Мәдениет және демалыс орталығы

«Катонқарағай мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы» КМҚК

«Біз ххі ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, әлем бізді мәдени жетістіктерімізбен тануы керек»
Н.Назарбаев

Гостеева Наталья АлександровнаДиректор - Джаманбаев Ринат Ерболович

Джаманбаев Ринат Ерболович 1981 жылдың 30 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы Чернова ауылында дүниеге келді.
Білімі: жоғары
2007 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетін «Шет тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолы:
2004-2012 жж ағылшын тілі пәні мұғалімі,
2012-2013 жж Аққайнар ауылдық округі әкімі болып жұмыс істеді.
2013 жылдың 01 тамызынан бастап «Катонқарағай мәдениет және тұрғыдардың демалыс орталығы» КМҚК директоры.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
№10 Аққайнар сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты.

Кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсаттары

1. Кәсiпорын қызметiнiң мәнi өндірістік-шаруашылық және материалдық-техникалық, мәдени дамуды қамтамасыз ету, мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
2. Кәсiпорын қызметiнiң мақсаты мәдени демалыс іс-шараларын өткізу, тұрғылықты халықты мәдени шығармашылық және дәстүрлі игі істерге тәрбиелеу болып табылады.
3. Кәсiпорын қойылған мақсаттарын iске асыру үшiн қызметтiң мынадай түрлерiн жүзеге асырады:

- Аудан халқының түрлі санаттарымен мәдени іс-шаралар, дәрістер, тақырыптық кештер мен басқа шаралар өткізу.
«Катонқарағай мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы» КМҚК-нің қызметі түрлі қызығушылықтары және қалаулары бар азаматтарды біріктіруге бағытталған.Адамның дамуы мен демалуына түрлі жағдайлар жасау, оған интеллектуалдық және эмоционалдық әсер ету. Негізгі қағидаттары әртүрлі жас санаттарындағы халықтың түрлі топтарын қамтуға бағытталған.

Мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығының басты міндеті – адамдардың қарым-қатынасын және шығармашыл әлеуетін дамыту, физикалық және рухани күшін қалпына келтіру, жаппай демалыс және көңіл көтеруді ұйымдастыру болып табылады.

Атқаратын міндеттері:
- көңіл көтеру;
- ынталандыру;
- байланыс;

Мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы өзінің қызметі аясында түрлі мейрам мен театрлық қойылымдардың ұйымдастырылуына және өткізілуіне көп мән береді.
Кәсіпорын құрылымы және көрсеткіштері

Кәсіпорында Аудандық және Катонқарағай ауылдық мәдениет үйлері, Аккайнар, Аксу, Алтынбел, Алыбай, Барлық, Белқарағай, Берел, Жамбыл, Жаңа Үлгі, Жұлдыз, Еңбек, Қайыңды, Қызыл-Жұлдыз, Коробиха, Майемер, Малонарым, Ново-Поляковка, Өрел, Сенное, Солдатово, Үшбұлақ, Үштөбе, Шыңғыстай ауылдарындағы23 ауылдық клубтары қызмет етеді.
2018 жылғы І жартыжылды бойынша «Катонқарағай мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы» КМҚК мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарында 1781 көпшілік-мәдени шара өткізіліп, оған 179 818 адам тартылды.

Мәдени өмір

Шығармашылық топтар:
1. «Нарын сазы» фольклорлық ансамблі, аудандық мәдениет үйі («халық» атауы бар).
2. «Алтай әуендері» фольклорлық ансамблі, Катонқарағай ауылдық клубы(«халық» атауы бар).
3. «Зорюшка» орысфольклорлық ансамблі Ново-Поляковка ауылы(«халық» атауы бар).
4. «Шуақ» фольклорлықансамблі Малонарым ауылы
5. «Бергалочка»орыс фольклорлық ансамблі Сенное ауылы.
6. «Сударушки»орыс фольклорлық ансамблі Коробиха ауылы.
7. «Родные напевы», «Мейірім» фольклорлық ансамбльдеріАқсу ауылы.
8. «Нарынские напевы» фольклорлық ансамбліҮлкен Нарын ауылы.
9. «Исток – Бастау»фольклорлық ансамблі Солдатово ауылы.
10. Вокалдық ансамбль «Акапелла».
11. Ұлттық аспаптар оркестрі (музыка мектебі және мәдениет орталығы әртістері).
12. ВИА «Достар» Солоновка ауылы.
13. ВИА «АБК».
14. «Мұңайма» әйелдер вокалдық тобы,Берел ауылы.
15. «Ақниет» әжелер тобы, Аққайнар ауылы.
16. Майемер ауылдық әжелер тобы және т.б.

Жұмыс кестесі:сағ9.00-18.30
Үзіліс:сағ 13.00-14.30

Мекен-жайы:
070900Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы
Үлкен Нарын ауылы
Ш. Тумашинов көшесі 4-үй.
Е-mail: rdk-24@mail.ru
Телефон.: 8 72(341) 2-91-62

 










Парақтар өзгертілді: 06-11-2018