Электронды қызметтерді қалай алуға болады

kn «Connection point»: ХҚКО-да қызметтерді өздігімен алу!

Мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-ға келмей – ақ алу мүмкіндігі бар ма? Осындай сұрақпен «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының аудандық бөліміне Катонқарғай ауданының тұрғыны Ирина Дмитриева жүгінді.
Ол кісіні түсінуге болады әрине, өйткені қазіргі ХҚКО-лардағы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мерзімінде әрбір керек кезінде жұмыстан сұрана беру де мүмкін емес, әрине құжаттарды алу бойынша барлық ресімдеулерді азайтудың да талабы жоқ емес. Қысқасы, азаматша Дмитриевны мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-ға келмей алу мүмкіндігі мен оны қандай жолмен жүзеге асыру қызықтырды.

  • Мен электронды үкімет порталы дегенді естідім, бірақ ол қызмет түрімен кездескен жоқпын – дейді Ирина Дмитриева. – Онымен жұмыс істеуді қайдан үйрене аламын?
  • 2013 жылдан бастап бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша, сондай-ақ біздің бөлімде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы құрылды және жұмыс істейді. Дәл осы жерде тұрғындарға электронды мемлекеттік қызметтерді, электронды сандық қолтаңбаларды  алу мүмкіндігі туғызылған. Осы жерде әрбір келушіге кеңес беріліп, ЭҮП-та (Электронды үкімет порталында) жұмыс істеуге үйретеді – дейді «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалы Катонқарағай аудандық бөлімінің инспекторы А.Т. Шаухина.

Сонымен қатар, инспектор аталған шара әрбір қызмет алушының үйден шықпай-ақ мемлекеттік баж салығын, салықтарды, жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұлды, коммуналдық қызметтерді төлеуді, кез келген ақпараттық анықтаманы алуды үйрену үшін жүзеге асырылғандығын түсіндірді. Жалпы айтқанда, сектор құжаттарды ресімдеуге қатысты барлық мәселелерді жылдам, тиімді және қажет кезінде шешу үшін құрылған.

  • Сұрақтар немесе қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда біздің бөлімнің қызметкерлері көмек беруге және ХҚКО қызметі бойынша сұрақтарға түсініктеме беруге әрқашан дайын – дейді реттеу зал басшысы И.Е. Абиев.

Сонымен қатар, маман «Conection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы – бұл электронды үкімет порталының дамуындағы жаңа кезең екендігін айта кетті. Электронды сандық қолтаңбасы бар азаматтардың электронды нысандағы қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы арнайы жабдықталған орындардан өздігімен алу мүмкіндіктері бар.
Айта кететін жайт, бұл қызмет жылдан жылға тұрғындар арасында танымал болып барады. ШҚО-да 2015 жылы 2 млн-нан астам электронды қызмет көрсетілген. «Conection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторының өзінде ғана азаматтар 462 327 түрлі қызметтерді иеленген.

 

kn Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы - сіздің көмекшіңіз

«Connectoin Point» өзіне - өзі қызмет көрсету секторы Қазақстандықтар үшін ХҚКО – дағы кеңінен таралған, сұранысы артқан бөлім болып отыр. Аталған сектордың арқасында заңды және жеке тұлғалар өздерінің маңызды мәселелерін электронды үкімет порталының онлайн - режимінде шешіп алуда. Өзіне - өзі қызмет көрсету секторы мамандарының айтуынша қызмет көрсету бойынша мекен-жайлық анықтама алу, жылжымайтын мүлкі жоқ екендігі туралы анықтама алу, зейнетақы қорын есептеу анықтамасы, сотты болғандығы немесе болмағандығы туралы анықтама. Арнайы құралдармен және техникалармен жабдықталған орындар қызмет алушыларға қажетті қызметтерін ыңғайлы, әрі қысқа мерзімде элетронды үлгіде алуына мүмкіндік береді. Сектор қызметкерлері электронды үкімет порталымен жұмыс істеуге, мемлекеттік қызмет көрсетуді онлайн арқылы алу қызметтеріне машықтануға үйретеді, онлайн - режим арқылы мәселелерді шешуге байланысты қажетті барлық сұрақтар бойынша кеңес береді, ЭСҚ алу тәртібін және оның мүмкіндіктерін көрсетеді, сондай-ақ, мобильді байланыс құралдары арқылы Мобильді үкімет жұмысының артықшылықтарын көрсетеді.

 

kn Мобильдік ХҚКО

Халықтың бұқара тобына, сонын ішінде алыстағы елді-мекен тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігі бойынша Елбасымен қойылған тапсырманы орындау шеңберінде бүгінгі таңда Шағыс-Қазақстан облысы бойынша 7 мобильдік ХҚКО қызмет етеді, олар 67 елді мекенді қамтиды. 2015 жылдың бастапқы жеті айында алыстағы елді мекендерге 740 шығу жасалынды. Шығулар арнайы бекітілген кестеге сай жүргізіледі. Мобильді ХҚКО – ның шығу кестесімен РМК ХҚКО –ның ресми сайтында танысуға болады. Қазақстан Республикасының денсаулық және әлеуметтік даму Министрлігі «Зейнетақы беру бойынша мемлекеттік орталық» РМҚК, Қазақстан Республикасының инвестиция және даму Министрлігі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК және «Казпочта» АҚ арасында жасалған 3 жақты меморандумға сәйкес 2015 ж. 16 наурызынан бастап бірлескен мобильді ХҚКО шығулары жүзеге асырылуда, берілген меморандумның мақсаты алыстағы елді мекен тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады. Мобильдік ХҚКО – ның шығулары кезінде тұрғындарға электронды үкімет порталының жұмыстары және электронды цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың артықшылығын түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Халыққа кеңесшілік көмек көрсетіледі. Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа жұмыс форматына ауысуы халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге мүмкіндік берді, бизнес-үдерістердің автоматтандырылуы, барлық мемлекеттік органдардың дерекқорларының және ақпараттық жүйелерінің біріктірілуінің нәтижесінде бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет көрсетулердің үлкен бөлігі электронды форматқа ауыстырылды. Бұл қызмет алу тәртібін жайдақтайды.

kn Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру»

Жылжымайтын мүлікті сату күннен күнге өсуде. Жылжымайтын мүлікті рәсімдеу маңызды факторлардың бірі болып табылады. Тіркеуші орган арқылы қажетті құжаттардың көшірмелерін алу үшін, сізге «Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» қызмет түрі бүкіл ХҚКО-да ұсынылуда.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.Қызметті көрсету мерзімі: бір жұмыс күні ішінде беріледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді,бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн қалғанда беріледі).
Көрсетілетін қызметті алушы(не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес белгіленгеннысандағы сұрау салу;
  2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат(түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін беріледі);
  3. Заңнамада белгіленген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандартынмен http://www.con.gov.kz сайтынан таныса аласыздар.

 

kn Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары Ахуалдық орталығына қосылды

Қызметтер көрсетудің сапасын мониторингілеу үшін барлық 264 ХҚКО Ахуалдық орталығына қосылды, оның мамандары шынайы уақыт режимінде қызметкерлердің жұмысын бақылайды.
Бұл туралы Есіл ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Астананың мамандандырылған ХҚКО-сына барған сапар барысында Астана экономикалық форумының шетелдік қатысушыларына мәлімделді. Қонақтар арасында Электрондық үкімет басқармасының төрағасы Бахрейна Мухаммед Аль-Каед, Египет электрондық үкімет басқармасының басшысы Ахмед Камал,  Alphaworks.com төрағасы Эрин Глен болды.

"ХҚКО" РМК  бас директорының орынбасары Шоқан Әбділмановтың айтуы бойынша бейнекамералардың айтарлықтай көп саны мамандандырылған ХҚКО-ларда орнатылған.«Мамандандырылған ХҚКО-ларда медкомиссиядан өту, айыппұлдар мен салықтарды жабу, агрегаттарды салыстыру, жүргізуші куәліктерін беруге тестілеу, автодромда практикалық емтихан тапсыру және т.б. сияқты ілеспе қызметтердің көрсетілуіне байланысты барынша көп бейнекамералар орнату қажеттілігі бар. Мысалы, Алматыдағы ең ірі мамандандырылған ХҚКО-да 77, Астана мамандандырылған ХҚКО-сында – 68, Талдықорған мамандандырылған ХҚКО-сында – 63 бейнекамера орнатылған»,- деп қосып өтті ол.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін мониторингілеу кезінде «ХҚКО» интеграцияланған ақпараттық жүйесі маңызды рөл ойнайды, ол ХҚКО қызметкерлерінің қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімдерін сақтауын бақылауға мүмкіндік береді. Егер стандарт бойынша қандай дабір құжатты алу үшін 20 минут қажет болса, ал клиент қызметті белгіленген мерзімде алмаса, ахуалдық орталығының қызметкерлері "мерзімін кешіктірудің" себебін анықтайды. Егер мерзімін кешіктіру ХҚКО қызметкерінің кінәсінен болса, оған тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылады.

Қызметті алу уақытын есептеу азаматтың талон алған сәтінен бастап дайын құжатты алғанға дейін жүргізіледі. Ахуалдық орталығының қызметкерлері клиенттердің кезек күту уақытын, оларға қызмет көрсету уақытын, берілген құжаттардың санын, сондай-ақ клиенттердің ХҚКО инспекторларының жұмыс сапасын бағалау нәтижелерін тіркейді.
Бүгінгі күні ахуалдық орталығына барлық 264 халыққа қызмет көрсету орталығы, оның ішінде 9 мамандандырылған ХҚКОқосылған. 2015 жылдың соңына дейін Ақтөбе және Қостанай қалаларында тағы да екі мамандандырылған ХҚКО-ны қосу жоспарланып отыр, олар да ахуалдық орталығына қосылатын болады.

kn БЖЗҚ анықтамасы енді egov порталында қолжетімді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары электронды үкімет порталында инвестициялық кірісі көрсетілген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты ала алады. Бүгінгі күні eGov пайдаланушыларының Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (ЗТМО) анықтамаларын алуға мүмкіндігі бар, онда зейнетақы аударымдарының сомасы кіріссіз көрсетілген. Анықтаманың жаңа түрінде салымшының зейнетақы жинақтарының жағдайы, жеке зейнетақы шоттағы қаражаттың қозғалысы, зейнетақы жарналарының түсуі, зейнетақы төлемдерінің жүзеге асуы, сондай-ақ инвестициялық кіріс туралы ақпарат бар.«Бұрынғы ЗТМО электрондық анықтамасы салымшының зейнетақы шотындағы қозғалысты көрсеткен, бірақ онда инвестициялық кіріс көрсетілмеді. ЕЖЗҚ жаңа анықтамасы, соның ішінде салымшы белгілі уақыттың ішінде қандай кіріс немесе шығын алғандығын көрсетеді», - деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев хабарлайды.Қызмет www.egov.kz порталы «Азаматтар» категориясы – «Әлеуметтік қамтамасыз ету» тарауы – «Зейнетақылық қамтамасыз ету» бөлімінде қол жетімді. Қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкімет порталында тіркелу қажет. Қызмет көрсету мерзімі 30 минуттан аспайды.«БЖЗҚ ақпараттық жүйелері мен электрондық үкімет порталын біріктірудің басты мақсаты – бұл жинақ туралы барлық ақпаратты қадамдық қол жетімділікте алу мүмкіндігі. Енді әр салымшы өзінің зейнетақы жинақтауларын дұрыс бақылай алады», - дейді «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Ерденаев.2014 жыл қорытындысы бойынша, egov арқылы ЗТМО зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы электрондық анықтамасы 4 млн. астам мәрте алынды. Аталған анықтама салымшылардың жеке мақсаттары, сондай-ақ банк несиесін алу немесе салық декларациясын толтыру үшін қолданыла алады.
«ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалы Катонқарағай аудандық бөлімінің инспекторы Самарханов К.Н.

kn Электрондық цифрлық қолтаңба тек бір жыл бойы әрекет етеді!

Ақпараттық технологиялардың арқасында бүгінгі күні әртүрлі қызметтерді электрондық түрде алуға болады. Электрондық қызметтерді алу кезінде маңызды жағдайдың бірі –электрондық сандық қолтаңба болып табылады (ЭСҚ).Ол сәйкестендіру және электроныдық түрде алынатын құжаттың заңды маңыздылығын растайтын құралы ретінде қолданады. Электрондық цифрлық қолтаңба, қысқаша ЭЦҚ, әр түрлі онлайн қызметтерді алғанда сіздің электрондық қолтаңба қызметін орындай отырып (анықтамалар алудан мемлекеттік сатып алуларға қатысуға дейін), оның иесі туралы құпия ақпаратты қамтиды. Сол себепті жыл сайын ЭЦҚ әрекетін ұзарту қажет. Осылайша, сіз сертификатыңыз жоғалмағанын және бөгде адамдардың қолында емес, сіздің қолыңызда екенін растайсыз

Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік сатып алу порталында пайдаланылатын ЭЦҚ, тек бір жыл бойы әрекет етеді. Мысалы, егер сіз 2015 жылғы 20 сәуірде кілтті алсаңыз, онда сәйкесінше оның әрекет ету мерзімі 2016 жылы 20 сәуірде аяқталады. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін сіз мысалы мекенжай парағын www.egov.kz алуда ЭЦҚ пайдалана алмайсыз. Егер ЭЦҚ әрекеті аяқталса, онда сізге жаңа қолтаңбаны алу рәсімін қайта өту қажет: онлайн-өтінім беру және ХҚКО жүгіну керек. Бірақ сіз егер алдын-ала бұрынғы ЭЦҚ мерзімін ұзартсаңыз, осыны болдырмайсыз. ХҚКО жүгіну қажеттілігінсіз өзіңіз ЭЦҚ қолданылу мерзімін ұзарта аласыз. 
ЭЦҚ әрекеті аяқталғаны туралы қолтаңба иесі мерзімі аяқталардан бір ай бұрын хабардар етіледі. ЭЦҚ алудағы өтінімде көрсетілген пошта жәшігіне ҚР тұрғындарына электронды қолтаңба беру бойынша уәкілетті органнан, Ұлттық куәландыру орталығынан (ҰКО) тиісті хат жіберіледі. Хаттың мақсаты – сертификаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мерзімді ұзарту қажеттілігі туралы пайдаланушыны ескерту. ЭЦҚ ҰКО сайтында www.pki.egov.kz хаттың мәтінінде көрсетілген сілтеме бойынша пайдаланушының жеке кабинеті арқылы ұзартылады.

Мәлім болғандай ЭЦҚ сертификаттарын компьютерде де, жеке куәлікте де сақтауға болады. Жеке куәлікте жазылған ЭЦҚ қолданылу мерзімін ұзарту рәсімі, тек Халыққа қызмет көрсету орталығында ғана жүргізіледі.
«ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалы Катонқарағай аудандық бөлімінің инспекторы Шаухина А.Т.

kn Жеке куәліктегі ЭЦҚ

2012 жылғы сәуір айының соңында жаңа жеке куәліктерге жеке тіркеу сертификаттарын жазу бойынша пилоттық жоба іске қосылған болатын. Бүгінгі күні бұл қызмет Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ еліміздің ірі қалаларының, аудан орталықтарының басты ХҚКО-ларында көрсетіледі.  Жеке куәлікке ЭЦҚ кілттерін орналастырудың басымдылығы оның қауіпсіз сақталуында, бұл жерде жабық кілттің көшірмесін жасау мүмкін болмайды. Жеке куәлік жоғалған жағдайда ЭЦҚ-ны пайдалану мүмкін емес, себебі бұл үшін PIN-код (банктік картаға ұқсас) білу қажет, бұл жерде кері қайтаруға өтініш беріп, тіркеу куәлігін кері қайтаруға болады.  Жаңа үлгідегі жеке куәліктің электрондық чипі бар, бұндай чип банктік карталарда да болады. Бұл чиптың жадысының арнайы бөлігіне тіркеу сертификатын, яғни өзіңіздің ЭЦҚ кілтіңізді жазуға болады. ЭЦҚ-ны тек жеке тұлғалар ғана жаза алады. Заңды тұлғаларға арналған ЭЦҚ жеке куәлікке жазылмайды. Бұл үшін ХҚКО-ға бару немесе ҰЛО-ның арнайы қызметшісіне, операторына жеке куәлікке ЭЦҚ жазуға өтініш білдіру қажет. Оператор сіздің жеке куәлігіңіздің чипын тексереді және оған жаңа ЭЦҚ жазады, ол сізден PIN-код ойлап табуды және оны арнайы пернетақтаның көмегімен енгізуді сұрайды. Банктік карточкалардың коды секілді ЭЦҚ PIN-коды да 4 цифрдан тұрады. ЭЦҚ жазуға 5-10 минут уақыт жұмсалады. Қазіргі кезде стационарлық компьютерде немесе ноутбукте ЭЦҚ жазылған жеке куәлікті пайдалану үшін арнайы қондырғы – смарт-карталарға арналған картридер (smart card reader) сатып алу қажет.  Картридер – оқу/жазу үшін пайдаланылатын қондырғы, ол смарт-карталармен ақпарат алмастыруға арналған болып келеді. Ол ақпаратты беру немесе ақпаратты жазу үшін негізгі автономдық модуль болып табылады.
«ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалы Катонқарағай аудандық бөлімінің инспекторы Кайдаров Д.С.  

kn 1414 - Бірыңғай байланыс орталығы

Бүгінгі күнде көптеген мемелекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталынан алуға болады, порталмен жұмыс жасаған кезде көптеген пайдаланушылар қандай-да бір қызметті немесе ақпаратты алу кезінде белгілі бір қиындықтарға тап болуы мүмкін. Осы пайдаланушыларға «Call-орталық», «Кері байланыс» сөздері және «1414» нөмірі таныс болып келеді.

«Электрондық үкіметтің» Бірыңғай байланыс орталығы өз жұмысын 2010 жылғы 1-қаңтарда бастады. Орталық жұмысының қызмет көзі мемлекеттік қызметтерді алу бойынша халыққа кеңес беруге, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша шағымдар мен ұсыныстар қабылдауға бағытталады.

Бірыңғай байланыс орталықтың тиімді жұмысының 80%-ы кәсіби дайындалған персоналға қатысты екені баршамызға мәлім. Оператордың сапалы жұмысына қарап клиенттер ұсынылатын қызметтердің сапалық мен сенімділік деңгейін анықтайды. Сондықтан да барлық операторларға міндетті түрде коммуникабельділік, сауатты сөйлеу, нақты мақам, сөзді дұрыс айту, адамдармен сындарлы жұмыс жасай білу талаптары қойылады. Айта кету керек, egov.kz. Күнделікті әр оператор өз мәселелерінің жылдам шешілуін және оған әп-сәтте әрекет етуін күтетін ондаған клиентпен сөйлеседі. Орташа есеппен алғанда күніне орталық 6 мыңнан 8 мыңға дейін сұранымдарды өңдейді. Бірыңғай байланыс орталыққа келіп түсетін әр қоңырау тіркеледі және сапаны бақылаудың арнайы жүйесіне жазылады. Егер оператордың атына қызмет көрсету мен кеңес беру сапасы туралы ескерту келіп түссе, онда орын алған әңгімені басшылық тыңдайды және оператордың әрекеті заңсыз екендігі расталған жағдайда қызметкерге қатысты тиісті тәртіптік жаза қолданылады. Бұл үшін тез есте сақталатын

1414 немесе 8-800-080-7777 нөмірлеріне қоңырау шалу керек, Қазақстан бойынша қоңырау шалу тұрақты және ұялы телефондар (ұялы байланыстың барлық операторларынан) арқылы да тегін, сондай-ақ www.1414.kz чатында хабарлама қалдыруға не болмаса support@pki.gov.kz, sd@nitec.kz, egov@nitec.kz электрондық почтаға жазуға болады.Қазақстандықтар тәуліктің кез келген уақытында мемлекеттік қызметтер көрсету туралы кеңес ала алады: Бірыңғай байланыс орталық күн сайын тәулік бойы жұмыс істейді.«ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалы Катонқарағай аудандық бөлімінің инспекторы Самарханов К.Н.  

kn Қызметті онлайн алу

Ол үшін сізге egov.kz  порталында авторланғаннан кейін Көлік және коммуникация (Автомобиль көлігі) бөлімін таңдау керек

  1. Авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбамен) қол қою.
  3. Жеке кабинетте («Қызметті алу тарихы» тарауында) өңделген анықтамамен танысу және талап етілген орынға көрсету.

Қызметті ХҚКО немесе Жылжымайтын мүлік орталығында алу (қажетті құжаттар)

  1. Уәкілетті органның атауы көрсетілетін жазбаша сұраныс, сұралатын ақпаратты түрі, алушының мәліметтері (уәкілетті өкіл), жеке тұлғаның тұрғылықты жері, заңды тұлғаның атауы және деректемелері.
  2. Құжатты ұсынумен жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  3. Анықтама беру үшін төлем туралы құжат.
  4. Қажеттілігі болғанда өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат.

Қызмет көрсету нәтижесі: Жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу тізілімінен көшірме немесе бас тарту туралы негізді жауап

kn Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеу

Онлайн төлеу: Ол үшін сізге egov.kz  порталында авторланғаннан кейін Көлік және коммуникация (Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеу) бөлімін таңдау керек

  1. Порталда авторлану және «Онлайн төлеу» батырмасы бойынша өту.
  2. Айыппұлдарды іздеудің ұсынылған тәсілдерінен неғұрлым қолайлысын таңдау:
    1. авто нөмірі (жаңа үлгідегі мемлекеттік нөмірлері бар автокөліктер үшін 000ZZZ00 пішімін пайдалану) және техпаспорт нөмірі бойынша;
    2. жүргізуші куәлігінің нөмірі бойынша;
    3. хаттама бойынша (түрін, сериясын және бланк нөмірін, сондай-ақ бұзылған күнін көрсету).
  3. Айыппұл болған жағдайда бұзушылық атауымен және тіркеу күнімен танысу. «Төлеу» батырмасы бойынша өту.
  4. Бұзушының ЖСН көрсету және айыппұл туралы ақпаратпен танысу. Айыппұл сомасы соңғы жолда көрсетілген. «Төлеу» батырмасын басу.
  5. Ұсынылған таңдау тәсілдерінің бірін таңдау (төменнен қараңыз).
  6. Төлем картасының/жеке шоттың мәліметтерін енгізу: нөмірі, иесінің ТАӘ, қолданылу мерзімі және CV-код (төлеудің бірінші тәсілін таңдауда).
  7. Жеке кабинетте («Қызметтерді төлеу тарихы» тарауында) төлем туралы чекпен танысу.

Онлайн төлем тәсілдері Сізге қолайлылығына қарай төлемді ұсынылған нұсқалардың бірімен жүзеге асыра аласыз.

  1. Төлем карталарымен төлеу VISA, Visa Electron, Mastercard, Maestro/Cirrus, American Express («Казкоммерцбанк» АҚ клиенттері үшін ғана), Altyn («Қазақстан Халық банкі» АҚ клиенттері үшін ғана).
  2. Банк бөлімшелерінің есеп айырысу-касса бөлімшелерінде және «Еуразиялық банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ интернет-банкингінде төлеу.
  3. eGov.kz, MyPaykz және HandyPay мобильдік қосымшалары арқылы төлеу.
  4. «Сбербанк» АҚ ЕБ жеке шотының көмегімен төлеу. ҚР ҰКО ЭЦҚ болуы қажет.

Ескерту: Интернет-транзакцияларын жүргізу қауіпсіздігі мақсатында кейбір банктер төлем карталарына лимиттер немесе қосымша кодтар белгілейді. Егер онлайн төлемді жүзеге асыруда қиындықтар туындаса Банктегі менеджеріңізге жүгіне аласыз. 1 күн ішінде 3 транзакциядан артық жасауға болмайды.
Фото-бейне тіркеу жүйелерімен тіркелген бұзушылық туралы ақпаратты беру заңбұзушылық тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі: Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеу туралы электрондық чек.

kn Мемлекеттік қызметкерлерге арналған тестілеуге жазылу

Қызметті онлайн алу:

    1. Порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
    2. Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді).
    3.  Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
    4. Тестілеуден өту үшін қолхатпен мемлекеттік органға жүгіну.

Қызмет көрсету нәтижесі: Қолхат немесе бас тарту туралы дәйекті жауап

kn ҚР Электоронды Үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету

Қазіргі таңда ҚР Электронды үкімет порталына  23005 заңды тұлғалар онлаин режимде бизнестерін тіркеді.Осының ішінде жылдың алғашқы айында 1500 заңды тұлға тіркелген.

Айта кету керек, өткен жылдың қаңтар айынан бастап жеке кәсіпкерлерге  өздерінің жеке бизнестерін тіркеу үшін мемлекеттік органдарға барып қажет емес.Қазіргі таңда барлық процедуралар электронды түрде қабылданады.Бұның бәрі 1 күннің ішінде жүзеге асады және қосымша құжаттардың керегі жоқ..Салыстырсақ-бұрын жеке тұлғалар уәкілетті органға құжаттарын тапсыру үшін 5 және 30 күннен артық  уақыт айналатын.Дайын құжаттарды  5 және 30 күннен аса уақытта алатын. Қазір қызметтерді автоматтандыру және оңтайландырудың арқасында бұл процесс жылдамдатылды.

Қазір АХАЖ органына некеге тұру  үшін онлаин арқылы өтінімді беру кеңінен қолданылуда. Мысалға 50000аса жұп некеге тұру үшін egov. kz порталы арқылы өтініш берген.Осының ішінде 2014 жылдың қаңтар айында ғана 3000 өтініш қабылданған.

Интернет арқылы сотқа 2700 өтініш беруші жүгінген. Соның ішінде 1000 жуық е өтінім осы жылдың басында тіркелген.
Азаматтар жиі алатын анықтамалар ол-өздері туралы анықтамаларды алу. E үкімет порталы арқылы «жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауырпалықтар) және  оның сипаттамалары туралы» анықтамаларды 40 миллионнан аса, «мекен-жай» анықтамасын 15 миллионнан аса, зейнетақы қорынан туралы анықтама алуға 3 миллионнан аса анықтамалар алынған.

Портал арқылы 233 электронды қызмет және сервис түрлерін(134 қызмет, 99 сервис) алуға болады, осының ішіндегі 27 қызмет түрі 2013 жылдан бастап енгізілген.

kn «Шығыс Қазақстан облысының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ Катонқарағай филиалы

Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылғы 5 қаңтардан «жалғыз терезе» арқылы халыққа қызмет көрсету туралы қаулысы шықты. Осы қаулысқа байланысты 2007 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Катонқарағай ауданында да, осы «жалғыз терезе» қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы ашылып, 3-ші жыл қызмет атқарып келеді. Филиалда 18 инспектор қызмет атқарады, 6 техникалық жұмысшы бар.

Орталықта көрсететін мемлекеттік қызметтердің түрлері:

  1. Азаматтық хал актілерін тіркеу – (Тууды тіркеу және туу туралы куәлікті беру, некені бұзуды тіркеу және неке бұзу туралы куәлік беру, тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді және куәлікті беру)  
  2. Халықты құжаттау және тіркеу – (Тұрғылықты тіркеуге тұру, тұрғылықты тіркеуден шығу, Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігін ресімдеу – 16 жас, 25 жас, 45 жас, ЖСН(ИИН) жоқ азаматтарға жеке куәлік рәсімдеу, жеке куәлік жоғалған жағдайда, ҚР азаматының төлқұжатын ресімдеу, азаматтарды тіркеу кітабын алу)
  3. Занды тұлғаларды тіркеу;
  4. Жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу;

Әр терезеде қызметтің барлық түрі көрсетіледі.

Орталықтың қызметінің мақсаты халыққа «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтінішті қабылдау және құжаттарды беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну болып табылады.

Жалғыз терезе міндеті азаматардың халыққа қызмет көрсету орталығына тең дәрежеде қол жеткізуін қамтамасыз ету.Ұзақ кезектердің жоқтығы қызмет көрсету терезелеріне клиент санын тең бөлу есебінен.

Орталық қызметкелері жүктемесін азайту

  1. Клиентерге қызмет көрсетудің шапшандығы
  2. Қызметкер мен олар көрсетқен клиенттердің жұмыс уақытының электрондық есепке алыну статистикалық мәліметтердің дұрыстығы
  3. Төрешілдік және әкімшілік кедергілердің жолын кесу
  4. Анықтамалық - ақпараттық қызметтің жақсаруы.

2010 жылдың ақпан және наурыз айлары аралығында қызмет көрсету орталығынын кызметкелері фотографпен бірге ауылдық округ ауылдарына азаматтарды құжаттандыру бойынша іссапарға шықты.

Сондай – ақ, күту залында фотосуретке түсіру қызметі көрсетіледі.

«Жалғыз терезе» бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету орталығы Катонқарағай және Үлкен Нарын ауылдық аймақтарында орналасқан.  

Катонқарағай филиалының
жетекшісінің м.а. В.З.Кауашов

Парақтар өзгертілді: 22-06-2016