Мәдениет

Катонқарағайлық - Кеңес Одағының Батырлары

kn    Величко Валерий Федорович (1925 – 1944)

Валерий Величконың өмірі қысқа болды. Ол 1925 жылы 2 тамызда Катонқарағай ауылында туды.Мектапте жүргенде пән сабақтарын жақсы меңгерді.Шахмат турниріне қатысып жүлделі орындарға ие болды, футболмен, городкимен шұғылданды. 18 жасқа толар - толмастан ол өз еркімен Армияға аттанды.Бұл 1943 жылдың 12 қаңтары еді.1944 жылы жазда әскери училищені бітірген соң майданға келді.Латвияның Добеле қаласына таяу жерде аға лейтенант В.Ф.Величко Т-34 танкісімен жаудың бірнеше танклерін жойып жіберді. Осы ұрыста достары қаза тапты.В.Величко мен механик-жүргізуші П.Босенков аман қалды.Екеуі ұрысты жалғастыра берді. Тура тиген снаряд танкистердің өмірін үзді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиуымының Жарлығымен В.Величкоға 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыра атағы берілді.

kn    Огнев Андрей Григорьевич (1902 – 1943)

Андрей Григорьевич Огнев 1902 жылы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданы Усть-Нарым поселкесінде, шаруа отбасында дүниеге келді.  Бастауыш білім алды.Ұжымшарда жұмыс істейді. 1941 жылы  Кеңес Армиясына шақырылды.. Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ майданға келді. 151 – атқыштар полкі Днепрден өту туралы бұйрық алды. Кіші сержант А.Г.Огневқа өзеннен өту құралдарын дайындау тапсырылды. Қайықтар мен салдар жасалды. Нөсердей жауған оқтың астында өзеннен өту басталды. А.Огнев жараланды, бірақ жолдастарымен бірге оң жақ жағаға өтті. А.Г.Огневқа Кеңес Одағының Батыры атағы 1943 жылы 16 қазанда берілді. Андрей Григорьевич Киев жерінде қаза тапты. Жау оғы оның өмірін үзді.
Большенарымның бір көшесіне оның есімі берілді.

kn    Спирин Василий Романович (1926 - 1991)

Василий Романович Спирин 1926 жылы Саратов облысы Ершов ауданы Васильевка ауылында туды. Соғыс басталғанда ол он бес жаста еді.Құрдастарымен бірге станокта жұмыс істеді. ФЗО бітірген соң Свердловскіде заводта токарь болды.
В.Р.Спирин 1943 жылы армияға шақырылды, 4-ші жеке оқу полкына қабылданды. 1944 жылы мамыр айында 3 - Прибалтика майданына жіберілді. 1944 жылғы 21 шілдеде Олонец-Петрозаводск тас жолындағы шайқаста Спирин ерлік көрсетті. Жаудың бір офицерін және бес солдатын жер жастандырды. В.Р.Спиринге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол 366-атқыштар дивизиясының құрамында Жапонияға қарсы соғысқа қатысты. Денсаулығына байланысты 1950 жылы армия қатарынан босады. 1961 жылы В.Р.Спирин Үлкен Нарын ауданының Жарқала ауылына көшіп келді. 1991 жылы 31 желтоқсанда қайтыс болды.    

kn    Топорков Иван Васильевич (1920-1966 ж.ж.), Кеңес Одағының батыры

Топорков Иван Васильевич 1920 жылы Катонқарағай ауданы, Чернова селосында шаруа семьясында дүниеге келген.
Мектеп бітірісімен колхозда, тұтынушылар кооперациясында жұмыс істеді. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, 1940 жылы Батыс Украинаны азат етуге қатысты.
Ұлы Отан соғысы басталғанда Львов облысында әскери қызметте болатын... Днепрогэс плотинасынан өтетін N3 өткелдің командирі болып жерлесіміз, гвардия старшинасы И.В.Топорков тағайындалды. Қарша бораған пулемет оғының астынан қайсар өткелшілер төрт рейс жасады. Күндіз - түні қалқыма өткелдің жұмыс істеуін қамтамасыз етті.

1943 жылы 26 қазанда екінші рейс кезінде Топорковтың паромы жарылып, суға батқанына қарамастан, келесі түні гвардия старшинасы Топорков бораған оқтың астымен тағы да сегіз рейстің аман өтуін қамтамасыз етті. Взвод командирі қайтыс болған соң өткел басщылығын өз қолына алған Топорков соңғы десантниктерді өткізіп тастап шайқасқа кірісті.
Днепр өзенінен жүзіп өту кезінде көрсеткен ерен ерлігі үшін 22 ақпан 1944 жылы Советтер Одағының Батыры атағы берілді.

Одан кейін де талай әскери техника мен әскерлерді, қару -жарақтарды, азық-түліктерді қалқыма көпір арқылы аман өткізуге үлес қосты. 1944 жылы Одер өзенінен өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен наградталды.
Соғыстан кейінгі жылдары Алматы қаласында тұрған. 1966 жылы қайтыс болды.

kn    Шулятиков Василий Александрович

Василий Александрович Шулятиков 1917 жылы Большенарым ауылында шаруа отбасында туды. 7 сыныпты бітірген соң Семей
педагогикалық училищесіне түсті. Мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, Семей облысындағы В.В:Маяковский атындағы Георгиевка орта мектебінде директор болды. 1939 жылы қыркүйекте Қызыл Армия қатарына шақырылды.
1941 жыл. 22 маусымда кіші сержант Шулятиков Прибалтикада неміс – фашистерімен ұрысқа кірді. Мұнан соң 163 – Ромнен атқыштар дивизиясы құрамында Воронеж, 1,2-ші Украина, басқа майдандарда ұрыс қимылдарына қатысты. Лычково станциясындағы ұрыстар есте қаларлықтай. Командованиенің тапсырмаларын мінсіз орындағаны, тапқырлығы үшін В.А.Шулятиковқа 1943 жылы 29 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиуымының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1944 жылы В.А.Шулятиковты Ленинград байланысшылар әскери академиясына оқуға жіберді. Кейін ол академияның адъюнктурасына түсті. 1955 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Академияның байланыс кафедрасына сабақ берді.

kn    Клименко Трофим Михайлович

Трофим Михайлович Клименко Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданының Украинка ауылында 1919 жылы кедей шаруа отбасында туды. Өскемендегі Ушаков атындағы мектептің 7 сыныбын бітірген соң, 1937 жылы Алматының теміржол техникумына түсті. Қызыл Армия қатарына шақырылғанға дейін Большенарым аудандық комсомол комитетінде хатшы болып қызмет істеді. Армияға шақырылған соң Куйбышев жаяу әскерлер училищесіне жаяу әскерлер училищесіне жіберілді. 1941 жылы оған лейтенант шені берілді. 1941 жылдың тамызында майданға келді. Бес рет жараланды. Атқыштар взводы командирінен батальон командиріне дейін көтерілді. Москваны қорғау, Сталинград түбіндегі, Орел-Курск иініндегі, Польшаны азат етудегі шайқастарға қатысты. Майор Клименконың батальоны Висладан өткен соң, Сандомир плацдарымын алды. Осы арада үш тәулікке созылған ұрыстар өтті. Жаудың шабуылдары тойтарылып отырылды. Дұшпанның топтамалары талқандалған жерде он төрт танк. Сегіз бронетранспортер қирады, төрт жүз жау өлігі жайрап жатты. Майор М.Клименкоға ерлігі үшін 1944 жылдың 23 қыркүйегінде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол Кеңес Армиясы қатарында ұзақ жылдар қызмет атқарып, тәжірибесін жас жауынгерлермен бөлісті.

 

Парақтар өзгертілді: 21-06-2016