Сұрақ-жауап

kn  «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы «ХҚКО» департаментінің Курчатов қ. бөліміне азамат А.А. Башков «ҚР шегінен тыс шығу үшін паспортты қалай ресімдеуге болады?» деген сұрақпен жүгінген.
Бұл сұраққа бөлім басшысының м.а. З.К. Рахимбердин жауап берді:
Паспортты ішкі істер органының жергілікті бөлімдері ХҚКО арқылы тұрғылықты мекенжайына байланысты емес түрде беріледі. Аталған құжат ХҚКО қажетті құжаттар өткізілген күннен бастап 30 күнтізбелік күн негізінде беріледі.
Бұл үшін келесі құжаттарды өткізу керек:
- салыстыру үшін жеке куәлік (болған жағдайда паспорт);
- 1 АЕК –тің 400 % төлегендігі (банк арқылы немесе ХҚКО) туралы түбіртек. Мемлекеттік баж салығынан босаған тұлғалар растаушы құжатты ұсынады.
- туу туралы куәлік және 16 жасқа дейінгі баланың туу туралы куәлігі, неке қию немесе некені бұзу туралы куәлік (егер тұл болған жағдайда қайтыс болу туралы куәлік) – түпнұсқалары;
-құжатқа фотога түсіру ХҚКО арқылы жүзеге асырылады.

kn«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Бородулиха аудандық бөліміне азаматша А.Б. Абдулгазимова «Тұрғын үй көмегін ресімдеу үшін алғаш рет алуға келіп, қандай құжаттар керек?» деген сұрақпен жүгінген:
Осы сұраққа бөлім басшысы Д.К. Серменов жауап берді:
- осы мемлекеттік қызметті жалғыз басты зейнеткерлер және аз қамтылған отбасылар ресімдей алады, ол үшін ХҚКО келесі құжаттарды ұсыну керек:
- өтініш берушінің тұлғасын куәландырушы құжат (түпнұсқасы қызмет алушының тұлғасын сәйкестендіру үшін қажет);
- отбасы кірісін растайтын құжаттар (мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен сәйкес мәліметтерді есептемегенде);
- тұрғын үйді қамтамасыз ету мөлшері туралы шоттар;
- коммуналдық қызметтерді қолдану туралы шоттар;
- байланыс қызметін көрсетуге арналған шарт көшірмелері немесе телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек – шоттар;
- жергілікті атқарушы органмен ұсынылған, тұрғын үй фондынан жергілікті атқарушы органмен жалданған тұрғын үйді қолданғаны үшін жалға алу мөлшері туралы шот.
Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚКО жұмыскерлері құжаттардың электронды көшірмелерін жасап, кейіннен, қызмет алушыға түпнұсқаларын қайтарады. Қызмет 10 жұмыс күні ішінде, тегін көрсетіледі.

knХҚКО Бесқарағай аудандық бөліміне Адильбек Калымжанов жүгінді, ол өз кезегінде  «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтіксала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек
тағайындау» 
мемлекеттік қызметін ресімдеу үшін қандай құжаттар керектігін сұрады:
Осы сұраққа құжаттарды қабылдау маманы  Алмас Искаков жауап берді:
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек
тағайындау» 
мемлекеттік қызметін ХҚКО ресімдеуге болады. Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі: дүйсенбіден сенбіге дейін 09:00-ден 20:00-гедейін түскі үзіліссіз, жексенбі және мейрам күндерінен бөлек.

Қабылдау қызмет алушының тіркелген мекенжайы бойынша электронды тәртіпте жеделдетусіз қабылданады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тіркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы);
 3) жұмыс орнынан анықтама;
 4) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 10 жұмыс күні, қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

kn «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінің Абай аудандық бөліміне қала тұрғыны жүгінді. Ер адам пәтерін қайта жоспарлау үшін құжаттарды ХҚКО өткізуге болатынын және қандай құжаттар қажет екендігін сұрады.

Оның сұрағына осы бөлім басшысының м.а. Елдар Мусаханов жауап берді:

- Әрине, болады. Қазіргі күні ХҚКО «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік қызметіне өтініштер қабылдауда. Аталған қызметті алу үшін белгілі шарттары бар, яғни, жасалған жоспарлаулар  салмақ түсетін конструкцияға тиіспеу керек. Аталған қызметті көрсету мерзімі 10 жұмыс күні. Қызметті алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1. бекітілген үлгідегі өтініш;
2. тұлғасын сәйкестендіруші құжаттар;  
3. объект иесінің жазбаша келісімі;  
4. өзгертілетін үй-жайға өтініш иесінің меншік иесінің техникалық паспортының көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);
5. Болжанған өзгерістер жоспарына сәйкес эскиздер (эскиздік жобалар) қоса беріледі.
Қызмет тегін көрсетіледі. Егер, үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтау)  жоспарланса немесе үй – жайдың жекелеген аймақтары  басқа үй – жай иелерінің аумағына шықса онда, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі керек.
Егер ресімдеумен үшінші тұлға айналысатын болса, онда нотариалды бекітілген сенімхат қажет.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қызмет алушыларды қабылдау дүйсенбіден – сенбіге дейін сағат 09.00-20.00 ге дейін екендігін еске саламыз.

kn Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын алу

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінің Аягөз  аудандық бөліміне қала тұрғыны жүгінді. Азаматша  ХҚКО Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын алуға болама деп сұрады.
Аудандық бөлімде жауап берді:  
- егер, сіз жоғарғы оқу орынын аяқтау туралы дипломды жоғалтып алсаңыз, онда сіз ХҚКО жүгініп,  көшірмесін алуға өтініш беруге болады. Аталған қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Көшірмені бір ай көлемінде ала аласыз.
Мемлекеттік қызметке өтініштер қабылдау мемлекеттік корпорация немесе www.egov.kz  «электронды үкімет» веб – порталы арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ порталға жүгіну арқылы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 күн.
Мемлекеттік корпорацияға және порталға жүгінген жағдайда қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:
 Мемлекеттік корпорацияға:
 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш, онда білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептер (тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгеруі, жарамсыздығы немесе оны толтыру кезіндегі қателер) баяндалады;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі).
  Жоғары оқу орны жабылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы оқу орны орналасқан жері бойынша мұрағатқа жүгінеді.
            Порталда:
 1) көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш, онда білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептер (тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгеруі, жарамсыздығы немесе оны толтыру кезіндегі қателер) баяндалады.
Выдача дубликатов документов о высшем и послевузовском образовании
В Агозский районный отдел Департамента «ЦОН» – филиала НАО ГК «Правительства для граждан» по ВКО обратилась жительница города. Женщина спрашивала, может ли она в ЦОНе получить дубликат диплома о высшем образовании? И какие документы для этого необходимо сдать?

kn Өскемен қалалық №3 «ХҚКО» бөліміне қала тұрғыны сауалы: «ХҚКО-да жеке кәсіпкерді тіркеуге бола ма?»
Бұл сұраққа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директоры Азамат Есембулов былай жауап береді:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» фронт-офистарында Мемлекеттік кірістер комитетінің жергілікті органдары арқылы көрсететілетін, «Жеке кәсіпкерді тіркеу есебі» мемлекеттік қызметіне құжаттарын ұсыну қажет. Қажетті құжаттар: берілген үлгі бойынша салықтық өтініш және жеке басын растайтын құжаты.
Қызметтің орындалу мерзімі – бір жұмыс күні.
Сонымен қатар, электронды санды қолтаңба болған жағдайда аталған қызметті Электронды үкімет порталы арқылы да алуға болады.


kn«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Катонқарағай бөліміне аудан тұрғыны, ер адам жүгінген. Ол ХҚКО арқылы пәтерін қайта жоспарлауға рұқсат алуға бола ма деген сұрақты қойды. Және де ол үшін қандай құжаттар қажет?
Сұраққа аталған бөлімнің реттеу зал басшысы Ильдар Абиев жауап береді:

-Әрине, болады. Қазіргі таңда Халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш қабылдайды, қызмет «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік қызметі деп аталады. Аталған қызметті алу үшін айтарлықтай талаптары бар, атап айтқанда – жүргізілген қайта жоспарлау салмақ түсетін конструкцияға тиіп кетпеуі керек. Қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні. Аталған қызметті алу үшін Сізге келесі құжаттарды тапсыру керек:
1. Бекітілген үлгідегі өтініш
2. Жеке бас куәлігі
3. Объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне жазбаша келісімі;
4. Өзгертілетін үй-жайға өтініш иесінің меншік иесінің техникалық паспортының көшірмесі
5. Болжанған өзгерістер жоспарына сәйкес эскиздер (эскиздік жобалар)
Қызмет тегін көрсетіледі. Егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;
Егер ресімдеумен үшінші тұлға айналысатын болса, нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы болуы қажет.

Естеріңізге саламыз, Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы клиенттерді қабылдау кестесі дүйсенбіден сенбі аралығында 09.00-ден 20.00-ге дейін.

 

kn Департаменттің Катонқарағай аудандық бөліміне аудан тұрғыны Жанар Куашпаева келесі сұрақпен келген: «Мен білім туралы дипломды РФ Томск қаласынан алдым. Жұмысқа тұру кезінде менен дипломның жарамдылығын растауды сұрады, осы қызметті мен ХҚКО-дан ала алам ба, және де оған қандай құжаттар қажет?»
Сұраққа Катонқарағай аудандық бөлімінің басшысы Валихан Кауашов жауап береді:
- «Білім туралы құжатты нострификациялау мен тану» мемлекеттік көрсетілетін қызметін ХҚКО-дан алуға болады. Аталған қызмет ақылы түрде орындалады. Ол үшін Сізге білім туралы құжатыңызды, оқылған пәндер мен олар бойынша бағалар, сонымен қатар сағаттар саны көрсетілген қосымшасын қосып, көшірмесін жасатып, нотариуста оны растап, ХҚКО-ға жүгіну қажет.
Сонымен қатар,  білім туралы құжаттың мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару қажеттігін естеріңізге саламыз. ХҚКО-ға келіп, Сіздерге өтініш толтырып, қолдағы құжаттарды, баж салығының төленгендігі туралы түбіртек және оқу орнының аккредитациядан өткендігі туралы куәлігінің немесе лиценциясының көшірмесі, мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, аталған оқу орнының мөрімен расталғанды тапсыру қажет. Егер Сізде аккредитациядан өткендігі туралы куәлігінің немесе лиценциясының көшірмесі болмаған жағдайда, сайт немесе оқу орны туралы басқа ақпарат көзінің сілтемесі бар сканерленген немесе электронды түрдегі ақпаратты ұсынсаңыз жеткілікті. 
Егер диплом алғаннан кейін, Сіз тегіңізді, атыңызды немесе әкеңіздің атыңызды ауыстырған болсаңыз, қосымша тегіңіздің, атыңыз немесе әкеңіздің атының өзгергендігін растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі жолдау қажет болады.
Егер құжаттарды тапсыру кезінде Сіз ҚР азаматы болмасаңыз, онда Сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесі нотариалды растау қажет болады.
Толықтай ақпаратты алу үшін Аблайхана көшесі 96 мекенжайындағы ХҚКО-ға немесе 2-23-61 телефоны бойынша, немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.


kn «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Катонқарағай  аудандық бөліміне  аудан тұрғындарынан осындай сұрақ келіп түсті: «ХҚКО арқылы техникалық паспорт алуға болама? Ол үшін қандай құжаттар керек?»
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Катонқарағай  аудандық бөлімі басшысы  Кауашов В.З. жауап береді:
- Иа, ХҚКО арқылы техникалық паспортты алуға болады. Ол үшін төмендегі құжаттарды ХҚКО ұсыну қажет:
1) қызмет алушының тұлғасын  және қызмет алушы уәкіліні тұлғасын куәландыратын өтінім құжаты;
2) қызмет алушы уәкілінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жылжымайтын мүлік объектісіне  құқық белгілейтін  құжат, бар болған жағдайда қосымшасымен техникалық паспорты және оның жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты;
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мүлік объектісіне байланысты: жатақханадағы бөлмеге, пәтерге техникалық паспорт 3 жұмыс күнінде беріледі; жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт 5 жұмыс күн ішінде; басқа да  жалпы ауданы 1000 кв.м. – ге дейін  объектілерге  техникалық паспорт  7 жұмыс күн ішінде, жалпы ауданы 1000 кв.м.-ден асатын объектілерге техникалық паспорт  10 жұмыс күн ішінде дайындалады.

 

kn «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Катонқарағай  аудандық бөліміне кеңес алу үшін аудан тұрғыны Ирина Иванова осындай сұрақпен келіп жүгінді:  «Менің күйеуім қайтыс болды, мен  жерлеуге біржолғы төлем тағайындауды рәсімдеуіме бола ма? Ол үшін қандай құжаттар керек  және осының бәрін ХҚКО рәсімдеуге бола ма?
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Катонқарағай аудандық бөлім басшысы  В.З. Кауашов жауап береді:
- Қаржылық көмек төлемін ХҚКО арқылы рәсімдеуге болады. Ол үшін Сізге ХҚКО келесі құжаттарды  әкелуіңіз керек:

1) жерлеген тұлғаны куәландыратын құжат немесе  мемлекеттік тіркеу туралы заңды тұлғаның анықтамасын, жеке кәсіпкер екендігін растайтын патент құжаттарын;
2) қайтыс болғандығы туралы анықтама немесе басқа мемлекеттің қуәкілетті органымен берілген және апосительмен расталған  қайтыс болу фактісін растайтын құжат;
3) Екінші дәрежелі банктердің банк шоттары туралы құжат;

Қызмет 3 жұмыс күні ішінде рәсімделеді.

 

kn«ХҚКО» Департаменттің Катонқарағай аудандық бөліміне аудан тұрғыны Жанар Куашпаева келесі сұрақпен келген: «Мен білім туралы дипломды РФ Томск қаласынан алдым. Жұмысқа тұру кезінде менен дипломның жарамдылығын растауды сұрады, осы қызметті мен ХҚКО-дан ала алам ба, және де оған қандай құжаттар қажет?»

Сұраққа Катонқарғай аудандық бөлімінің реттеу зал басшысы Ильдар Абиев жауап береді:
- «Білім туралы құжатты нострификациялау мен тану» мемлекеттік көрсетілетін қызметін ХҚКО-дан алуға болады. Аталған қызмет ақылы түрде орындалады. Ол үшін Сізге білім туралы құжатыңызды, оқылған пәндер мен олар бойынша бағалар, сонымен қатар сағаттар саны көрсетілген қосымшасын қосып, көшірмесін жасатып, нотариуста оны растап, ХҚКО-ға жүгіну қажет.
Сонымен қатар, білім туралы құжаттың мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару қажеттігін естеріңізге саламыз. ХҚКО-ға келіп, Сіздерге өтініш толтырып, қолдағы құжаттарды, баж салығының төленгендігі туралы түбіртек және оқу орнының аккредитациядан өткендігі туралы куәлігінің немесе лиценциясының көшірмесі, мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, аталған оқу орнының мөрімен расталғанды тапсыру қажет. Егер Сізде аккредитациядан өткендігі туралы куәлігінің немесе лиценциясының көшірмесі болмаған жағдайда, сайт немесе оқу орны туралы басқа ақпарат көзінің сілтемесі бар сканерленген немесе электронды түрдегі ақпаратты ұсынсаңыз жеткілікті.
Егер диплом алғаннан кейін, Сіз тегіңізді, атыңызды немесе әкеңіздің атыңызды ауыстырған болсаңыз, қосымша тегіңіздің, атыңыз немесе әкеңіздің атының өзгергендігін растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі жолдау қажет болады.
Егер құжаттарды тапсыру кезінде Сіз ҚР азаматы болмасаңыз, онда Сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесі нотариалды растау қажет болады.
Толықтай ақпаратты алу үшін Аблайхана көшесі 96 мекенжайындағы ХҚКО-ға немесе 2-23-61 телефоны бойынша, немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.

 

kn«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Катонқарағай бөліміне аудан тұрғыны, ер адам жүгінген. Ол ХҚКО арқылы пәтерін қайта жоспарлауға рұқсат алуға бола ма деген сұрақты қойды. Және де ол үшін қандай құжаттар қажет?
Сұраққа аталған бөлімнің реттеу зал басшысы Ильдар Абиев жауап береді:

 -Әрине, болады. Қазіргі таңда Халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш қабылдайды, қызмет «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік қызметі деп аталады. Аталған қызметті алу үшін айтарлықтай талаптары бар, атап айтқанда – жүргізілген қайта жоспарлау салмақ түсетін конструкцияға тиіп кетпеуі керек. Қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні. Аталған қызметті алу үшін Сізге келесі құжаттарды тапсыру керек:

1. Бекітілген үлгідегі өтініш

2. Жеке бас куәлігі

3. Объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне жазбаша келісімі;

4. Өзгертілетін үй-жайға өтініш иесінің меншік иесінің техникалық паспортының көшірмесі 

5. Болжанған өзгерістер жоспарына сәйкес эскиздер (эскиздік жобалар) 

Қызмет тегін көрсетіледі. Егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;

Егер ресімдеумен үшінші тұлға айналысатын болса, нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы болуы қажет.

Естеріңізге саламыз, Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы клиенттерді қабылдау кестесі дүйсенбіден сенбі аралығында 09.00-ден 20.00-ге дейін.

 

knДепартаменттің Катонқарағай аудандық ХҚКО бөліміне аудан тұрғыны Ольга Скорых: «Мен кәмелеттік жасқа толмаған баланың асыраушысымын және оған жәрдемақы рәсімдейін деп едім, мен мұны ХҚКО-да тапсыра аламын ба, ол үшін қандай құжаттар қажет?» деген сұрақпен жүгінді.
Сұраққа Катонқарағай аудандық бөлімінің реттеу зал басшысы жауап береді:

  • Иә, Сіз аталған қызметті ХҚКО-дан ала аласыз. Ол үшін Сізге Орталыққа келіп өтініш жазу керек және келесі құжаттарды тапсыру қажет:
  • Жеке бас куәлігі
  • Жергілікті атқарушы органның асыраушыны тағайындау туралы шешімі
  • Баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі
  • Баланың асыраушысының жоқтығын растайтын құжаттар түпнұсқасы және көшірмесі
  • Асыраушының атына есептік шоттың ашылғандығы туралы шарт көшірмесі
  • Балаға кірістер туралы деректер (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді алуды растайтын құжаттар, баланың мүлігі кірісі туралы деректер).

Толықтай ақпаратты алу үшін Аблайхана көшесі 96 мекенжайындағы ХҚКО-на немесе 2-23-61 телефоны бойынша, немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.

 

kn «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қатонқарағай  аудандық бөліміне Үлкен Нарын ауылының тұрғыны Кадырова Ажар: «Мен кәмелеттік жасқа толмаған баланың асыраушысымын және оған жәрдемақы рәсімдейін деп едім, мен мұны ХҚКО-да тапсыра аламын ба, ол үшін қандай құжаттар қажет?» деген сұрақпен жүгінді.
Сұраққа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қатонқарағай  аудандық бөлімінің басшысы Валихан Зарылқанұлы Кауашов жауап береді:

  • Иә, Сіз аталған қызметті ХҚКО-дан ала аласыз. Ол үшін Сізге Орталыққа келіп өтініш жазу керек және келесі құжаттарды тапсыру қажет:
  • Жеке бас куәлігі
  • Жергілікті атқарушы органның асыраушыны тағайындау туралы шешімі
  • Баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі
  • Баланың асыраушысының жоқтығын растайтын құжаттар түпнұсқасы және көшірмесі
  • Асыраушының атына есептік шоттың ашылғандығы туралы шарт көшірмесі
  • Балаға кірістер туралы деректер (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді алуды растайтын құжаттар, баланың мүлігі кірісі туралы деректер).

Толықтай ақпаратты алу үшін Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, 96 үй мекенжайындағы ХҚКО-ға немесе 2-23-61 телефоны бойынша, немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.

 

kn «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Катонқарағай аудандық бөлімінің кеңес беру секторына аудан тұрғыны жүгінді. Р.Искакова келесі сұрақты қойған: «Мен бірінші рет ана атандым, енді жәрдемақы алуға құжаттар тапсыруым қажет. ХҚКО арқылы барлығын ресімдеу үшін қандай құжаттар керек?»

Сұраққа Департаменттің Катонқарағай аудандық бөлімінің басшысы Валихан Кауашов жауап береді:
«Жәрдемақыны ХҚКО арқылы ресімдеуге болады. Ол 7 жұмыс күні ішінде ресімделеді. Сізге келесілерді тапсыр қажет:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;
- баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;
- көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда – неке қию (некені бұзу) туралы куәлік;
- балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда – балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат;
- өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адам берген жағдайда – сенімхат ұсынады.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес балаға жәрдемақыны тағайындауға құжаттарды ХҚКО арқылы, және де Электронды үкімет порталы арқылы да ресімдеуге болады.

 

kn«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Катонқарағай аудандық бөліміне аудан тұрғыны А.Рамазанова келесі сұрақпен жүгінді, «Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі анықтаманы ХҚКО-дан қалай алуға болады және ол үшін қандай құжаттар қажет?»

Сұраққа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Катонқарағай аудандық бөлімінің реттеу зал басшысы И.Абиев жауап береді:

  • Аталған анықтаманы ХҚКО арқылы алу үшін Сізге келесі құжаттарды тапсыру қажет:
  • Өтініш
  • Жеке басын куәландыратын құжат
  • Егер бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған болса туу туралы куәлік.

Сонымен қатар, аталған қызмет ЭЦҚ-ның болуы жағдайында электронлы үкімет порталында да қолжетімді. Айта кететін жайт қызмет 5 минуттың ішінде тегін көрсетіледі.  Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім балаларға), қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы деректердің жоқтығы жағдайында мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет мерзіміне кірмейді).

 

kn Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Катонқарағай аудандық бөліміне «ХҚКО арқылы некеге тұру үшін қандай құжаттар тапсыру қажет?» деген сұрақпен болашақ жас жұбайлар жүгінді.
Сұраққа Катонқарағай аудандық бөлімінің реттеу зал басшысы Абиев Ильдар жауап береді.

- Иә, шынымен де, некеге тұруға ХҚКО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы құжаттарды тапсыруға болады.
Электронды өтініш беру үшін өтініш берушінің екеуі де бірінші рет некеге тұрулары керек және балалары болмауы қажет. Екінші және одан кейінгі некені портал арқылы тіркеу мүмкін емес. Сонымен қатар, ЭЦҚ –ның болуы шарт.
«Электронды үкімет» порталы арқылы өтініш беру кезінде «Отбасы» бөліміне, артынан «Отбасы жағдайы» бөлігіне, кейіннен «Некені тіркеуге электронды өтініш беруге» кіріп, «Онлайн қызметке тапсырыс» нүктесін басу керек.
Операцияны жүзеге асыру үшін электронды өтінішті толтыру қажет, қызмет төлемін жүргізіп, электронды цифрлық қолтаңбамен қол қою керек.
Қызмет ақысын электронды үкімет порталы арқылы жүргізуге болады, ол үшін төлем картасы болуы керек.
Осыдан кейін, Сізге өтініштің қабылданғаны, некені тіркеу күні мен орыны туралы хабарлама беріледі.

 

kn Біздің бөлімге келесідей бір сұрақ келіп түсті. Адильянов Аслан: «Менде жеке қосалқы шаруашылық бар. Мен осыны қандай да бір анықтамамен растай аламын ба? Ол үшін қандай құжаттар қажет?»- деп сұрайды.

Сұраққа «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалы Катонқарағай аудандық бөлімінің басшысы Кауашов Валихан жауап береді.


- Иә, жеке қосалқы шаруашылық туралы ақпарат ХҚКО-да берілетін анықтамамен расталады. Аталған қызметті алу үшін жеке куәлік болуы керек. Аталған қызметті сонымен бірге жергілікті атқарушы органдар да, демек, ауыл, село, селолық округтердің әкімімен де көрсетіледі. Егер Сізде электронды цифрлық қолтаңба болса, анықтаманы электронды үкімет порталымен де алу мүмкіндігі бар.

 

kn Катонқарағай ауданының тұрғыны ХҚКО-ға мынадай сұрақпен жүгінген: осы жерден ол оның жұмыссыз екендігі туралы анықтама алуға бола ма?
Сұраққа «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Катонқарағай аудандық бөлімінің инспекторы К.Н.Самарханов жауап береді.

- Әрине, болады. Бұл анықтаманы азаматтар ХҚКО-дан, сондай-ақ ЭЦҚ-сының болуы жағдайында электронды үкімет порталынан ала алады.
Ол үшін Сізге жеке куәлігіңізбен Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Қызмет тегін түрде 15 минуттың ішінде көрсетіледі. Барлық сұрақтар бойынша «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Катонқарағай аудандық бөліміне 8-72341-22361 телефон нөмірі бойынша немесе Электронды үкіметтің бірыңғай байланыс орталығына 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады.  

 

kn «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Катонқарағай аудандық бөліміне Тимур және Алия Молдажановтардың отбасы келесі сұрақпен жүгінді: «Егер біздің ортақ баламыз, сондай-ақ ортақ мүлік жоқ болса ХҚКО арқылы ажырасуға қалай тапсыруға болады?»
Сұраққа «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Катонқарағай аудандық бөлімінің басшысы Кауашов В.З. жауап береді.


- Иә, шынымен де, ХҚКО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы некені бұзуға құжаттарды тапсыруға болады. Аталған қызмет кәмелеттік жасқа толмаған балалары жоқ, өзара келісімге келгендерге көрсетіледі. Ескеретін жайт, ХҚКО арқылы некені бұзуға құжаттарын 2008 жылғы 1 маусымнан кейін некелерін тіркегендер ғана тапсыра алады, өйткені ақпараттық жүйе аталған мерзім ішіндегі ғана деректерді бере алады.
«Электронды үкімет» порталы арқылы өтінім беру кезінде «Отбасы» бөліміне кіріп, «Отбасы жағдайын» таңдау керек, кейіннен – «Некенің бұзылуы туралы тіркеуге электронды өтініш беру» бөлігін таңдап, «Онлайн қызметке тапсырыс» нүктесін басу керек. Операцияны жүзеге асыру үшін жұбайлардың ЖСН-ын енгізсе жеткілікті және өтінімді электронды цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Осыдан кейін Сізге неке бұзу туралы куәлік беретін АХАТ бөлімінің атауы мен мерзімі туралы ақпараты бар хабарламаны алу керек.  

 

knКатонқарағай ауданының тұрғыны ХҚКО-ға келесі сұрақпен жүгінді: өткен жұмыс орынындағы, егер фирма ертеректе жабылып қалған болса, зейнетақы және әлеуметтік аударылымдар, еңбек ақы төлемдері туралы ақпаратты осы жерден алуға бола ма?
Сұраққа «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалы Катонқарағай аудандық бөлімінің басшысы В.З. Кауашов жауап береді:

Әрине, ала аласыз. Кез келген мұрағаттық құжатты Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар электронды үкімет порталы арқылы алуға болады. Әрі қажетті мұрағаттық құжатты жүгінуден кейін 15 күн өткен соң алуға болады, құжатты тапсыру күні қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Мемлекеттік қызметке өтінішті ресімдеу кезінде өзімен бірге жеке куәліктің болуы жеткілікті (егер анықтаманы басқа тұлға үшін алатын болсаңыз, сенімхат). Электронды үкімет порталы арқылы анықтама алу үшін – ЭЦҚ. Айта кететін жайт, жеке және заңды тұлғалар үшін әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұрақтар бойынша мұрағаттық құжаттарды алу – тегін.
Ескеретін жайт, ХҚКО-дан жасы туралы, мемлекеттік және ведомствалық марапаттар, ғылыми атақтар мен дәрежелерді тағайындау, эвакуациялық және сауықтыру орындарында, экологиялық апатты аймақтағы емдеуде болу, зорлық – зомбылықта және репатриацияда болу, азаматтық хал актілері немесе мүліктік құқық туралы деректерді алуға болады, сонымен қатар еңбек өтілін, білімін, біліктілікті растауды да осы жерден алуға болады.

 

knБіздің бөлімге келесідей бір сұрақ келіп түсті. Катонқарағай ауданының тұрғыны жеке кәсіпкердің Халыққа қызмет көрсету орталығынан патент алуына мүмкіндік бар ма? - деп сұрайды.
Сұраққа «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Катонқарағай аудандық бөлімінің басшысы В.З.Кауашов жауап береді:
- Иә, енді жеке кәсіпкерлерге патент үшін мемлекеттік кірістер Комитетіне барудың қажеті жоқ, оны Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады.
ХҚКО-да патентті тіркеу бір жұмыс күні ішінде орындалады, бірақ құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Патент алу үшін Сіздерге келесі құжаттарды тапсыру керек:

  1. Өтініш берушінің ЖСН-ы
  2. Өтініш берушінің ЭЦҚ-сы
  3. Патент үшін есептесу
  4. Төлем құжаттарының нөмірі

Айта кететін жайт, аталған мемлекеттік қызмет тегін. Кезек күтіп отыруға уақыты жоқтар электронды порталда егер электронды цифрлық қолтаңбасы болмаса да, талонды брондауына мүмкіндіктері бар.
Мемлекеттік қызметті салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы.

 

kn ХҚКО-да Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өтемақы төлеміне қосымша келісімге қалай отыруға болады? «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Катонқарағай аудандық бөліміне аудан тұрғынынан ХҚКО арқылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өтемақы төлеміне қосымша келісімге отыруға бола ма деген сұрақ келіп түсті.
Сұраққа Катонқарағай аудандық бөлімінің басшысы Кауашов В.З. жауап береді:

Иә, ХҚКО арқылы қосымша келісімге отыруға болады. Ол Conection point секторында ЭЦҚ-ның көмегімен жүзеге асырылады. Ол үшін порталдың «Азаматтар» бөліміндегі «Жылжымайтын мүлік» тарауына өту керек, осыдан кейін «Тұрғын үй қатынастары» қосымшасынан Жалпы талаптарға қосылу мақсатында, соның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымдары бойынша өтемақы төлеу үшін тұрғын үй құрылыс жинақ шартының қосымша келісімін жасауды» таңдау керек. «Онлайн қызметке тапсырысты» басқаннан кейін қолданушы салымдардың тізімін алуға келісімді растайды, осыдан кейін келісімге отыру қажет салымдарды таңдайды, міндетті жолақтарды толтырады, қосымша келісім талаптарымен танысады және оған ЭЦҚ көмегімен қол қояды. Электронды қосымша келісім қолданушының жеке кабинетіне түседі. Айта кететін жайт, тұрғын үй құрылыс жинағының келісімнің қосымша келісімдеріне қол қою 8 ақпаннан басталды және 2016 жылғы 01 маусымға дейін созылады (2016 жылғы 31 мамыр қабылдаудың соңғы күні). 

 

kn Катонқарағай аудандық ХҚКО-ның кеңес беру қызметіне жеке кәсіпкер Н.А.Алексеев жүгінді. Оны ХҚКО арқылы алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия алуға бола ма? Ол үшін қандай құжаттарды тапсыру керек? – деген сұрақтар қызықтырды.
Сұраққа бөлім басшысы Кауашов В.З. жауап береді:

  • Сіз лицензияға құжаттары ХҚКО арқылы да, электронды лицензиялау сайты арқылы да тапсыра аласыз. Ол үшін келесі құжаттар қажет:
  • Этил спирті өндірушісі бекіткен және әзірлеген, өндіріс паспортының көшірмесі;
  • арақ пен айрықша арақ және ликер-арақ өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану - техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебі;
  • Алкоголь өнімін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге
    сәйкес келетін меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлардың болуы;
  • стационарлық үй-жайдағы алкогольдік өнім өндіруді қамтамасыз ететін коммуникацияның (сумен жабдықтау, электр қуаты және кәрізбен қамтамасыз ету) болуы;
  • ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттары;
  • лицензиарға өндіру көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде
    беруді қамтамасыз ететін алкоголь өнімінің өндірілу көлемін есепке алатын аспаптардың болуы (виноматериал мен көміртектің қостотығы қышқылынан басқа);
  • Алкоголь өнімін өндіруде сақтау, қабылдау мен жіберу үшін және алкоголь өнімін өндіруде қолданылатын этил спиртін сақтау, қабылдау мен беру үшін арналған қойма-арнайы стационарлық үй-жайдың болуы;
  • Алкоголь өнімін өндіруге шикізатты сақтауға, дайындауға
    (өңдеуге), беруге арналған қойма;
  • Лицензиардың сұрауына санитарлы-эпидемиологиялық бақылау аясындағы атқарушы органның жауабы;
  • Өлшемдердің бірыңғайлығын мемлекеттік қамтамасыз ету
    жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық ылғалдық
    режимі бойынша шикізатты, қосалқы материалдарды, алкоголь өнімін
    сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптардың болуы;

Электронды лицензиялау сайты арқылы өтініш беру үшін Сіздерге ЭЦҚ алу қажеттігін ескертеміз. Сайтқа тапсыру кезінде құжаттар электронды нысанда болу қажет.

 

kn «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Катонқарағай аудандық бөліміне азаматша Филиппова Марина жүгінді. Ол ХҚКО-ға жалғыз тұратын зейнеткер ретінде тұрғын үйге көмекке құжаттар тапсыра алам деп сұрады. Ол үшін қандай құжаттардың қажет?
Оның сұрағына аталған бөлімнің реттеу зал басшысы И.Е.Абиев жауап береді:

  • Әрине, тапсыра аласыз. Қазіргі таңда, дәл солай «Тұрғын үй көмегін тағайындау» деп аталатын мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қабылданады. Мәслихаттың шешімі бойынша жеке топқа жалғыз басты зейнеткерлер, жалғыз басты аналар, 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, көп балалы отбасылар, ЧАЭС қатысушылары, «ауған соғысына қатысушылар» топтастырылады және олар үшін 6 % - дейінгі коммуналдық қызметтер шығыны үшін жеткілікті үлесін қарастырады. Білу керек нәрсе, егер отбасында жұмыссыз ретінде тіркелмеген, әскерде қызмет атқармаған, оқымайтын, жұмыс істемейтін еңбекке жарамды тұлғалар бар болса, отбасы тұрғын үй көмегін алуға құқылы бола алмайды. 1 және 2 топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-қағатын немесе 3 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатындарды қоспағанда. Жедел қызметтегі әскери қызметкерлер отбасы құрамында есептелмейді.

Тағы бір ескеретін маңызды жайт, егер Сіз заңды некеде тұрсаңыз, бірақ жолдасыңыз Сіздің пәтеріңізде тіркелмеген болса, оның кірісі тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде есептелінетін болады. Тұрғын үй көмегі тағайындалмайды, егер заңды некеде бола тұра, жолдасыңыздың тұрғылықты жері туралы білмесеңіз және осы сұрақ бойынша құқық қорғау органдарына жүгінбесеңіз.

Құжаттарға қатысты, Сізге тапсыру керек:

  • Сізбек бірге тұратын отбасы мүшелерінің барлығының жеке бас куәліктері;
  • Тұрғын үйге құқық орнатушы құжат (жекешелендіру шарты немесе сыйға тарту, сату-сатып алу шарты және т.б.), Сіздің құқық меншігіңізге қандай тұрғын үйдің тиесілі екендігі туралы ақпараттық анықтама, бұл ХҚКО-да берілетін № 6 нысан. Ол жылына бір рет беріледі;
  • Отбасының барлық мүшелеріне мекенжай анықтамасы;
  • Отбасының кірісі туралы өткен тоқсанның анықтамасы, бұл анықтамаларды әрбір үш ай сайын тапсыру қажет болады;
  • Егер жұмыс істейтін болсаңыз, жұмыс істейтіндігі туралы анықтама, немесе зейнетақы куәлігі. Егер жұмыс істемейтін болсаңыз – жұмыссыздық туралы анықтама;
  • Жалғыз басты аналарға АХАТ қызметінен берілетін №4 нысанды анықтама;
  • Тұрғын-үйді күтіп ұстауға арналған төлемдер туралы түбіртек, коммуналдық және байланыс қызметтері үшін түбіртек (өткен тоқсанның), стационарлы емес газды плиталарды үйлер үшін – газ баллондарын қолдану туралы анықтама (өткен тоқсанның). Егер ресімдеумен үшінші тұлға айналысатын болса, сенімхат түпнұсқасын тапсыру қажет.

Және де, құжаттар пакетін тапсырған мерзімнен бастап қызмет күнтізбелік 10 күн ішінде көрсетіледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы клиенттерді қабылдау кестесі дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

 

knАудандық бөлімге келесі бір оқырманнан келесідей сұрақ келіп түсті: Халыққа қызмет көрсету орталығынан медициналық қызметке лицензияны жылдам қалай алуға болады?

Сұраққа «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Катонқарағай аудандық бөлімінің басшысы В. З. Кауашов жауап береді:
- Иә, бұл қызмет ХҚКО арқылы көрсетіледі. Лицензияны 15 жұмыс күнінде алуға болады, қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні, лицензияның телнұсқасын алу – 2 жұмыс күн. Аталған мемлекеттік қызметті көрсету үшін лицензиялық алым алынады. Лицензия алу үшін – 10 АЕК; лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі бірліктің 10 %-ы, бірақ 4 АЕК-тен көп емес; лицензияның телнұсқасын беру үшін – лицензия беру кезіндегі бірліктен 100 %-ы. Төменде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізімі берілген.
Медициналық қызметке лицензия алу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет: нысан бойынша өтініш, жеке куәлік үшін – жеке басын куәландыратын құжат,  қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат; нысанға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны; үй-жайға немесе ғимаратқа меншік не жалдау не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжат; жоғары немесе орта медициналық білімі туралы диплом; қайта даярлаудан өту туралы куәліктің немесе біліктілікті арттырудан өту туралы куәлік; қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат.
Лицензияны қайта ресімдеу және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдеу кезінде: мемлекеттік қызметтің аталған стандартының 3 немесе 4-қосымшасына сәйкес бекітілген нысандағы өтініш, ЭҮПШ арқылы төлемнен басқаларды қосапағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат; лицензияны қайта ресімдеу жағдайы кезінде; мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіздеме бола алатын өзгертулер туралы ақпараты бар құжаттар көшірмесі.
Лицензия телнұсқасы және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: бекітілген нысандағы өтініш; қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмау жағдайында, нотариалды куәландырылған құжаттарды ұсыну қажет.

 

kn Бөлімге көптеген азаматтардан сұрақтар келіп түсіп жатады. Оқырманның тағы бір сауалы, ХҚКО арқылы сотқа талап арызын беруге болама? Егер болса, ол үшін не қажет?

Жауапты «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Катонқарағай аудандық бөлімінің басшысы Валихан Кауашов береді:
- Иә, 2015 жылғы 16 қаңтардан бастап «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторында осындай қызмет бар. Азаматтар ХҚКО-да «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы электронды өтінімді, талап арызын, сонымен қатар сот актілерін қайта қарастыруға құжаттарды (аралық сот шешіміне шағымдану туралы өтініш, апелациялық шағым/жеке шағым, тексеру тәртібінде сот актілерін қайта қарау туралы қолдаухат, төрелік шешімін кері қайтару туралы қолдаухат, кассациялық шағым, жаңадан ашылған жағдайлар бойынша сот актілерін қайта қарастыру) ұсына алады. Назарларыңызды келесіге аударуды сұраймын, «Сот кабинетіне» кіру қосымша авторланусыз жүзеге асырылады. Ол үшін Электронды үкімет порталында авторланса болғаны. Егерде қандай да бір мәселелер туындап жатса, «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Катонқарағай аудандық бөлімі қызметкерлеріне жүгінсеңіз болады. Олар ЭЦҚ алуға, тіркелуге, сканирлеуге және құжаттарды бекітуге, банк карточкаларынан төлемдерді жүргізуге көмек береді.

 

kn «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Катонқарағай аудандық бөліміне аудан тұрғынынан мына бір сұрақ келіп түсті: ХҚКО арқылы сыртқы жарнаманы орналастыруға құжаттар тапсыруға бола ма?
Аталған сұраққа «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Катонқарағай аудандық бөлімінің реттеу зал басшысы И.Е.Абиев жауап береді:

  • Аталған қызметті алу үшін Сізге ХҚКО-ға да, ЭЦҚ-ның болуы жағдайында электронды үкімет порталына да жүгінуге болады. Аталған қызмет тегін ресімделеді. Көрсетілу мерзімі 5 жұмыс күні. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетусіз, кезек тәртібінде қабылданады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі елді мекендерде сыртқы жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат, сонымен қатар, облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға паспорт беру болып табылады. Құжаттар әрекет ету мерзімі бір жыл. Ол сәйкесінше органмен ұзартылуы мүмкін, бірақ бір жылдан көп емес мерзімге. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты және құжаттар пакеті тізімін 8-72341-22361 телефон нөмірі мен мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

Естеріңізге саламыз, жарнама - адамдардың белгiленбеген топтарына арналған әрi жеке, заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, қызмет көрсетулерге, жұмыстарға және оларды сату туралы кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын (орналастырылатын) ақпарат; сыртқы (көрнекі) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнама.

 

Парақтар өзгертілді: 18-09-2017