«Катонқарағай ауданының Достық Үйі» КММ

« Ассамблея еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі.»
Нұрсұлтан Назарбаев.

Гостеева Наталья АлександровнаГостеева Наталья Александровна – 1978 жылы 11-ші қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылында дүниеге келген.
Білімі:Жоғары

Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары.
Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Мекеменің қызметінің негізгі мақсаты ұлттық мәдениет орталықтарының, бірлестіктерінің, қорларының және басқа қоғамдық ұйымдардың Катонқарағай ауданының атқарып жатқан барлық этностарының мәдени ерекшеліктерін, тілдерін дамыту, жаңғырту бойынша қызметтерін ұйымдастыру және үйлестіру бойынша азаматтық татулығын және келісімін бекіту, ұлттың мәдениетін және мемлекеттің халықтық салт-дәстүрі және кәсіпшіліктерін насихаттау бойынша жұмысына белсенді қатыстыру болып келеді.
Мекеме:
1) Катонқарағай ауданы аймағында тұрып жатқан халықтар туралы тарихи- библиографиялық материалдар басып шығару, тарихи-мәдени мұрасын зерделеу және қалпына келтіру;
2) экономиканың тұрақтылығы мен өркендеуі, әлеуметтік құқықтық қорғау, адамдардың нәсілдік, ұлттық құрамына және сенімдеріне қарамастан құқықтары мен бас еркіндігін сақтау, өкілеттік және атқарушы өкімет органдарында ұлттық-мәдениеттік орталықтарының заңды құқықтарын сақтау және мүдделерін ұсыну бойынша мемлекеттік кешендік бағдарламасын жүзеге асыруына көмек береді;
3) жарғылық мақсаттарға жету үшін ұлттық-мәдениеттік орталықтарының және бірлестіктерінің ғылыми-әдістемелік және кәсіпкерлік қызметіне көмек береді;
4) ұлттық-мәдениеттік орталықтарының және бірлестіктерінің қызметтеріне ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;
5) бейбітшілік орнату және қайырымдылық қызметтеріне қатысады;
6) халықаралық байланыстарды кеңейтеді және бекітеді;
7) қызмет істейтін ұлттық-мәдениеттік бірлестіктеріне ана тілін оқыту бойынша жексенбілік мектептердің жұмыстарын ұйымдастыруға, музыкалық, көркем шығармашылық, халықтық қолданбалы өнер ұжымдарының қызметтеріне, жаңа ұлттық-мәдениеттік орталықтарын құру және олардың қызметіне қажетті жағдай жасауға тәжірибелік көмек көрсетеді;
8) Мекеменің және ұлттық-мәдениеттік орталықтарының қызметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында баяндайды;

Достық үйінің негізгі көрсеткіштері
2016 жылдан бастап Катонқарағай ауданының Достық үйінде төрт этномәдени бірлестік жұмыс жасады. Олар, қазақ этномәдени бірлестігі «Дәстүр», татар этномәдени бірлестігі «Дуслык», словян этномәдени бірлестігі «Оберег» , неміс этномәдени бірлестігі «Возрождение» бұл этномәдени бірлестіктердің өкілдері аудан тұрғындарының көпшілігін құрайды. Қазіргі уақытта жеті этномәдени бірлестік жұмыс істейді : қазақ, татар, словян, неміс , украин , белорусь, өзбек.
Достық үйінде музыкалық фольклор студиясы ( халық биі және ән үйірмесі) сонымен қатар ұлттық қолданбалы қолөнер студиясы жұмыс жасайды.
Ғимараттың салтанатты ашылуы 2017 жылдың 1 желтоқсанында Тұнғыш Президент күніне орай тұсау кесері өтті.

Халық биі және ән үйірмесі

Музыкалық фольклор студиясы
Ұлттық қолданбалы қолөнер студиясы

«Аманат» жастар клубы

2017 жылдың 1 наурызында Катонқарағай ауданының Достық үйінде «Аманат» жастар клубы құрылды. Жастар клубының құрамында 22 адам. Баубекова Қымбат Баубекқызы жастар клубының төраймы, Егорова Лилия орынбасары.
«Аманат» жастар клубының белсенді мүшелері олар: Аубакиров Архат, Янисева Анжелла, Канафина Гульдана, Байжумин Алишер, Жумабаева Салтанат, Смагулова Лина, Илиясова Тоғжан, Зарылканова Айман, Абдыргалиев Равиль, Мырканова Бакыт және т.б

Конференция залы

Конференция залы дөңгелек үстелдер, фестивальдар, конференциялар, жиналыстар, концерттер, семинарлар,халық биі және халық әндері студияларының жұмысына арналған.

Ауданымыздың аналар кеңесі

Ауданымыздың ең белсенді әйелдерінен Аналар кеңесі құрылды.Барлық ауылдық округтерде Аналар кеңесі құрылды, бұл құрамда 101 адам бар.Аналар кеңесі жастармен, әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасы тәрбиесі,үлгілі отбасы тәжірибесін насихаттау бойынша жұмыс жасайды.
Қоғамдық келісім кеңесі

Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі Облыс әкімдері , аудан, ауылдар, еңбек ұжымдарының Консултативтік - кеңесші органы болып табылады. Қоғамдық келісім кеңесі құрамына қоғамдық келісім ұжымдары өкілдері,кәсіби емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік органдар кіреді.Катонқарағай ауданының Қоғамдық келісім кеңесі құрамына 57 адам кіреді.

Жұмыс жасау тәртібі: 9.00 – 18.00.
Үзіліс 13.00 до 14.00

Мекен жайы:
070900 Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы,
Үлкен Нарын ауылы
Шулятикова 45/1 көшесі
Е-mail: domdruznbu_katon@mail.ru
Телефон.: 8 72 (341) 2-19-40

 

Парақтар өзгертілді: 02-11-2018