Алтынбел ауылдық округі

Алтынбел  ауылдық округінің әкімі

 

kn  Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі сағат 14-30-18-30

kn  Мекенжайы:
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Алтынбел  ауылы
Байланыс  телефоны: 8(72341) 24-5-35


Негізгі міндеттері

Селолық округтің әкімі заңнамаға сәйкес азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады; бюджетке салық жинауда көмек көрсетеді; жоғары тұрған әкімдікке әкім аппараты әкімшісі шығатын , мәслихатпен сәйкес келетін қаражаттық бағдарламаларды бекіту үшін өңдейді және енгізеді; өз құзыретінің шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ селолық округтегі автомобиль жолдарының құрылысын, қайта құрылуын, жөнделуін және ұсталуын қамтамасыз етеді; шаруа (фермерлік) қожалықтарын ұйымдастыруда, кәсіпкерлік қызметті дамытуда көмек көрсетеді; өз құзыретінің шегінде жаппай әскери міндеттер мен әскери қызмет, азаматтық қорғасын, сондай ақ жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру мәселелері жөнінде заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; нотариалдық әрекет жасауды, азаматтық хал - жағдайының актілерін тіркеуді ұйымдастырады; табысы аз азаматтарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты кәрі азаматтарға және еңбекке қабелетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады; қоғамдық көліктің жүруін ұйымдастырады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды; шаруашылық бойынша кітаптардың статистикалық есебін жүзеге асырады; өз құзыретінің шегінде елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді; елді мекендерді көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; туыссыздарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; оқушыларды мектепке барар және қайтар жолын тегін әкелуді ұйымдастыру; жоғары тұрған әкім алдында өзіне жүктелген функцияларды іске асыруға жауапты. Селолық округі әкімінің қызметіне өзге де мәселелерді шешу жүктелуі мүмкін.

 

МАлтынбел ауылдық округі М

 

 

kn Алтынбел ауылдық округінің 2017 жылдың 01 қаңтарына әлеуметтік-экономикалық дамуы *.doc 71 КБ
kn Алтынбел ауылдық округінің 2016 жылғы 01 қаңтарына және 2016 жылдың 5 айына әлеуметтік-экономикалық *.doc 61 KB

 

Мұрағат

kn Алтынбел ауылдық округінің 2014 жылғы 01 қаңтарына әлеуметтік-экономикалық төлқұжаты *.doc 76 KB

 

Парақтар өзгертілді: 13-10-2017