Аудандық кітапханасы


kn  Онлайн-орталық кітапханада
kn  Оралхан Бөкей мұражай – үйі
kn  Катонқарағайлық - Кеңес Одағының Батырлары
kn  Катонқарағай ауданының Социалистік Еңбек Ерлері
     
kn  Катонқарағай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016 жылғы есебі *.doc 568 KB
kn  Катонқарағай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2015 жылғы есебі *.doc 24 MB

«ХХI ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры.
Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана» 
Нұрсұлтан Назарбаев.

Беркаринова Айгүл ҚұмарғалиқызыБеркаринова Айгүл Құмарғалиқызы - аудандық орталық кітапхана директоры
Беркаринова Айгүл  Құмарғалиқызы - 1966 жылы 27 қарашада ШҚО, Катонқарағай ауданы, Ақсу ауылында дүниеге  келген.
Әл – Фараби атындағы Шымкент  педагогикалық мәдениет  институтының «Кітапханатану және  библиография» факультетін бітірген. Білімі жоғары.

Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары.

  • Мекеме азаматтардың жеке санатына  бұқаралық және мамандандырылған қызмет көрсететін кітапхана торабы болып табылады.
  • Мекеме қызметінің мәні: оқырмандардың ақпараттық талаптарын қанағаттандыру. 
  • Мекеме қызметінің мақсаты халыққа ақпараттық қызмет көрсетуге бағытталған мәдениет пен кітапханалық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету, ақпараттық ресурстарды сақтау мен пайдалану болып табылады.
  • Мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: 
    1) оқырмандарға көрсететін кітапханалық, анықтамалық- библиографиялық және ақпараттық қызмет аумағын кеңейту;                                                                              
    2) кітап қорларының сақталуын қамтамасыз ету және толықтыру.
    3) аудан аумағында орналасқан кітапханаларға әдістемелік, кеңестік көмек көрсету.   

Мекеменің негізгі міндеттері

  • Халықтарға кітапхана ұсынатын қызметтердің барлық түрі жайлы ақпарат беру.
  • Кітапханаларға халықтың түрлі топтарын кеңімен тартуға шаралар қолдану.
  • Оқырмандарды кітапхана қорларын пайдалану мүмкіндігімен қамтамасыз ету.
  • Оқырмандарға кітапханалық, библиографиялық, анықтама-ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асыру.
  • Әдебиеттер мен басқа да ақпараттық материалдарды насихаттау.
  • Оқырмандарға қажетті басылым мен басқа да материалдарды таңдауда  ауызша кеңес беру, әңгімелер, пайдаланушыға анықтамалық - библиографиялық аппаратты ұсыну жолымен көмек көрсету.

Мақсаты: Халыққа ақпараттық қызмет көрсетуге бағытталған мәдениет және кітапханалық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету, ақпараттық ресурстарды сақтау және пайдалану.
Мекеме көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Электронды- ақпаратты кеңістікті одан ары дамыта отырып, кітапханалық жұмыстың жаңа әдіс-тәсілдерімен жұмыс істейді.
Кітап қорларының сақталуын қамтамасыз ету және толықтыру;
Ауылдық кітапханаларға әдістемелік, кеңестік көмек көрсету.
Бүгінгі күні кітапханаларымыздың қорлары ұлттық нақышта көркем безендірілген,электронды оқулықтармен, терең мазмұнды қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі кітаптармен толықтырылған, компьютерлермен жабдықталған.
Аудан кітапханаларында жазушылардың мерейтойларына, Қазақстан Республикасындағы аталып өтілетін және еске алынатын күндерге арналып әр түрлі тақырыпта кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер, әдеби кештер, сайыстар ұйымдастырылып, библиографиялық шолулар, танымдық, денсаулық, патриоттық сабақтар, интеллектуалды зияткерлік ойындар, дебат, брейн-ринг, флэш-моб, музыкалық кештер, кездесулер т.б іс-шаралар жыл бойы өткізіліп тұрады .

Кітапхана қызметі:
Кітапхана саны – 18 :  (1-аудандық орталық кітапхана , 16-ауылдық, 1-Үлкен Нарын балалар кітапханасы).
Ново-Хайрузовка, Балғын, Ново-Поляковка, Сенное, Алынбел, Солоновка, Коробиха, Қайынды, Аққайнар, Катонқарағай, Ақмарал, Берел, Өрел, Жамбыл, Белқарағай, Мало- Нарым


Кітапхана бөлімдері:

 Оқырмандарға қызмет ету бөлімі; оқу залы; онлайнзалы; кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі, абонемент бөлімі,әдіскерлік көмек көрсету бөлімі, коворкинг орталығы
Оқырмандар саны12528
Кітапхана сайтында тіркелген виртуалды пайдаланушылар саны -55
Кітапханаға келушілер саны -141613
Кітап берілімі 252618
Басылымдар саны – газет 441, журнал саны  5045  
Кітап қоры 174963
Мемлекеттік тілде-78352
Интернетпен байланыс жүйесі бар кітапханалар саны -5

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі 

Абонемент пен оқу залының кітапханашыларының міндеттері: 
Кітапхана процесстерін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды атқару, халыққа кітапханалық қызмет көрсету тиімділігін жоғарылату,
 оқырмандарға кітапханалық, библиографиялық, анықтамалық - ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асыру,
Болашақтағы және ағымдағы дамыту жоспарларын ұйымдастыру және әзірлеу.

Интернет залы

Аудандық кітапханамыздың уақыт талабына сай болуға ұмтылуы - ақпарат іздеудің жоғары жылдамдығы мен халыққа жедел қызмет көрсетуі болып табылады. Интернет залдарында оқырмандарға ақпараттардың жаңа түрлерін ұсыну - баспа түрімен қатар,бейне материалдар, мультимедиалық басылымдар, интернет ресурстарын ұсынады. Бөлім  ақпаратты сканерден өткізу, теру, басу, электронды тасымалдаушыларға жазу тегін қызметтерін көрсетеді.

Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі

Кітап қорын толықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, құжаттардың сұранысын орындау және кітапханаларға жеткізу.  Әдебиеттерді редакциялау, жаңа әдебиеттерді қабылдау, есепке алу. Жаңа кітаптарды  «ИРБИС» электрондық бағдарламасына еңгізу.

Онлайн орталықтары

Ауыл тұрғындарына , жұмыссыз жастарға, сондай –ақ тұрғындардың осал санатына ақпараттық қолдау көрсетуорталығы. 

Coworking орталығы

«Нұр Отан» партиясының жобасының бастамасымен  2018 жылы аудандық орталық кітапханасында ашылған коворкинг орталығы. Орталықтың басты мақсаты кітапханаға келушілерге, жанына жақын істерімен айланысуға мүмкіндік береді.

Кітапхананың жұмыс кестесі:
сағат 9:00- 13:00 түскі үзіліс14:00-18:00
Әр айдың соңғы күні - тазалық күні
Кітапхана мекенжайы:
070900 Шығыс Қазақстан облысы,
Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы
Шулятикова көшесі № 66
Е-mail: bolshinarim@yandex.ru  cbsbolshinarim@mail.ru
Web-сайт : http://kk-biblioteka.kz/
Анықтама телефоны: 8 72 (341) 2-23-52

деятельность библиотек района 2017 году

деятельность библиотек района 2017 году

деятельность библиотек района 2017 году

деятельность библиотек района 2017 году

Мұрағат

Парақтар өзгертілді: 22-10-2018