Белқарағай ауылдық округі

Белқарағай ауылдық округінің  әкімі

kn  Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау уақыты: дүйсенбі, бейсенбі, 14.30 – 18.30
kn  Мекен жайы:
Катонқарағай ауданы, Белқарағай ауылы, С.Жүнісов көшесі 42 үй
Жұмыс телефоны – 8(72342)24324

Негізгі міндеттері

Селолық округтің әкімі заңнамаға сәйкес азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады; бюджетке салық жинауда көмек көрсетеді; жоғары тұрған әкімдікке әкім аппараты әкімшісі шығатын , мәслихатпен сәйкес келетін қаражаттық бағдарламаларды бекіту үшін өңдейді және енгізеді; өз құзыретінің шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ селолық округтегі  автомобиль жолдарының құрылысын,  қайта құрылуын, жөнделуін және ұсталуын қамтамасыз етеді; шаруа (фермерлік) қожалықтарын ұйымдастыруда, кәсіпкерлік қызметті дамытуда көмек көрсетеді; өз құзыретінің шегінде жаппай әскери міндеттер мен әскери қызмет, азаматтық қорғасын, сондай ақ жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру мәселелері жөнінде заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; нотариалдық әрекет жасауды, азаматтық хал - жағдайының актілерін тіркеуді ұйымдастырады; табысы аз азаматтарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты кәрі азаматтарға және еңбекке қабелетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады; қоғамдық көліктің жүруін ұйымдастырады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды; шаруашылық бойынша кітаптардың статистикалық есебін жүзеге асырады; өз құзыретінің шегінде елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді; елді мекендерді көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; туыссыздарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; оқушыларды мектепке барар және қайтар жолын тегін әкелуді ұйымдастыру; жоғары тұрған әкім алдында өзіне жүктелген функцияларды іске асыруға жауапты. Селолық округі әкімінің қызметіне өзге де мәселелерді шешу жүктелуі мүмкін.

 

 

kn Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Белқарағай ауылдық округі Топқайың ауылының 2019-2029 жылдарына кешенді даму жоспары *.doc 3.3 MB
kn Шығыс Қазақстан Облысы Катонқарағай ауданы Белқарағай ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған Кешенді даму жоспары *.doc 769 KB
kn Белқарағай ауылдық округінің 01 шілде 2017 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуы *.doc 78 KB

 

Парақтар өзгертілді: 01-10-2019