Жамбыл ауылдық округі

Аманов Алибек ТолукпаевичЖамбыл ауылдық округінің әкімі - Аманов Әлібек Толықпайұлы

Аманов Әлібек Толықпайұлы 1967 жылы 20 желтоқсанда  Катонқарағай  ауданы Өрел ауылында дүниеге келген. Білім-жоғары. 1993 жылы Өскемен педагогикалық институтын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмәмдаған. Өз еңбек жолын 1985 жылы жұмысшы ретінде бастаған. 1993 жылдан балалар-өспірімдер спорт мектебінің Жамбыл филиалында  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 2003-2009 жылдары Өрел орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 2009 жылдан 2014 жылдың 03 қарашасына дейін Жамбыл орта мектебінің директоры қызметін атқарды. 2014 жылдың 04 қарашасында  Катонқарағай ауданы әкімінің №128 өкіміне сәйкес Катонқарағай аудан Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып тағаындалды.

kn  Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау: сейсенбі, бейсенбі сағат 9-00-17-30

kn  Мекенжайы:
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Жамбыл  ауылы
Байланыс  телефоны: 8(72330) 27-1-49

 

 

Негізгі міндеттері

Селолық округтің әкімі заңнамаға сәйкес азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады; бюджетке салық жинауда көмек көрсетеді; жоғары тұрған әкімдікке әкім аппараты әкімшісі шығатын , мәслихатпен сәйкес келетін қаражаттық бағдарламаларды бекіту үшін өңдейді және енгізеді; өз құзыретінің шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ селолық округтегі  автомобиль жолдарының құрылысын,  қайта құрылуын, жөнделуін және ұсталуын қамтамасыз етеді; шаруа (фермерлік) қожалықтарын ұйымдастыруда, кәсіпкерлік қызметті дамытуда көмек көрсетеді; өз құзыретінің шегінде жаппай әскери міндеттер мен әскери қызмет, азаматтық қорғасын, сондай ақ жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру мәселелері жөнінде заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; нотариалдық әрекет жасауды, азаматтық хал - жағдайының актілерін тіркеуді ұйымдастырады; табысы аз азаматтарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты кәрі азаматтарға және еңбекке қабелетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады; қоғамдық көліктің жүруін ұйымдастырады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды; шаруашылық бойынша кітаптардың статистикалық есебін жүзеге асырады; өз құзыретінің шегінде елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді; елді мекендерді көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; туыссыздарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; оқушыларды мектепке барар және қайтар жолын тегін әкелуді ұйымдастыру; жоғары тұрған әкім алдында өзіне жүктелген функцияларды іске асыруға жауапты. Селолық округі әкімінің қызметіне өзге де мәселелерді шешу жүктелуі мүмкін.

 

kn Жамбыл ауылдық округінің 01 шілде 2017 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуы *.doc 77 KB

 

Парақтар өзгертілді: 25-09-2017