nabieva@akimvko.gov.kz
3 Алипбаева Динара Жиенболовна Бас маман 2-70-34 d.alipbaeva@akimvko.gov.kz 
4 Елюбаева Маржан Аргыновна Бас маман 2-91-55 m.elyubaeva@akimvko.gov.kz
5 Куконева Бакыт Алимхановна Бас маман 2-91-55 b.kukoneva@akimvko.gov.kz 
6 Килибаева Гульжанар Жетекші маман 2-95-91 g.kilibaeva@akimvko.gov.kz 
7 Мусина Роза Хамитовна Бас есепші 2-93-99 r.musina@akimvko.gov.kz
8 Сарсембина Аимгуль Есепші 2-93-99 a.sarsembina@akimvko.gov.kz
9 Акказина Жанар Нурсолтановна іс жүргізушісі 2-14-53 zn.akkazina@akimvko.gov.kz

Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі

«Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі » Мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бағдарламаларды  жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады,  негізгі міндеттері мыналар: Катонқарағай ауданының  халқының  әр түрлі санаттары мен деңгейіне  сапалы әлеуметтік қызметтер  ұсынатын  мемлекеттік мекеме. Аудан халқының өмір сапасы мен деңгейін арттыруға, аз қамтылған азаматтар санын және жұсмыссыздық деңгейін төмендетуге септеседі.

«Шығыс Қазақстан облысы бөлімі Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ функциялары:
1)   жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;
2)  халықты әлеуметтік қорғау,  аналық және балалықты қорғау бойынша мәселелерді шешеді, халықтың әлжуаз топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді, оларға қайырымыдылық көмек көрсетуді үйлестіреді. 
3) халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастырады;
4)  кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдайды;
5)  әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
6)   жастар тәжірибесін ұйымдастырады;
7) арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
8) мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырады және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасы заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет көрсету

  1. Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою
  2. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны төлеу, куәлік беру
  3. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу
  4. Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету
  5. Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау
  6. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  7. Мүгедектерге кресло-арбалар беру
  8. Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету
  9. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу
  10.  Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу
  11. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау (альтернативтік)
  12. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу
  13. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау (альтернативтік)
  14. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру
  15. Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру (ЦОН арқылы)
  16. Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру
  17. Тұрғын үй көмегін тағайындау (ЦОН арқылы)

kn  Мемлекеттік қызметтер көрсетудің мекен-жайы:
«Катонқарағай ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі
Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Аблайхан көшесі, 109 а
Анықтама телефондары: 2-91-55, 2-70-34, 2-95-91, 2-93-99

 

Парақтар өзгертілді: 27-09-2017