Коробиха ауылдық округі

Доржанов Досжан МухаметкалиевичКоробиха ауылдық округінің әкімі - Доржанов Досжан Мухаметкалиұлы

Доржанов Досжан Мухаметкалиұлы Қазақстан Республикасының азаматы 5 шілде 1986 жылы Шығыс Қазақстан облысында Қатон-қарағай ауданында Коробиха ауылында дүниеге келді.
1993 жылы Печи ауылында орта мектептің 1 сыныбына барды. 2004 жылы Шығыс Қазақстан облысында Қатон-қарағай ауданында Печи ауылында 11 сыныпты бітірді.
2004 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетіне түсіп, оны 2009 жылы бітіріп, «Заңтану» мамандығы бойынша бітірді. Отбасылық жағдайы: үйленген, екі баласы бар.
2012 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетіне түсіп, оны 2014 жылы бітіріп, «Тарих» мамандығы бойынша бітірді.
2006 жылдан жеке кәсіпкерлікпен айнала бастады. 2010 -2015 жылдар аралығында «Кайындыбулак» ЖШС директордың орынбасары қызметін атқарды.
2015 - 2016  жылы «ВИП Катон» ЖШС директордың орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылы 6 ай «ВИП Катон» ЖШС директор қызметін атқарды.
2016 жылы қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысында Катонқарағай ауданында Коробиха ауылдық округінің әкімі қызметін атқарады.

 

kn  Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау: сейсенбі, жұма сағат 9-00-17-00


kn  Мекенжайы:
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Коробиха  ауылы
Байланыс  телефоны: 8(72330) 25-4-49

Негізгі міндеттері

Селолық округтің әкімі заңнамаға сәйкес азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады; бюджетке салық жинауда көмек көрсетеді; жоғары тұрған әкімдікке әкім аппараты әкімшісі шығатын, мәслихатпен сәйкес келетін қаражаттық бағдарламаларды бекіту үшін өңдейді және енгізеді; өз құзыретінің шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ селолық округтегі  автомобиль жолдарының құрылысын,  қайта құрылуын, жөнделуін және ұсталуын қамтамасыз етеді; шаруа (фермерлік) қожалықтарын ұйымдастыруда, кәсіпкерлік қызметті дамытуда көмек көрсетеді; өз құзыретінің шегінде жаппай әскери міндеттер мен әскери қызмет, азаматтық қорғасын, сондай ақ жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру мәселелері жөнінде заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; нотариалдық әрекет жасауды, азаматтық хал - жағдайының актілерін тіркеуді ұйымдастырады; табысы аз азаматтарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты кәрі азаматтарға және еңбекке қабелетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады; қоғамдық көліктің жүруін ұйымдастырады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды; шаруашылық бойынша кітаптардың статистикалық есебін жүзеге асырады; өз құзыретінің шегінде елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді; елді мекендерді көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; туыссыздарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; оқушыларды мектепке барар және қайтар жолын тегін әкелуді ұйымдастыру; жоғары тұрған әкім алдында өзіне жүктелген функцияларды іске асыруға жауапты. Селолық округі әкімінің қызметіне өзге де мәселелерді шешу жүктелуі мүмкін.

 

kn Коробиха ауылдық округінің 01 шілде 2017 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуы *.doc 77 КБ

 

 

Парақтар өзгертілді: 21-09-2017