Жергілікті атқарушы органдар

Катонқарағай ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі

Кошенова Галия Победовна.knБілім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Кошенова Галия Победовна.
1970 жылы 06 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Медведка ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1992 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін математика мамандығы бойынша тәмәмдап, математика, информатика және есептеу техникасының мұғалімі біліктілігі берілді.  
Жұмыс жолын 1992 жылдын тамыз айынан Белое орта мектебінде метематика пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 2004-2010 жылдары аралығында Аксу орта мектебінде директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2010-2012 жылдары аралығанда Аксу орта мектебі директорының міндетін атқарушысы, 2012-2015 жылдар аралығында Аксу орта мектебінің директоры.  2015 жылдың 12 қазанынан бастап Катонқарғай ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 2015 жылдың 14 желтоқсан айынан бастап Катонқарғай ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

knЖеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері: сәрсенбі сағат 09.00-ден- 18.00-ге дейін
knМекен жайы:Үлкен Нарын ауылы Шулятиков көшесі 66
knБайланыс телефондары: 8 (72341) 2-14-40, 2-14-50
knЭлектрондық почта: Katonrayoo@katon-karagay.vko.gov.kz


Катонқарағай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
«Катонқарағай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Катонқарағай ауданы аумағында мектепке дейінгі тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асырады.

Катонқарағай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімініңфункциялары:
1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
4) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
5) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйым­дастырады;
6) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
7) аудан ауқымында жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi;
8) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
10) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;
11) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
12) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
13) негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс беруiн және солармен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
14) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
15) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
16) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
17) балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және халыққа психологиялық- медициналық- педагогикалық консультациялық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
18) жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылым жасайды;
19) аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;
20) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
21) Катонқарағай ауданы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етедi;
22) Катонқарағай ауданы аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
23) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын бередi;
24) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын бередi;
25) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн iске асырады;
26) Катонқарағай ауданы аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
27) Катонқарағай ауданы аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде  облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады;
28) аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастырады және бекiтедi;
29) ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
30) дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi;
31) Катонқарағай ауданы аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi және олардың халыққа қолжетiмдi болуын қамтамасыз етедi;
32) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
33) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспiрiмдер мектептерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;
34) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Катонқарағай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

1.Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау
2.Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету
3. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету 
4. Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу 

5. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою 
6. Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау 
7. Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру 
8. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау 
9. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау 
10. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау 
11. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау 
12. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну 
13. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну
14. Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру
15. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру 
16. Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу 
17. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру 
18. Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру 
19. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру 
20. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру
21. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау
22. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу
23. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау
24. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау
25. Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау
26. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау
27. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау
28. 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру

Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлерінің тізімі

Тегі, аты-жөні қызметі Жұмыс телефоны Электрондық пошта
1 Кошенова Галия Победовна Бөлім басшысы 2-14-40 Katonrayoo@katon-karagay.vko.gov.kz
2 Толукпаев Марат Нурбаевич Бөлім басшысының орынбасары 2-14-50 Katonrayoo@katon-karagay.vko.gov.kz
3 Бозжигитова Гульзира Социаловна Бас маман 2-90-57 Katonrayoo@katon-karagay.vko.gov.kz
4 Көксегенов Жарас Тұрысбекұлы Бас маман 2-90-57 Katonrayoo@katon-karagay.vko.gov.kz
5 Музтауов Бауырлан Бас маман 2-26-22 Katonrayoo@katon-karagay.vko.gov.kz
6 Лисовцева Любовь Ивановна Бас маман 2-26-22 Katonrayoo@katon-karagay.vko.gov.kz
7 Канафина Жадыра Маратовна Бас маман 2-13-92 Katonrayoo@katon-karagay.vko.gov.kz
8 Умытбаева Ляйля Кыдыркановна АӘК-тің меңгерушісі 2-13-92 Katonrayoo@katon-karagay.vko.gov.kz
9 Китакпаева Кульзагия Мамиевна әдіскер 2-13-92 Katonrayoo@katon-karagay.vko.gov.kz
10 Темирбекова Жадыра Саулетовна әдіскер 2-13-92 Katonrayoo@katon-karagay.vko.gov.kz
11 Оралова Гульнара Садыковна әдіскер 2-13-92 Katonrayoo@katon-karagay.vko.gov.kz
12 Зайнулдинов Мирас Рустамұлы әдіскер 2-13-92 Katonrayoo@katon-karagay.vko.gov.kz
13 Жакупова Назигуль Сабыровна әдіскер 2-13-92 Katonrayoo@katon-karagay.vko.gov.kz
14 Раимжанова Гульшахрат Кодаровна әдіскер 2-13-92 Katonrayoo@katon-karagay.vko.gov.kz

 

 

kn Катонқарағай ауданының білім беру бөлімінің 2014 жылғы жұмысы туралы ақпарат *. doc 718 kB

 

Парақтар өзгертілді: 09-10-2017