Ақсу ауылдық округі

Тумарбек АскарАқсу ауылдық округінің әкімі - Тумарбек Аскар

Тұмарбек Асқар- Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Ақсу аылдық округінің әкімі. 1986 жылы 1 қаңтарда  Семей облысы Семей қаласында дүниеге келді. Ұлты қазақ. 2005 жылы Семей қаласындағы Семей  құқық және бизнес колледжінің құқықтану мамандағы бойынша аяқтады. 2009 жылы Семей қаласының «Қайнар» университетінің заңтану мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі берілді.
Өз еңбек жолын 2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы «Бородулиха аудананың мәслихатының аппараты» ММ – де қенесші-заңгер ретінде бастады. 2011 жылдан 2012 жылдар арасында Шығыс Қазақстан облысы «Бородулиха аудананың мәслихатының аппараты» ММ – де жетекші маман болып жұмыс атқарды. 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысы «Бородулиха ауданы әкімі аппараты» ММ – де бас маман болды. 2013 жылы «Бородулиха ауданы әкімі аппараты» ММ – де құқықтық бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. 2015 жылдан бастап мемлекеттік – құқыктық бөлімінің бас маманы болды. Және 2015 жылы Өскемен қаласы «Шығас Қазқстан облысы әкімі аппаратының» ММ- нің құқықсақтау органдармен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарды. Өскемен қаласы «Шығас Қазқстан облысы әкімі аппаратының» ММ- нің 2017 жылдың ақпан айынан 2018 жылы арасында терроризмге қарсы комиссияларының қызметін қамтамасыз ету және құқықсақтау органдармен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы болды. 2018 -2019 жылдары Өскемен қаласы «Шығас Қазқстан облысы әкімі аппаратының» ММ- нің ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс атқарды. Катонқарағай ауданы әкімінің 2019 жылы  12 ақпандағы № 31-ж өкімі негізінде Катонқарағай ауданы Ақсу ауылдық округінің әкімінің міндетің атқарушы болды. Катонқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушысының 2019 жылы  30 ақпандағы № 78-ж өкімі негізінде Катонқарағай ауданы Ақсу ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

 

Негізгі міндеттері

Селолық округтің әкімі заңнамаға сәйкес азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады; бюджетке салық жинауда көмек көрсетеді; жоғары тұрған әкімдікке әкім аппараты әкімшісі шығатын , мәслихатпен сәйкес келетін қаражаттық бағдарламаларды бекіту үшін өңдейді және енгізеді; өз құзыретінің шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ селолық округтегі автомобиль жолдарының құрылысын, қайта құрылуын, жөнделуін және ұсталуын қамтамасыз етеді; шаруа (фермерлік) қожалықтарын ұйымдастыруда, кәсіпкерлік қызметті дамытуда көмек көрсетеді; өз құзыретінің шегінде жаппай әскери міндеттер мен әскери қызмет, азаматтық қорғасын, сондай ақ жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру мәселелері жөнінде заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; нотариалдық әрекет жасауды, азаматтық хал - жағдайының актілерін тіркеуді ұйымдастырады; табысы аз азаматтарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты кәрі азаматтарға және еңбекке қабелетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады; қоғамдық көліктің жүруін ұйымдастырады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды; шаруашылық бойынша кітаптардың статистикалық есебін жүзеге асырады; өз құзыретінің шегінде елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді; елді мекендерді көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; туыссыздарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; оқушыларды мектепке барар және қайтар жолын тегін әкелуді ұйымдастыру; жоғары тұрған әкім алдында өзіне жүктелген функцияларды іске асыруға жауапты. Селолық округі әкімінің қызметіне өзге де мәселелерді шешу жүктелуі мүмкін.

kn  Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау: сейсенбі сағат 15.00-18.00, бейсенбі сағат 10.00 -17.000
kn   Байланыс телефоны: 8(72330) 25-372

 

Мұрағат

 

kn Ақсу ауылдық округінің9 айлықбойыншаәлеуметтік-экономикалықдамуыжайындақорытынды *.doc 79 KB
kn 2013 жылдың қорытынды көрсеткіштері бойынша округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2014 жылғы міндеттер туралы» Ақсу ауылдық округі әкімінің есеп беру баяндамасы *.doc 76 KB

 

 

Парақтар өзгертілді: 08-05-2019