Үлкен Нарын ауылдық округі

Ахметов Абайхан Магауянович.Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі - Ахметов Абайхан Магауяұлы

1955 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданының Большенарым ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1992 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітіріп география мамандығы бойынша география мұғалімі деген біліктілік берілді. Еңбек жолын 1976 жылы Хайрузовка наубайханасында механизатор болып бастады. 1978 жылдан Большенарым СПТУ-16-да тәрбиелеуші, оқутышы, оқу-тәрбиеші жұмысы бойынша диретор орынбасары болды. 1999 жылдан Большенарым ауылдық округі әкімі. 2002 жылдан Катонқарағай ауданының мәдениет және спорт бөлімінің меңгерушісі. 2005 жылдан ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы. 2012 жылдан агро-техникалық колледжінің директоры. 2014 жылдың маусымынан қыркүйек  айына дейін  Катонқарағай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

kn Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері: дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі сағат 09-00 ден 13-00 дейін


kn Мекен-жайы:
Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі 106 үй
Байланыс телефоны 8 (72341) 2-12-54
Электрондық почта: Ulkennaryn@mail.ru

 

Негізгі міндеттері

Селолық округтің әкімі заңнамаға сәйкес азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады; бюджетке салық жинауда көмек көрсетеді; жоғары тұрған әкімдікке әкім аппараты әкімшісі шығатын , мәслихатпен сәйкес келетін қаражаттық бағдарламаларды бекіту үшін өңдейді және енгізеді; өз құзыретінің шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ селолық округтегі  автомобиль жолдарының құрылысын,  қайта құрылуын, жөнделуін және ұсталуын қамтамасыз етеді; шаруа (фермерлік) қожалықтарын ұйымдастыруда, кәсіпкерлік қызметті дамытуда көмек көрсетеді; өз құзыретінің шегінде жаппай әскери міндеттер мен әскери қызмет, азаматтық қорғасын, сондай ақ жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру мәселелері жөнінде заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; нотариалдық әрекет жасауды, азаматтық хал - жағдайының актілерін тіркеуді ұйымдастырады; табысы аз азаматтарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты кәрі азаматтарға және еңбекке қабелетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады; қоғамдық көліктің жүруін ұйымдастырады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды; шаруашылық бойынша кітаптардың статистикалық есебін жүзеге асырады; өз құзыретінің шегінде елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді; елді мекендерді көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; туыссыздарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; оқушыларды мектепке барар және қайтар жолын тегін әкелуді ұйымдастыру; жоғары тұрған әкім алдында өзіне жүктелген функцияларды іске асыруға жауапты. Селолық округі әкімінің қызметіне өзге де мәселелерді шешу жүктелуі мүмкін.

 

Мұрағат

kn Үлкен Нарын ауылдық округінің 01 шілде 2017 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуы *.doc 77 KB
kn 2013 жылғы Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша әлеуметтік –экономикалық дамуын талдау *.doc 77 KB
kn Құрметті Дәурен Әділханұлы! Құрметті жиынға қатысушылар! *.doc 69 KB

 

Парақтар өзгертілді: 28-09-2017