Мәдениет

Онлайн-орталық кітапханада

Мемлекет басшысы 2020 жылға қарай «экономиканың 40% дейін шағын және орта бизнес есебінен өндірілуі тиіс» деген міндет қойды. Сонымен бірге, Н.Ә.Назарбаев бизнестің индустриалдандыру көшіне ілесе алмай келе жатқанын атап өтті. Осыған орай «Ақпараттық тренинг – ауыл кәсіпкерлігінің орталығы» жобасы ерекше өзекті. Осы жобаға қатысушылардың бірінші семинар-кездесуі 26-27 наурызда А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада, екінші оқу семинары 13-15 мамыр күндері Семей қаласында өткізілді.

Жоба облыс әкімдігінің қолдауымен, сондай-ақ компьютерлік және спутниктік құрал-жабдықтарымен қомақты үлес қосатын БҰҰ Даму Бағдарламасымен (ПРООН)  бірлесіп жүзеге асырылады. Жобаны жүзеге асырушылар құрамына А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана және облыс әкімі жанындағы жастар бастамасын қолдау Орталығы кіреді. Жоба аясында аудандық орталық кітапханалар мен жекелеген тірек ауыл кітапханаларында 32 онлайн-орталық құрылды. Жобаға қатысушы әр кітапхана Интернет желісіне қосылған ноутбуктер, экран мен проекторлар және МФУ-мен (принтер/сканер/көшірме)  жабдықталады.  Ауыл кәсіпкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, халықтың әлсіз топтары мен жергілікті тұрғындар үшін компьютерде жұмыс істеу және Интернетті үйрену тренингтері ұйымдастырылады. Бизнес-кеңесшілер тобы құрылып, БҰҰ Даму Бағдарламасы оқуларынан кейін ауыл кәсіпкерлеріне тұрақты ақпараттық және кеңестік қолдау көрсетіледі. Жергілікті жерде аудандық және ауылдық әкімдіктерден онлайн-орталықтардағы Интернетті пайдалану төлемдерін қаржыландыру,  сондай-ақ, жобаны табысты жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларға жаппай қолдау күтіледі.

Аудандық кітапханада «Даму» (http://www.damu.kz), Бизнесті Президенттік қорғау/Президентская защита бизнеса (http://tirek.akorda.kz), Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры/Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства (http://www.fad.kz), Аграрлық несие корпорациясы/ Аграрная кредитная корпорация (http://www.agrocredit.kz), және ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі/Министерство сельского хозяйства РК (http://www.minagri.gov.kz), және тағы басқа веб-сайттарымен таныстырады. «Әрине, елде атқарылған жұ­мыс аз емес. Бірақ, солай бола тұра, барлығы реттеліп қойды деу­ге де болмайды. Себебі, биз­нес­тің белсенділігі әлі де болса тө­мен», – деді кәсіпкерлікке арналған жиында ел президенті. Осы серіктестік жоба қалыптасқан жағдайға жаңа серпін беріп, біздің облысымызда, ауданымызда ауыл кәсіпкерлігін дамытуға тиімді қолдау береді деп сенеміз. 

Хош келдіңіз! Онлайн-орталық

 сіздер үшін:

  • Интернетті пайдалану
  • Электрондық почта
  • Жеке кеңестер
  • Сканерлеу

kn  Біз үзіліссіз сағат 9-дан 18-ге дейін қызмет көрсетеміз

kn Біздің мекен-жайымыз:
Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы
Аудандық кітапхана, Абылайхана көшесі, 109
Тел: 2-19-07
Е-mail: bolshinarim@yandex.ru

 

Парақтар өзгертілді: 21-06-2016