Жергілікті атқарушы органдар

Kатонқарағай ауданының жер қатынастары бөлімі

knКатонқарағай ауданының жер қатынастары болімінің басшысы - вакансия

 

knОрындайтын қызметтерi : Жер қатынастары саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу. Жер қатынастары саласындағы нормативтік-құқық актілердің орындалуын бақылау. Өңірдегі жер қатынастарын дамыту бойынша аудандық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыру. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер телімдерін беру, мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер телімдерін алу, жер телімдерін зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында пайдалану үшін рұқсат беру шешімдерін ұсыну және жобаларын әзірлеу. Жалға алу бойынша кадастрлық (бағалау) құнын, жалға алу бағаларының есептерін бекіту. Аудан жерлерін тиімді пайдалану бойынша жобалар мен сызбаларды әзірлеуді, жерлерді қорғау және пайдалану мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламаларға, жобаларға, сызбаларға, сараптама жүргізуді ұйымдастыру. Мемлекеттік жеке  меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлік (бағалау) құнын бекіту.

knКатонқарағай ауданының жер қатынастар бөлімі туралы

«ШҚО Катонқарағай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер қатынастарын реттеу функциясын орындуға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
ШҚО Катонқарағай ауданының жер қатынастары бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына,  2003 жылғы  20 маусымдағы  № 442  Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, 1997 жылғы 16 сәуірдегі  № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы», 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 «Мемлекеттік қызмет туралы», 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,             2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарына, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексіне және өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы  Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

knБөлімнің негізгі міндеттері:

1) жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясат және жер реформасының негізгі бағыттарын жетілдіру және терендету;
2) қалалық атқарушы органның құзыретіне жататын жер телімдерін беру және қайтарып алу құжаттарын дайындау;
3) жерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын жоғарылату, жер ресурстарын қорғау жөніндегі бағдарламаларды жасау болып табылады.

knБөлім функциялары:

1) иесіз жер телімдерін есепке алу;
2) қаланың генералдық жоспарына сәйкес қаланың жергілікті атқарушы органының жер телімдерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
3) мемлекетт мұқтаждары үшін жер телімдерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайыңдау;
4) жер телімдерін бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
5) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер телімдерін кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
7) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудаңдардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
8) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;
11) қаланың жер балансын жасау;
12) жер телімдерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
13) жер телімдерін құқықты теңестіру құжаттар беру;
14) жер телімдерін бар немесе жоқ екендігі туралы анықтамалар беру;     
15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің паспорттарын беру;
16) жер телімдерін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді өтеусіз пайдалану шарттарын жасау;
17) Жер Кодекстің 71-бабына сәйкес қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жүмыстарын жүргізу үшін жер телімдердін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
18) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау жатады.
19) Қаланың әлуметтік-экономикалық өсу рейтингі, баға анализі және бақылау мониторинг көрсеткіші жүзінде асырылуда.
20) Стратегиялық және бөлім оперативті жоспардың көтерілу мақсатын, тапсырмасы және белгілі стратегиялық жоспардың көрсеткіші жүзеде асырылуда.
21) «Мемлекеттік мүлік» Қазақстан  Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік мұқтаждығына берілген және жер телімдерден айыру, шығынның өтемін төлеуіне қаулысының жобаларын бекіту.
22) Мемлекеттің мұқтаждығына жер телімдерін  алуға, мүліктен айруға ұсыныс енгізу және мәжбірлеу шараларын тоқтату.

 

knКатонқарағай жер қатынастары бөлімі қызметкерлерінің тізімі

№ п/п А.Т.Ә. Лауазымы Жұмыс телефон Электрондық мекен жайлары
1 вакансия Бөлім басшысы 2-12-37 b.kanapin@akimvko.gov.kz
2 Асетова Аида Саяхатовна Бас маман 2-19-06 a.asetova@akimvko.gov.kz
3 Ақылбекұлы Эльдар Бас маман міндетін атқарушы 2-19-06 e.akylbekuly@akimvko.gov.kz
4 Шиналиева Айгуль Каримжановна Бағдарламашы 2-19-06 ozo_katon@mail.kz
5 Оналбаева Гулжан Бауржанқызы Есепші 2-19-06 ozo_katon@mail.kz
6 Коргамбаев Мурат Сакенович жүргізуші 2-19-06 ozo_katon@mail.kz
7 Ускембаев Асхат Мухаметкалиевич Іс жүргізу инспекторы 2-19-06 ozo_katon@mail.kz

 

kn  Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау: дүйсенбі, сәрсенбі сағат 9.00-ден-18.00-ге дейін.


kn  Мекен-жайы:
Үлкен Нарын ауылы Абылайхан  көшесі 91 үй
Байланыс телефоны: 8 (72341)2-19-06
Электрондық почта: Katonozo@katon-karagay.vko.gov.kz

Сенім телефоны: 8(72341)21906
Электрондық мекен жай: ozo_katon@mail.kz

 

Парақтар өзгертілді: 28-01-2019