Аққайнар ауылдық округі

Курманов Сереткан АльпешовичАққайнар ауылдық округінің  әкімі – Құрманов Серетқан Әлпешұлы

1961 жылы 25 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы  Черновая ауылдында дүниеге келген. 1978 жылы Черновая ауылында орта мектепті бітіп, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне түсіп, 1994 жылы тарих пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын Чернова совхозында тас қалаушы болып бастады. Чернова совхозында техника қауіпсіздігі бойынша инженер қызметін атқарды. 2010-2011 жылдар аралығында Қайыңды негізгі орта мектебінде тарих пәні мұғалімі қызметін атқарды. 2014 жылғы қаңтар айынан 2016 жылғы мамыр айы аралығында «Аққайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де жетекші маман қызметін атқарды. 2016 жылғы мамыр 2017 жылғы тамыз айы аралығында «Аққайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де бас маман қызметін атқарды. 
Катонқарағай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 11 тамыздағы шешімімен Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Катонқарағай аудан әкімінің 2017 жылғы 07 қарашадағы өкімімен Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Отбасылық жағдайы үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

kn  Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау:
дүйсенбі, сәрсенбі, жұма сағат 09-00 ден 17-00 дейін.
kn  Мекенжайы:
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Аққайнар  ауылы Абай көшесі 15
Байланыс  телефоны: 8(72341) 5-07-90

Негізгі міндеттері

Селолық округтің әкімі заңнамаға сәйкес азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады; бюджетке салық жинауда көмек көрсетеді; жоғары тұрған әкімдікке әкім аппараты әкімшісі шығатын, мәслихатпен сәйкес келетін қаражаттық бағдарламаларды бекіту үшін өңдейді және енгізеді; өз құзыретінің шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ селолық округтегі  автомобиль жолдарының құрылысын,  қайта құрылуын, жөнделуін және ұсталуын қамтамасыз етеді; шаруа (фермерлік) қожалықтарын ұйымдастыруда, кәсіпкерлік қызметті дамытуда көмек көрсетеді; өз құзыретінің шегінде жаппай әскери міндеттер мен әскери қызмет, азаматтық қорғасын, сондай ақ жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру мәселелері жөнінде заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; нотариалдық әрекет жасауды, азаматтық хал - жағдайының актілерін тіркеуді ұйымдастырады; табысы аз азаматтарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты кәрі азаматтарға және еңбекке қабелетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады; қоғамдық көліктің жүруін ұйымдастырады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды; шаруашылық бойынша кітаптардың статистикалық есебін жүзеге асырады; өз құзыретінің шегінде елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді; елді мекендерді көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; туыссыздарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; оқушыларды мектепке барар және қайтар жолын тегін әкелуді ұйымдастыру; жоғары тұрған әкім алдында өзіне жүктелген функцияларды іске асыруға жауапты. Селолық округі әкімінің қызметіне өзге де мәселелерді шешу жүктелуі мүмкін.

 

kn Әлеуметтік-экономикалық төлқұжат *.doc 48 KB

Мұрағат

 

kn «2013 жылдың көрсеткіштері бойынша округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2014 жылғы міндеттер туралы» Аққайнар ауылдық округі әкімінің есеп беру баяндамасы *.doc 90 KB

 

Парақтар өзгертілді: 13-11-2017