Новополяковка ауылдық округі

-

Байбусунов Сержан Токторбекович Ново-Поляковка ауылдық округінің  әкімі - Байбұсұнов Сержан Тоқторбекұлы

1964 жылы 22 тамызда  Шығыс Қазақстан облысы Большенарым  ауданы  Ульяновка ауылдында дүниеге келген. Білім жоғары. 2010 жылы Орталық Азия Университетін  экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1985 жылы «Ульяновский» совхозында  жұмысшы болып бастаған. 1994-1996 жылдары «Комсомольская» құс фабрикасында дәнекерлеуші қызметін атқарды.
2008 жылдан 2013 жылғы дейін Ново-Поляковка ауылдық округінде бас маман қыземтінде болып 2013 жылы тамыз айында Ново-Поляковка ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
 Катонқарағай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 11 тамыздағы шешімімен Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Ново-Поляковка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Катонқарағай аудан әкімінің 2017 жылғы 23 қазандағы өкімімен Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Ново-Поляковка ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Үйленген. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

kn   Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау: дүйсенбі, жұма сағат 9.00-18.30


kn    Мекенжайы:
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Ново- Поляковка  ауылы
Байланыс  телефоны: 8(72341) 24-3-56

 

Негізгі міндеттері

Новополяковка ауылдық округіСелолық округтің әкімі заңнамаға сәйкес азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады; бюджетке салық жинауда көмек көрсетеді; жоғары тұрған әкімдікке әкім аппараты әкімшісі шығатын , мәслихатпен сәйкес келетін қаражаттық бағдарламаларды бекіту үшін өңдейді және енгізеді; өз құзыретінің шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ селолық округтегі  автомобиль жолдарының құрылысын,  қайта құрылуын, жөнделуін және ұсталуын қамтамасыз етеді; шаруа (фермерлік) қожалықтарын ұйымдастыруда, кәсіпкерлік қызметті дамытуда көмек көрсетеді; өз құзыретінің шегінде жаппай әскери міндеттер мен әскери қызмет, азаматтық қорғасын, сондай ақ жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру мәселелері жөнінде заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; нотариалдық әрекет жасауды, азаматтық хал - жағдайының актілерін тіркеуді ұйымдастырады; табысы аз азаматтарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты кәрі азаматтарға және еңбекке қабелетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады; қоғамдық көліктің жүруін ұйымдастырады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды; шаруашылық бойынша кітаптардың статистикалық есебін жүзеге асырады; өз құзыретінің шегінде елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді; елді мекендерді көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; туыссыздарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; оқушыларды мектепке барар және қайтар жолын тегін әкелуді ұйымдастыру; жоғары тұрған әкім алдында өзіне жүктелген функцияларды іске асыруға жауапты. Селолық округі әкімінің қызметіне өзге де мәселелерді шешу жүктелуі мүмкін.

 

 

kn Ново-Поляковка ауылдық округінің 01 шілде 2017 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуы *.doc 77 KB
kn  Ново-Поляковка ауылдық округінің 2016 жылдың 1 қаңтар айына қарасты ТӨЛҚҰЖАТЫ *.doc 561 KB
kn  Новополяковка ауылдық округі бойынша 2013 жылғы 1 қыркүйегіне әлеуметтік –экономиканың даму қорытындысы *.doc 106 KB

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2017