Катонқарағай ауылдық округі

Катонқарағай ауылдық округінің әкімі

kn   Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау: күнделікті, 09.00 – 18.00

kn Жұмыс телефоны: 8(72342)2-14-91

 

Негізгі міндеттері

Селолық округтің әкімі заңнамаға сәйкес азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады; бюджетке салық жинауда көмек көрсетеді; жоғары тұрған әкімдікке әкім аппараты әкімшісі шығатын , мәслихатпен сәйкес келетін қаражаттық бағдарламаларды бекіту үшін өңдейді және енгізеді; өз құзыретінің шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ селолық округтегі  автомобиль жолдарының құрылысын,  қайта құрылуын, жөнделуін және ұсталуын қамтамасыз етеді; шаруа (фермерлік) қожалықтарын ұйымдастыруда, кәсіпкерлік қызметті дамытуда көмек көрсетеді; өз құзыретінің шегінде жаппай әскери міндеттер мен әскери қызмет, азаматтық қорғасын, сондай ақ жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру мәселелері жөнінде заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; нотариалдық әрекет жасауды, азаматтық хал - жағдайының актілерін тіркеуді ұйымдастырады; табысы аз азаматтарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты кәрі азаматтарға және еңбекке қабелетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады; қоғамдық көліктің жүруін ұйымдастырады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды; шаруашылық бойынша кітаптардың статистикалық есебін жүзеге асырады; өз құзыретінің шегінде елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді; елді мекендерді көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; туыссыздарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; оқушыларды мектепке барар және қайтар жолын тегін әкелуді ұйымдастыру; жоғары тұрған әкім алдында өзіне жүктелген функцияларды іске асыруға жауапты. Селолық округі әкімінің қызметіне өзге де мәселелерді шешу жүктелуі мүмкін.

 

kn Катонқарағай ауылдық округі бойынша 2016 жылғы 1 қантар әлеуметтік –экономиканың даму қорытындысы *.doc 68 KB

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 25-09-2017