Мәдениет

Оралхан Бөкей мұражай – үйі

2003 жылы Оралхан Бөкейдің 60 жылдығына орай Оралхан Бөкей мұражай – үйінің салтанатты ашылуы, жазушының туған ауылында Шыңғыстайда өтті. Катонқарағай өңірінің  өзіне тән, бөренелерден салынған ағаш үй. Осы үйде жазушының балалық шағы өткен. Мұражай – үйінің алдында кіреберісте  шығысқазақстандық скульптор Владимир Самойлов орындаған  мемориалдық ескерткіш Оралхан Бөкейдің бюсті  орын алған. Мұражай – үйінің  мүдірі жазушының балалық шағындағы досы Нұқсара Аманжан. 28 қыркүйек жазушының туған күні қарсаңында жыл сайын дәстүрге айналған Бөкей оқулары өтеді. Оған жазушыңың туған – туыстары,  қаламдас достары, құлын тайдай тебісіп бірге өскен достары қатысып өз ойларын ортаға салады және жазушының шығармаларынан көркемөнерпаздар сахналық қойылымдар қойып, көрермендерді шығарма кейіпкерлерімен кездестіреді..

Катонқарағай өңірінде  жазушының  «Человек – Олень», «Бес тиын» повестері бойынша фильм түсірілді.О.Бөкеев әу бастан - әдебиеттің киелі босағасын аттаған күннен бері өз заманын, сол заманда ғұмыр кешіп жатқан қарапайым еңбек адамдарын шығармаларына арқау еткен жазушы.

Жазушы Алтайды, еңбектің сан түрлі саласында ерліктің үлгісін көрсетіп жүрген адамдарын тек өзіне ғана сыйымды, ғажап пейілмен сүйе білді. Олардың сан - салалы, қилы-қилы тағдырларын өзінің үлкенді -кішілі шығармаларына өзек етті. Жазушының қандай да бір шығармасын қолымызға алып, парақтай бастасақ оның әр бетінен ауыл иісі, ауыл тұрмысы аңқып тұрады. Шығыс Қазақстан облысында  3 мектеп  жазушының атымен аталады. Олар №44 Өскемен қаласындағы орта мектеп, Глубокое ауданыны, Глубокое ауылында, Катонқарағай ауданы Белқарағай ауылындағы орта мектеп.

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 21-06-2016