Новохайрузовка ауылдық округі

Мамырханова Лазат Жумакановна  Новохайрузовка ауылдық округінің  әкімі - Мамырханова Лазат Жұмақанқызы

1964 жылы 01 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы  Ақши ауылдында дүниеге келген. 1982 жылы Зеленое ауылында орта мектепті бітіп, Целиноград ауылшаруашылық институтына түсіп,  1987 жылы  ауылшаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы мамандығы бойынша бітірді.
1987 -1988 жылдары «Топтерек» совхозында еңбек бойынша экономист қызметін атқарды. 1990 - 1992 жылдары «Хайрузовский»  совхозында  еңбек бойынша экономист, 1992-1993 жылдары  Ново-Хайрузовска селолық Совететінің салық бойынша инспекторы, 1993-1995 жылдары «Хайрузовский»  совхозының кәсіподақ төрағасы, 1995 жылдан 2012 жылдың наурызына дейін Ново-Хайрузовка ауылдық округінің бас маманы қызметін атқарды.
2012 жылдың наурызынан Ново-Хайрузовка ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Тұрмыста,  2 қыз тәрибелеп отыр. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Катонқарағай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 11 тамыздағы шешімімен Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Катонқарағай аудан әкімінің 2017 жылғы 23 қазандағы өкімімен Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.


kn  Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау: сейсенбі ,бейсенбі сағат 9-00-18-00


kn  Мекенжайы:
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Ново-Хайрузовка  ауылы
Байланыс  телефоны: 8(72341) 2-09-95

 

Негізгі міндеттері

Селолық округтің әкімі заңнамаға сәйкес азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады; бюджетке салық жинауда көмек көрсетеді; жоғары тұрған әкімдікке әкім аппараты әкімшісі шығатын , мәслихатпен сәйкес келетін қаражаттық бағдарламаларды бекіту үшін өңдейді және енгізеді; өз құзыретінің шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ селолық округтегі  автомобиль жолдарының құрылысын,  қайта құрылуын, жөнделуін және ұсталуын қамтамасыз етеді; шаруа (фермерлік) қожалықтарын ұйымдастыруда, кәсіпкерлік қызметті дамытуда көмек көрсетеді; өз құзыретінің шегінде жаппай әскери міндеттер мен әскери қызмет, азаматтық қорғасын, сондай ақ жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру мәселелері жөнінде заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; нотариалдық әрекет жасауды, азаматтық хал - жағдайының актілерін тіркеуді ұйымдастырады; табысы аз азаматтарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты кәрі азаматтарға және еңбекке қабелетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады; қоғамдық көліктің жүруін ұйымдастырады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды; шаруашылық бойынша кітаптардың статистикалық есебін жүзеге асырады; өз құзыретінің шегінде елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді; елді мекендерді көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; туыссыздарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; оқушыларды мектепке барар және қайтар жолын тегін әкелуді ұйымдастыру; жоғары тұрған әкім алдында өзіне жүктелген функцияларды іске асыруға жауапты. Селолық округі әкімінің қызметіне өзге де мәселелерді шешу жүктелуі мүмкін.

 

kn Ново-Хайрузовка ауылдық округ бойынша 2017 жылға әлеуметтік –экономикалық дамуының анализы *.doc 73 KB
kn Катонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка ауылдық округінің паспорты *.doc 44 KB

 

 

Парақтар өзгертілді: 16-11-2017