Халыққа қызмет көрсету орталығы

kn Сұрақ-жауап
   
kn Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметінің Порталы
kn Халыққа қызмет көрсету
kn Жергілікті атқарушы органдарының электрондық мемлекеттік қызметтері
kn Электронды қызметтерді қалай алуға болады

Центр обслуживания населения

kn Шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік қызметтерді пошта арқылы алады *.doc 28 KB
kn Мемлекеттік қызметті 3 сағатта алу!! *.doc 28 KB
kn EGOVмобильді қосымшасы және бір реттік смс – құпия код арқылы мемлекеттік қызметтерді алу *.doc 40 KB
kn «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында Бірыңғай гербарий қоры құрылды *.doc 30 KB
kn Қазақстан бойынша 46 ХҚКО-да туу туралы куәлікті 3 сағат ішінде алуға болады  
kn МӘМС шеңберінде аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы шот ашылды *.doc 27 KB
kn «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау ХҚКО арқылы жүзеге асырылады. *.doc 33 KB
kn Астана және Алматы ХҚКО-ларында мобильдік ЭЦҚ сатып алу мүмкін *.doc 29 KB
kn «Тіл мәртебесі – ел мерейі» *.doc 29 KB
kn Шығыс Қазақстандықтар ХҚКО өздерінің әлеуметтік мәртебесін біле алады *.doc 26 KB
kn «Азаматтарға арналған үкімет» жұмыскерлері перинаталдық орталыққа шығып, кеңес бердіе *.doc 27 KB
kn Ашық үкімет *.doc 24 KB
kn «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өз жұмысын бастады *.doc 26 KB
kn Енді «Altel» SIM-карталарындағы ЭЦҚ Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына қолжетімді болды; *.doc 26 KB
kn Мұрағаттық анықтамаларды алу *.doc 25 KB
kn Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргізуші куәліктерін алды *.doc 25 KB
kn ХҚКО-ларда экстернмен оқуға рұқсат алуға болады *.doc 24 KB
kn Білім туралы құжаттарды ХҚКО-ларда апостильдеуге болады *.doc 26 KB
kn Субсидиялауға өтінімді қазақстандықтар енді ХҚКО арқылы бере алатын болады *.doc 27 KB
kn ШҚО-да инвесторларға қызмет көрсету секторы жұмыс жасай бастады *.doc 30 KB
kn ХҚКО-лар 2015 жылы 35 млн-ға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетті *.doc 35 KB
kn Азамат Есембулов – «Біздің жұмысымыздың маңыздылығы - адамдарға көмек көрсету» *.doc 29 KB
kn ХҚКО-ларда салық органдары қызметтерінің тізбесі артты *.doc 24 KB

 

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру

«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Халыққа Қызмет Көрсету Орталықтары» арқылы АХАТ қызметімен жүргізіледі.
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асыруға болады.
Мемлекеттік қызмет құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап жеке тұлғалар туралы деректер қорында Қазақстан Республикасы бойынша акт жазбаларының электрондық нұсқасы болған жағдайда 15 күнтізбелік күн, басқа органдарға сұрау салу қажет болған кезде қарау мерзімі қызмет алушыға 2 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 күнге ұзартылады.
Мемлекеттік қызмет ақылы/ақысыз түрде көрсетіледі.Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті қайталап алғаны үшін 1айлық есептік көрсеткіш төленеді.Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген, мүгедектер, жеке тұлғалар-азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты, жеке тұлғаларға олардың туыстарының қайтыс болуы туралы куәлікті қайтадан бергені үшін, жеке тұлғалар-бала асырап алуға және әкелікті анықтауға байланысты туу туралы куәлікті қайтадан бергені үшін баждан босатылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін белгіленген үлгідегі өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, қызмет алушының өкілі жүгінгенде нотариатта куәландырылған сенімхат, бюджетке мемлекеттік баждың төленгені туралы құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болатын құжат, қайтыс болған адамның туыстығын растайтын құжат тапсырылуы керек. Қайтыс болу туралы қайтадан берілетін куәліктер қайтыс болған адамдардың мұрагерлерінің тізіміне кіретін туыстарына беріледі.
Бұл қызмет Үлкен Нарын ауылы Абылайхан көшесі 96 мекенжайы бойынша Катонқарағай аудандық «Халыққа Қызмет Көрсету Орталықтарында» көрсетіледі.

 

Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

  Азаматтық хал актілерінің жазбалары (туу, неке қию,әкелікті анықтау, некені бұзу, бала асырап алу, тегін, атын әкесінің атын өзгерту,қайтыс болу ) туралы қайталама кәліктер,анықтамалар алу үшін азаматтар «ХҚКО» арқылы Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы Кодексінің 178-бабына байланысты АХАТ қызметтерінде жүргізіледі. Белгілі бір жағдайлармен ( акт жазуының жоғалуы, АХАТ мұрағатында сақтауда болмауына) байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары АХАТ қызметінде жоқ болып шығады.
Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру туралы өтініш сол өтініш берушінің тұрақты мекенжайы бойынша тіркелуші органға жіберіледі.Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру тиісті жазбаның бұрын болғаның растайтын құжаттар болған кезде немесе мемлекеттік тіркеу орны мен уақыты көрсетіле отырып, акт жазбасын қалпына келтіру туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет құжаттат топтамасын тапсырған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет ақылы 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекетік баж алынады. Көрсетілетін құжатты алу үшін :Белгіленген нысандағы өтініш;азаматтың жеке басын куәләндыратын құжат, азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарында акті жазбасының жоқтығы туралы жоғалтылған жазба болған жер бойынша мұрағаттан анықтама,неке қию туралы куәлік, балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмесі,білімі туралы куәлік(диплом) көшірмесі, әскери билет көшірмесі, мекен жай анықтамасы, еңбек кітапшасының көшірмесі, оқу орнынан анықтама, көрсетілетін қызмет алушының жақын туыстары туралы деректер көрсетілген өмірбаян, қызмет алушының 3*4 мөлшердегі фотосуреті екі фотосуреті қажеттілігіне байланысты басқа да құжаттар тапсырылады.
Азаматтық хал актілерінің жазбасы болғанын растайтын құжаттар толық тапсырылғаннан кейін тіркеуші орган бекітілген қорытындысы негізінде акт жазбасы қалпына келтіріліп, қызметалушыға куәлік тапсырылады.
Тіркеуші органның жоғалған жазбаны қалпына келтіру мүмкін болмаған кезде азаматтық хал актілерін тіркеу фактісі Қазақстан Республикасынң Азаматтық іс жүргізі кодексінде белгіленген қағидалар бойынша сот тәртібімен белгіленеді.

 

Тууды тіркеу

Балалардың тууын тіркеуді АХАЖ органдарына «ХҚКО» арқылы немесе электрондық өтініш беру арқылы жүзеге асыруға болады. Тууды тіркеу баланың туған жерінде немесе ата-аналарының біреуінің тұрғылықты жерінде жүргізіледі. Қызмет көрсету мерзімі орталыққа құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап екі жұмыс күнінде жүзеге асады. (Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)
Баланың туу туралы өтініш оның туған күнінен бастап екі ай кешіктірмей жасалуы тиіс.Белгіленген мерзімді бұза отырып,баланың тууын тіркеген жағдайда мемлекеттік қызмет 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі.
Тууды тіркеу үшін белгіленген үлгідегі өтініш, ата-анасының жеке басын куәләндыратын құжат,егер ата-анасы некеде болса неке куәлігі, медициналық мекеменің берген баланың тууын растайтын анықтама тапсырылады.Тууды мемлекеттік тіркеу ақысыз көрсетіледі.
Белгіленген мерзімді бұза отырып баланың тууын тіркеген жағдайда қосымша ата-анасының түсініктеме жазбалары, баланың тұратын жері бойынша оның денсаулығы туралы медициналық анықтама (жүгінген кезден бастап 7 күннен кешіктірмей берілген) қоса тапсырылады.

 

Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға,Чернобыл авариясын жоюшыларға интернационалисть жауынгерлерге)анықтамалар беру

Бүгінгі таңда негізгі мәселелердің бірі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімді,тез арада нәтиже беруі,әрі сапалы болуы.Осы орайда тағы бір қызмет түрі қолжетімді болды.
Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға,Чернобыл авариясын жоюшыларға интернационалисть жауынгерлерге)анықтамалар беру Қызметін Қазақтан Республикасының қорғаныс министрлігі әзірледі.
Құжаттарды рәсімдеу мерзімі – 1 жұмыс күні
Мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі дейнгі күтудің барынша рұқсат етілген уақыты 15 минуттан аспайды. Анықтама беру үшін ақпарат пен қажетті мәліметтер болмаған кезде 30 жұмыс күніне дейін ұзартылады.ЖӘБО кейіннен қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы хабардар ете отырып сұрау салынған ақпаратты растау үшін тиісті органдарға сұрау салады.
Жақын шетел мемлекеттерінің мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болған жағдайда анықтама беру мерзімі 180 (жүз сексен) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
                  
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті орталық арқылы алған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, орталық ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушыда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық болған кезде орталық қызметкері оның өтінішін қабылдауға міндетті.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) ЖӘБО-ға:
*осы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш;
*жеке куәлік (жеке сәйкестендіру үшін);
2) орталыққа:
*осы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш
*жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін).
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін орталық қызметкері мемлекеттік органдар уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;

Құжаттар орталық немесе ЖӘБО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:
1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күнін;
2) сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауын;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орнын;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық немесе ЖӘБО қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

 

Мемлекеттік Тіл – рухани байлық

Тіл – халықтың тағдыры, дүниетанымы,салт-дәстүрі.Өз тілінен айырылған ұлт сол ұлтқа тән барлық құндылықтарды жоғалтып,жеке өзіндік ойлау жүйесінен айырылады.Ұлттық тіл,ұлттық рухани байлық, ұлттық мінез құлықтан айырылған ұлттың болашағы да жоқ. Тіл құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы.
Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, мекемелерде оның қолдану аясын кеңейту егемендікке қол жеткізген кезден бастап көтеріліп келеді.Ата заңымыз-Конституцияда «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңында елімізде мемлекеттік тіл-қазақ тілі, бұл тіл қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, со ісін және іс қағаздарын жүргізу тілі деп бекітілді.
Қазіргі қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халқытың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі.
Қазақ тілі ұлттық тілге, нағыз мағынасындағы мемлекеттік тілге,білім, саясат, қаржы тіліне айналу керек. «Мемлекеттік тіліңді мемлекеттік шекараңды қорғағандай қорға» деген ежелден келе жатқан қағида бар.Еліміздің келекшегі мен болашағын ойлайтын болсақ, республикамызда өз атауын берген мемлекеттік тілдің деңгейін жоғарылатып, қадірлеп –қастерлей білейік.

 

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңыздылығы

Қазақстанда нарықтық экономиканың дамуымен мүліктік қатынастар саласы едәуір кеңейе түсті. Жылжымайтын мүлік иелерінің құқықтарын қорғаудың жалпыға қабылданған әрі тиімді тәсілдерінің бірі мемлекеттік тіркеу болып табылады.

Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу құқық иесiнiң, мәмiле тараптарының, мемлекеттiк органның немесе өзге де уәкiлеттi адамдардың тiркеушi органға берген өтiнiшiнiң негiзiнде жүзеге асырылады. Өтініш ХҚКО-ғы арқылы қабылданады.
Мемлекеттiк тiркеу үшiн өтiнiш берушi оның жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуi және мынадай құжаттарды ұсынуға тиiс: белгiленген үлгiдегi мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш; жылжымайтын мүлiкке техникалық паспортты және (немесе) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, құқық белгiлейтiн және тiркеу объектiсiн растайтын өзге де құжаттар; өтiнiш берушiнiң және өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжатының көшiрмесiн; жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге алым төлегенiн растайтын құжат; керек жағдайда өзге де құжаттар.

Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін қажетті барлық құжаттар екі данадан ұсынылып, олардың бір тұпнұсқасы немесе нотариус растаған көшірмесі болуы тиіс.
Тіркеуге қажетті құжаттарды ХҚКО-на тапсырғаннан кейін орталық қызметкерлерінен Сіздің құжаттарыңыздың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Жеке меншік құқығын тіркеу қол хат алған сәттен бастап,жалпы тәртіпте 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Бұл қызмет ақылы түрде көрсетіледі: пәтерге, жеке тұрғын үйге – 0,5 АЕК; гараждарға 0,5 АЕК, жер учаскесіне – 05, АЕК; көп пәтерлі тұрғын үй, тұрғын үйдегі тұрғын емес орын-жай, тұрғын емес құрылым – 8 АЕК құрайды.

Қазақстандықтар «Болашақ» халықаралық стипендиатының статусы туралы анықтаманы ХҚКО-ларда ала алатын болады

Аталған анықтаманы алу үшін азаматтың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы және қажетті өтініштерді толтыруы тиіс. Егер клиент ХҚКО-ға жеке өзі келе алмаса, қызметті алуға жүгінген өкілге нотариалды куәландырылған сенімхат керек.
«ХҚКО» РМК бас директорының айтуы бойынша бұрын бұл қызмет ҚР Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық бағдарламалар орталығында ғана ұсынылатын, енді «Болашақ» халықаралық стипендиатының мәртебесі туралы анықтаманы ҚР-дың барлық 267 ХҚКО-сынан алуға болады. «Шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері кез келген ХҚКО-ға барып, электрондық кезек тәртібімен жүгіне алады және де олардан аталған қызметті алуға өтінім қабылданады», - деп қосып өтті ол.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Астана тұрғындары үшін 1 жұмыс күнін (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа өңірлердің тұрғындары үшін – күнтізбелік 15 күнді (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) құрайды.
Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.
Балташева сондай-ақ 1 және 2 топ мүгедектігі бар адамдардың үйіне барумен қызмет ала алатындығын хабарлады. Бұл үшін оларға 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну және қызметті алу үшін қолайлы уақытты көрсету керек.Мобильдік топ 72 сағат ішінде қызмет көрсету үшін үйге барады.

Анықтама ретінде: Бүгінгі күні Қазақстанда 191 мемлекеттік қызметті көрсететін 267 халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет жасауда.
Ағымдағы жылдың 8 айына ҚР ХҚКО-ларында 24 миллионнан астам қызмет көрсетілді.

 

Мекен-жайлық анықтама

Получение дубликата документов о высшем и послевузовском образованииМекен-жайлық анықтама Қазақстан тұрғындарының арасында аса үлкен талап етілетін электронды қызмет болып қала береді.Тек қана ағымдағы жылдың 7 айына тұрақты мекен-жайына тіркелгені туралы ақпаратты 10 116919 адам алды.
Мекен-жайлық анықтаманы сіздер тек қана Халыққа қызмет көрсету орталығынан ғана емес, өздеріңіз электронды үкімет порталынан да ала алатындарыңыз туралы біз сіздердің тағы да естеріңізге салайық деп отырмыз. Бұл үшін ЭСҚ көмегімен порталда авторлансаңыз жеткілікті. Ал егер сіздің қолыңызда компьютер немесе ғаламтор болмаған жағдайда, ХҚКО әрқайсысында бар «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторынан қызмет алуыңызға болады. Бұл анықтаманы порталдан тек қана жеке тұлғалар ғана ала алады. Сондай-ақ, 2007 жылдың 13 тамызынан бастап азаматтық хал актілеріне тіркелген балалардың ата-аналары үшін онлайн-қызмет қолжетімді.
Егер анықтамадағы ақпарат толық емес немесе дәл емес (мекен-жай дұрыс емес немесе тіркеуге отырған күні көрсетілмеген) болса ХҚКО келіп, көші-қон полициясы қызметкеріне мекен-жайлық мәліметтерге түзету енгізуге келуі қажет.

 

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталықтары үйінде қызмет көрсетеді

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта туғызуға баса назар аударылып жатқандығы белгілі. Осы мақсатта Халыққа қызмет көрсету орталықтарының да қосқан үлесі зор. Қазіргі таңда ШҚО бойынша 22 халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Жалпы саны 191 мемелекеттік қызмет түрін көрсететін орталықтарда мүмкіндіктері шектеулі жандарға қолайлы жағдай туғызылған. Есік алдындағы пандус пен шақырту қоңырауынан бастап, арнайы жеңілдік терезесі мен есту сөйлеу қабілеті төмен жандарға ымдау тілін білетін қызметкерлерді де даярлағаны мәлім. Бұл жағдайдың бәрі өздігінен жүріп-тұра алатын жандар үшін болса, ХҚКО-ға өзі келе алмайтын жандар қайтпек деген мәселе туындады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартында кез-келген өтініш беруші немесе оның ресми өкілі ХҚКО-ға өзі келуі тиіс, бірақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бұл талаптарды орындау кей жағдайда қиынға соғатын болғандықтан ХҚКО қызметкерлері өздері келіп, азаматтың үйінде қызмет көрсетуі жайлы шешім қабылданған болатын. Осыған орай бүгінде әрбір 1-2 топтық мүгедектігі бар азаматтар ХҚКО қызметтеріне үйінде отырып-ақ тапсырыс бере алатын жағдай жасалған. Ол үшін қысқа нөмірлі «1414» біріңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы өзі жайлы ақпарат беріп, қызметті алуға қажетті құжаттар тізімін анықтап, мекен-жайын айтса болғаны. Осы ақпаратты алған байланыс орталығының қызметкерлері қызметалушыға ыңғайлы уақытты таңдап, ақпаратты сол ауданның ХҚКО бөліміне жібереді. Ал анықталған аудан бөлімі болса, қызметалушыға 72 сағат ішінде үйіне барып қызмет көрсетеді.

 

Call-центр 1414 қалай жұмыс істейді?

Бүгінгі таңда әрбір компания өзінің жұмыс сапасын жақсартуға ұмтылуда, заман талабына сай жетістікке қол жеткізу үшін бұл фактор басты рөл атқарады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс – орталық - бұл 365/24/7 тәртібіндегі мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша халыққа ақпарат беру жұмысын қамтамасыз ететін ақпараттық – сұраныс қызметі.
Өзінің жұмысын call-центр 2010 жылдың қаңтар айында бастаған, осы күнге дейін өз қызметін бұлжытпай орындаумен қатар жетілдіруде және қосымша міндеттер алуды күшейтуде. Ең басында ол қызметкерлері азаматтарға телефон арқылы кеңес беретін қарапайым call-центр болған, ал бүгінгі күні кеңесті қосымша каналдар арқылы - 1414.kz форумы, кері байланыс, электронды пошта және онлайн-чат арқылы да алуға болады.
Бүгінгі күні Бірыңғай байланыс - орталығында 120 оператор қызмет атқарады. ББО-тың басты мақсаты – бұл бір орында, қолжетімділіктің бірыңғай шегінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мүмкіндікке қол жеткізу.
Халыққа кеңес берумен қатар орталықтың жұмысы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар мен ұсыныстарды қабылдауға бағытталған.
ББО жұмысының тиімділігінің 80% кәсіби қызметкерге байланысты екені белгілі. Оператордың жұмысының сапасы бойынша клиенттер ұсынылған қызметтің сапасы мен сенімділігінің деңгейін бағалайды. Сондықтан барлық оператордан міндетті түрде тіл тапқыштық, білікті сөйлеу, айқын мақам, дұрыс айту, адамдармен сындарлы жұмыс істеу талап етіледі. Айтпақшы, ББО қызметкерлері ішінде саны жағынан ұлдарға қарағанда қыздардың саны үш есе көп.
Күнделікті әрбір оператор өздерінің мәселелеріне тез арада көңіл аударып шешіп беруін күтетін оннан аса клиенттермен сөйлеседі. ББО-қа әрбір түскен қоңырау арнайы сапасын бақылау жүйесіне жазылады. Егер операторға қызмет көрсету сапасы мен кеңес жүргізуіне байланысты ескерту түссе, онда болған сөзді басшылар міндетті түрде тыңдайды және оператор тарапынан жіберілген қателік айқындалса қызметкерге қатысты тиісті тәртіптік шаралар қолданылады.
1414-ке қоңырау шалу (ұялы байланыс операторларының бәріне) тұрақты телефоннан сондай –ақ, ұялы телефоннан да тегін. Қазақстандықтар кез келген уақытта мемлекеттік қызмет көрсету туралы кеңесті ала алады: ББО тәулік бойы, күнделікті жұмыс істейді.

 

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою

Көп ата аналар үшін олардың балалары жақсы білім алуы маңызды. Белгілі болғандай білім негізі яғни екі жастағы баланы мектепке дейінгі мекемеге жіберуден басталады. Бұл күні сіз баланы әр бала бақшаға тұрғылықты жерінің тіркелуісіз жазуыңызға болады. Сіздің балаңыз жақын жердегі сіздің жұмыс орныңыз немесе нақты тұрғылықты жеріңіз бойынша балабақшаға баруына болады.
Бірақ бұл үшін күні бұрын мектепке дейінгі мекемеге кезекке тұру қажет. Сіз бұны уәкілетті органда, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы жасауыңызға болады. Бұл үшін электрондық-сандық қолтаңбаны ресімдеу тіпті қажет емес. Тек қана ата анасының біреуінің жеке куәлігі және баланың туу туралы куәлігі қажет.
Егер сізде үйде ғаламторға шығу мүмкіндігі болмаса, сіз ХҚКО өзіне-өзі қызмет көрсету секторында қызметті рәсімдеуге мүмкіндігіңіз бар. Бұл 10 минуттан аспайтын уақытты алады. Сіз баланың кезегі қалай жылжығандығы туралы электрондық үкімет порталының жеке кабинетіне уәкілетті органнан кезектің нөмірі туралы хабарлама келіп түскеннен кейін білуге мүмкіндігіңіз бар.

 

Мұрағаттық анықтамаларды алу

Сізге еңбек өтілін растау керек пе? Алдынғы жұмыс орнынан еңбекақы, зейнетақы және әлеуметтік аударылым көлемі туралы ақпарат жинап жүрсіз, ал фирма әлдеқашан жабылып қалған? Біліміңізді және біліктілігіңізді растау қажет пе? Енді бұлар ғана емес, басқа да мұрағаттық құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар электрондық үкімет порталы арқылы алуыңызға болады. Жоғарыда аталғандардан басқа «Мұрағаттық анықтамалар беру» қызметі көмегімен жасы, мемлекеттік және ведомстволық марапаттармен марапатталғаны, ғалым дәрежесі мен атағын беруі, қамау, қоныс аударту және сауықтыру орындарында, экологиялық апат аймағында емдеуде болғаны жөнінде, күштеп айдап кету және отанына қайта оралу, азаматтық хал актілері немесе мүліктік құқық туралы мәліметтер алуға болады.
Қажетті мұрағаттық құжатты өтініш білдіргеннен кейін 15 күннен соң алуға болады, құжаттарды тапсыру күні бұл мерзімге кірмейді. Мемлекеттік қызметті алуға өтінішті рәсімдеу кезінде өзімен бірге қажет: жеке куәлік, сонымен қатар сенімхат, егер басқа тұлға үшін анықтама алса. Электрондық үкімет порталы арқылы анықтаманы алу үшін ЭЦҚ-ның болғаны жеткілікті.
Мәлімет үшін, жеке және заңды тұлғалар үшін әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұрақтар бойынша мұрағаттық құжаттарды алу-тегін.

 

Электрондық анықтамаларды міндетті түрде ХҚКО-на келіп алу шарт емес

Естеріңізге саламыз, электрондық анықтамаларды міндетті түрде ХҚКО-на келіп алу шарт емес, оларды өз үйіңізде отырып-ақ, өздігіңізден Электрондық үкімет порталынан ала аласыз. Порталда е-қызметтерін өздігінен алу үшін, азаматтың электрондық-сандық қолтаңбасы болуы қажет. Электрондық-сандық қолтаңба – өз қолымызбен қойылған қолтаңбамыздың аналогы, осының арқасында, барлық Электрондық үкімет қызметтерін өз компьютеріңізден ала аласыз.
ЭСҚ-ны екі түрлі тәсілмен алуға болады. Бірінші тәсіл – жаңа үлгідегі жеке куәліктің чипіне жазып аласыз, ол pki.gov.kz ҚР ҰКО сайтына өздігіңізден онлайн-сұранысын рәсімдеп, компьютеріңіздің жұмыс үстеліне сақтап алып, растау үшін ХҚКО-на жолығуыңызға болады. Бұл ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында жасалынады. Атап өтетіні, ЭСҚ-ның әрекет етуі 1 жыл және тегін рәсімделінеді.

 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың телнұсқасын алу

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың телнұсқасын алуБілім жөніндегі құжатты жоғалттыңыз ба? Қайғырмаңыз. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, сонымен қатар негізгі орта және жалпы орта білімі туралы телнұсқаларды Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады.
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттың телнұсқасын беру» және «Техникалық және кәсіптік білімі туралы құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметтерін алу үшін сізге ХҚКО-ға келесі құжаттарды ұсыну қажет: оқу орнының басшысы атына нысан бойынша өтініш, мерзімдік баспасөз басылымына құжаттың тіркеу нөмірі және беру күні көрсетілген құжаттың жоғалуы туралы хабарламаның көшірмесі (10 күн мерзімінен аспайды), алушының жеке куәлігі, сонымен қатар, қажет болған кезде: тегін ауыстырғанын растайтын құжат және жарамсыздыққа келген немесе құжатты толтыру кезіндегі қателері бар (бар болса) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы.
Ал «негізгі орта, жалпы орта білімі туралы құжаттың телнұсқасын беру» қызметін рәсімдеу үшін сізге баланың ата-анасының немесе қызмет алушының жеке куәлігімен туу туралы куәліктің (2008 жылға дейін туылған жағдайда) көшірмесі, азаматтың немесе ата-анасының өтініші, егер бала кәмелеттік жасқа толмаса, сонымен қатар құжаттың нөмірі және берілген күні көрсетілген құжаттың жоғалғаны жөніндегі жарияланған мерзімінен 10 күн өтпеген мерзімді баспасөз басылымынан үзінді.
Барлық үш қызмет тегін көрсетіледі. ХҚКО-ға аптаның алты күнінде үзіліссіз сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейін өтініш білдіруге болады. Құжаттар пакетін тапсырғаннан кейін бір айдан кейін сіздің қолыңызда білім туралы құжаттың телнұсқасы болады.

«Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру»

Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен мақтанады. Ғасырды қамтыған әдебиетіміздің, ұзақ тарихына қатысты ескерткіштер аз емес. Сіздерге ұсынатын келесі қызметіміз «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы «Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру». Лицензияны алу ақылы түрде, онын сомасы қызмет түріне байланысты болады. Мәселен, сіз тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызмет түрімен айналысу құқығын алғыңыз келсе ол 10 (он) айлық есептік көрсеткіштін (АЕК) құрайды, ал егер
лицензияны қайта ресімдеу құқығын алғыңыз келсе ол 10%-ын құрайды, бірақ 4 (төрт) АЕК-тен жоғары емес.
Лицензия алу үшін келесі құжаттар тізімі қажет:

  • заңды немесе жеке тұлға үшін белгіленген нысандағы өтініш;
  • археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны;
  • Жеке басын куәландыратын құжат
  • заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсiпкер ретінде мемлекеттiк тіркеу туралы құжаттар
  • нотариат куәландырған сенiмхат (құжаттарды өкiлi берген жағдайда).
  • бюджетке лицензияны алу үшін лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны алуға көрсетілетін қызметтi алушылар үшiн қосымша:

  • тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны;
  • тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына археология саласындағы ғылыми ұйымның ұсынымхаты.

Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны алуға көрсетілетін қызметтi алушылар үшiн қосымша:

  • тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны.
  • тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны;
  • тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны.

Аталған қызмет жеке және заңды тұлғаларға он бес күнтізбелік күнде ақылы түрде көрсетіледі. Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарда жүзеге асырылады. Ал егер электрондық портал арқылы қызмет қолданған жағдайда, ақылы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Бұл қызметті Электрондық үкіметтіңwww.egov.kzпорталы арқылы да алуға болатынын хабарлаймыз.

Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын алу

Бүгінде ақ халатты мамандардың бі­лікті­лік деңгейін көтеру мәсе­лесі жанып тұрған қызметке айнал­ды. Жоғары дамыған технологиялар заманы мұны талап ететіні де рас. Ашылып жатқан жаңалықтардан, ғылыми жетістіктерден сырт қалмай, өзінің білім-біліктілігін көтеріп отыру – басты талаптардың бірі.Сонымен, «Ақ халатты – абзал жандарға» ұсынатын келесі қызметіміз «Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын алу»

Қызмет ҚР "электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында «Денсаулық сақтау» тарауында - «Рұқсат беру құжаттары» бөлімінде қол жетімді.
Қызметті алу үшін порталға тіркеліп, порталға кіру керек және электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) болуы қажет.

ҚР «электрондық лицензиялау» порталындағы жұмыс үшінЭЦҚ браузерге импорттау қажет.
Қызметті алу үшін қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ өтінішке қол қою керек.
Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы - «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.

Ескерту:Біліктілік санаты бар маманның сертификатының болуы маман үшін сәйкес мамандық бойынша клиникалық іс-тәжірибеге (науқастармен жұмысқа) берілген рұқсат және кәсіби деңгейінің анықталуы болып табылады. Қызмет алушы маман сертификатын тегін және 22 жұмыс күні ішінде ала алады. Қабылдау алдын ала жазылусыз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады. Қызмет алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» да болады.

«Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру»

Қазіргі таңда қандай маман саласы болмасын біліктілігін арттыру үшін диплом алып, өз білімдерін жетілдіретіні бәрімізге мәлім. Осыған баланысты бүгін сіздерге ұсынатын ХҚКО – ның тағы бір мемлекеттік қызметі «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» жайлы болмақ.
Ол үшін қызмет алушы төмендегідей құжаттар топтамасын ХҚКО- ға ұсынса болғаны:

  • еркін нысандағы өтiнiш;
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттардың (дипломның) көшірмелері;
  • жүзу өтiлiн растайтын құжат;
  • кемедегi жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы;
  • мөлшері 3,5х4,5 см екі фотосурет.

Қызметті алушы салыстыру үшін ораталық инспекторына құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады. ХҚО-ға құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде қызмет алушыға емтихан өткізу мерзімдері туралы хабарлама жібереді, ал диплом беру ақысыз негізде - 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық кезек броньдалу мүмкіншілігі бар.
Құрметті оқырмандар толық ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО-ға жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.

 

Алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сату үшін лицензия алу

Алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сату үшін ең алдымен лицензия болу қажет. «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін тек қана Салық комитетінде ғана емес, сонымен қатар «Халыққа қызмет көрсету орталығы» және www.egov.kz. порталында алуға болады.
Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Егерде сіз лицензияны бірінші рет алып тұрсаныз -100 АЕК төлеуге дайын болыңыз, лицензияны қайта ресімдеу – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, алайда 4 АЕК–тен артық болмау керек, ал лицензияның телнұсқасын беру – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.
Егер де сіз алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату үшін лицензияны Халыққа қызмет көрсету оралығында алуды жоспарласаңыз, ол үшін еркін нысандағы өтініш толтырасыз, төлем жүргізген квитанция және біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар қажет. Егер де, сіз лицензияны қайта ресімдегіңіз немесе телнұсқасын алғыңыз келсе еркін нысандағы өтініш, жеке басын куәландыратын құжат және төлем жүргізген түбіртектің көшірмесі қажет.
Мемлекеттік қызметті электрондық портал арқылы алғыңыз келсе,онда құжаттарды электронды түрде өткізу қажет. Құжаттар топтамасын тапсырып болғаннан кейін алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензия беру, қайта ресімдеу не лицензияны беруден бас тарту себебі туралы уәжделген жауабы – он бес жұмыс күнінде, жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын беру – екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Сізге мыны жағдайларда лицензия беруден бас тартуы мүмкін: Қазақстан Республикасының заңдарымен субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған болса, қызмет түріне лицензия алуға өтініш берген жағдайда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмесе, көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сай келмесе, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын соттың үкімі болса, сот орындаушысының ұсынысы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салса.

 

ҚР- ның аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі - Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру. Бұл күнделікті өмірде екінің бірінен қажетті орынға талап етілетін құжат болып саналады. Сол себепті, бұл қызметке сұраныс көп.
Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, мекенжай беру және мекенжайын жою бойынша анықтама алу үшін:
белгіленген нысан бойынша өтініш; жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін); жылжымайтын мүлікке құқықтары (ауыртпашылықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы (анықтаманы ақпараттық жүйеден алу мүмкіндігі болса – қажет емес);
Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетiледi.
Көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Cұрақтарыңыз болса, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414-ке қоңырау шалуыңызға болады.

 

Қайырлы күн, қымбатты достар!

Қазақстан бойынша нағыз жаз мезгілі келді. Осындай ыстық уақыттарда ХҚКО –на келмей –ақ электрондық анықтамаларды үйде электрондық үкімет порталы арқылы өздеріңіз- ақ ала алатындарыңызды ескертетін кез келді.
Электрондық анықтамаларды порталда өздеріңіз қалаған уақытта алу үшін азаматтардың электрондық сандық қолтаңбасы болу қажет.
Электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) –бұл сіздің қолмен қоятын қолыңыздың аналогы болып табылады, оның көмегімен өз компьютеріңізден электрондық үкіметтің барлық қызмет түрлерін ала аласыз.
ЭЦҚ-ны екі жолмен алуға болады: бірінші жолы –өзіңіздің жаңа үлгідегі жеке куәлігіңіздің чипіне жазу, бұған сізге жергілікті ХҚКО-ның қызметкерлері көмектеседі. Ал екінші жолы – өзіңіз ҚР ҰКО www.pki.gov.kz сайты арқылы ЭCҚ онлайн өтініш беріп, өз компьютеіңіздің жұмыс столына сақтап қою.. Бірақ бұны растау үшін міндетті түрде ақпараттық қауіпсіздігіңізді сақтау мақсатында ХҚКО баруыңыз қажет.
Айта кетерлік жайт, ЭСҚ 1 жылға және тегін ресімделеді.

 

ШҚО бойынша Мобильдік ХҚКО өз өрісін кеңейтуде

Мобильдік ХҚКО Шығыс Қазақстан облысы бойынша шалғай елді мекендерге қызмет көрсетуді аймағын кеңейтетін болады. Егер бұрын мобильдік ХҚКО-лар 67 елді мекенге қызмет көрсетсе, енді ағымдағы жылдың 1 шілдеден бастап оған қоса 166 елді мекенге сапарға шығатын болады.

«ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембуловтың айтуынша, мобильдік ХҚКО-лардың басты міндеті – аудандық орталықтарға барып қызмет алуға мәжбүр болатын шалғай елді мекендерді алдағы уақытта толықтай қамтып, сапалы қызмет көрсету.
Еске сала кетейік, биылғы жылдың 16 наурызынан бастап Мобильдік ХҚКО-лар ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ қызметтерін көрсетуді бастаған еді.
ЗТМО қызметкерлерінің халыққа барынша маңызды әлеуметтік қызметтерді көрсететіндігін атап өту керек, атап айтсақ олардың ішінде жәрдемақылар, зейнетақы төлемдерін тағайындау бар, ал «Қазпочта» АҚ қызметкерлері азаматтарға зейнетақы төлемдерін, әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін шоттар ашуға көмектеседі, зейнетақыны жеткізетін болады және т.б.
Сондай – ақ Мобильдік ХҚКО сапараларының кестесі әкімдіктермен алдын ала келісілетін және аудандық әкімдіктердің сайттары мен өңірлік БАҚ-тарда жарияланатын болады. Бұдан басқа, мобильдік ХҚКО сапарларының кестесін«ХҚКО» РМК-ның www.con.gov.kz ресми порталындағы «Мобильдік ХҚКО» тарауынан табуға да болады. Қажет болған жағдайда, мобильдік ХҚКО-ның жоспардан тыс сапарға шығуын ұйымдастыру мүмкін болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 70 мобильдік ХҚКО қызмет ететіндігін атап өту керек.
Анықтама: ШҚО бойынша Мобильді ХҚКО жыл басынан бері шалғай елді мекендерге 507 рет сапарға шығып, 10 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.

 

«ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиал қызметкерлері Жидебай жерінде.

«Абай-дана, Абай-дара қазақта!»
Өлең, жырын қазағына арнаған,
Елдің қамын тебірентіп толғаған.
Халқы үшін мыңмен жалғыз алысқан,
Бұл заманда Абай сынды бар ма адам?!

Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі.
Ақынның дүниеге келгеніне 170 жыл, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.
Ұлы ғұламаға – 170 жыл. Осы мерейтойды атап өту Шығыс жұрты үшін үлкен мереке, үлкен іс-шара. Аталған мерейтойды ШҚО бойынша ХҚКО қызметкерлері атап өтті.
Іс-шараны ұжым ақынның туған жері Жидебайға барып, Абай мен Шәкәрім басына тағзым етуден бастады. Абайдың «Жидебай-Бөрiлі» мемлекеттiк тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралады. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан, жүріп өткен жолы мен өмірлік тағылымынан, оның ұрпақтары мен кейінге қалдырған мұрасымен сусындады. Бұдан кейін Абай ауданы, Қарауыл ауылындағы Ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. Соның дәлелі ретінде шара соңында филиалдың бөлімдері арасында «Абай-дана, Абай-дара қазақта!» атты «Абай жолы» роман-эпопеясынан театрландырылған көріністерден байқау ұйымдастырылды. Кеш соңы Жидебай жерінің «Әйгерім бұлағы» басындағы этноауылда іс-шараны қорытындылаумен аяқталды.

«ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалы

ҚР ХҚКО-ларында 35 жаңа қызметтер іске қосылды

Маусым айынан бастап Қазақстандық ХҚКО-ларда пилоттық режимде 35 жаңа қызмет қолжетімді болды. Атап айтқанда, енді халыққа қызмет көрсету орталықтарына салық есептілігін қабылдауға/кері қайтаруға, дара кәсіпкерлерге патент беруге, қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға жәрдемақы тағайындауға, Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша кіруге шақыруларды ресімдеуге және т.б. үшін жүгінуге болады.
«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуы бойынша қазіргі уақытта 9 мемлекеттік органның 35 қызметі берілді. «Әзірше осы қызметтердің стандарттары қаралып жатқанда, олар ХҚКО-ларда пилоттық режимде ұсынылатын болады. Оларды бекіткен соң, пилоттық жоба аяқталады және қызметтер ХҚКО-ларда жалпы негізде көрсетілетін болады», - деп атап өтті.
Балташева сонымен бірге ҚР ХҚКО-ларына жаңа қызметтерді ендіру бойынша жұмыс жалғасатынын хабарлады. Жыл аяғына дейін ХҚКО-ларға тағы да 20-дан астам жаңа қызметтер, олардың ішінде инвестициялар және даму, ауыл шаруашылық, әділет, қаржы және қорғаныс министрліктерінің қызметтерін ендіру жоспарлануда екендігін айта кетелік.
Осылайша, ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтер саны 212-ге жетеді. 2011 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары барлығы 59 қызмет көрсеткенін, 2012 жылы – 113, 2014 жылы олардың саны 171 жеткендігін айта кетейік.
ҚР ХҚКО-ларда ағымдағы жылғы 4 ай ішінде көрсетілген қызметтер саны 13711696 құрайды, соның ішінде 10 миллионнан астамы - электрондық.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының инспекторлары салық қызметтерін мемлекеттік кірістер органдарының ғимараттарында көрсете бастады

Бұл ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті іске қосқан бірлескен пилоттық жобаның арқасында мүмкін болды.
«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева атап өткендей жарқын болашақта мемлекеттік кірістер органдарының ғимараттарында ХҚКО-лардағы сервиске баламалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру жоспарлануда. «Биылдың өзінде азаматтар салық қызметтерін қандай да бір кедергілерсіз, ал келесі жылы Ахуалдық орталығымен интеграцияланған Бірыңғай электрондық кезек тәртібімен ала алатын болады. Яғни біз қызмет көрсету барысын электрондық кезек талонын алған сәттен бастап клиенттің дайын құжатты алған сәтіне дейін қадағалай алатын боламыз», - деп айтып өтті ол.
Аталған «пилоттың» шеңберінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері 14 салық қызметін ұсынады. Олардың ішінде: Дара кәсіпкерді тіркеу есебіне алу, салық төлеушілерді тіркеу, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер сомасы және ұсталып қалған (төленген) салықтар туралы анықтамалар, салық есептілігін кері қайтарып алу және т.б. Қазіргі уақытта ХҚКО инспекторлары апта сайын оқыту семинарлары мен тренингтерінен өтеді.
Айта кетейік, осы іспеттес пилоттық жоба өткен жылдың желтоқсанынан бастап Алматы облысы Қарасай ауданының және Астана қаласы Сарырарқа ауданының мемлекеттік кірістер басқармаларында қолданылды. Енді бұл тәжірибе барлық облыс орталықтары мен Алматы қаласына таралды.
Қазіргі уақытта облыстық мемлекеттік кірістер органдарына ХҚКО-ның 5 инспекторы, Астана мен Алматы қалаларында – сәйкесінше 10 және 20 қызметкер іссапарға жіберілді.
Пилоттық жоба ағымдағы жылдың қараша айына дейін созылады.
Бүгінгі күні республикада 264 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайтындығын еске саламыз, олардың ішінен 9-ы автокөлік иелеріне қызметтер көрсету жөніндегі мамандандырылған ХҚКО.
Ағымдағы жылдың 4 айына Қазақстанның ХҚКО-ларында 13711696 қызмет көрсетілген, оның ішінде 10366299 – электрондық нысанда ұсынылды.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау

Қазіргі таңда дүниежүзінің көптеген мемлекеттерінде мүгедектер саны күн санап өсуде, Қазақстан да соның ішінде. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау ХҚКО арқылы жүзеге асыруға болады.
Ол үшін сізге келесі құжаттар тізімін жинау қажет:
1.Жеке куәлік.
2. Мекенжай анықтамасы.
3.Зейнетақылар мен жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер.
4. Мүгедектігі туралы анықтама.
Бұдан басқа, қосымша болуына орай мынадай құжаттарды ұсынылады:
1.Радиациялық әсерге ұшыраған адамдар ауруларының, мүгедектігінің себебін анықтау туралы ведомствоаралық сараптама кеңесінің шешімі,
2.Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі,
3.Госпиталь берген ауруы туралы куәлігі.
4.16 жасқа дейінгі мүгедек баланың туу туралы куәлігі.
ХҚКО-на қажетті құжаттар тапсырған күннен бастап 10 жұмыс күн аралығында ақысыз негізде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындалады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтарына мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау электрондық үкімет (www.egov.kz) порталында да қолжетімді. Бұл қызмет жайлы барлық ақпаратты Қазақстан Республикасының Электрондық Үкіметінің Біріңғай байланыс орталығының мына телефондары арқылы біле аласыз 1414, 88000807777 (қоңырау шалу тегін).

Мемлекеттік тілдің мерейі үстем

Елбасымыз «Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды»-деген сөзі бүгінгі күннің және келешектің нақты ұстанымы екендігі сөзсіз.
Қазақстан халқын топтастырудың ас маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру-Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданыста болғанымен, мемлекеттік қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылатындығын ұмытпауымыз абзал..
Тіл тағдыры- ұлт тағдыры, отансүйгіштік, ұлттық намыстың мәселесі.Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде мемлекеттік қызметшілерге жүктеліп отырған міндет зор.
Қазақтың аталы сөзі бар «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген.Қай мемлекетке бармаңыз, қазақ басқа елдің мәдениеті мен өнерін, өмір сүру дағдысын жетік меңгеріп алса да, оның табиғаты, мінезі рухани болмысы қашан да қазақ болып қала береді.
Егер Мемлекет басшысының мемлекеттік тіл мәселесіндегі бағытын шынайы қолдап, жүзеге асыратын болсақ, алда еліміздің ұлттық нышаны мен келбетін ажарландырып, қазақстандық патриотизімді, елдігімізді асқақтата түсетіні сөзсіз.
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы да мемлекеттік тіл саясатын қолдай отырып, оны іс жүзіне асырудың нақты қадамдарын жасап келеді.
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Бас директорының бұйрығымен бекітілген «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл ішінде әртүрлі іс-шаралар жүргізіліп отырады.
Атап айтқанда, Филиал қызметкерлері үшін күнделікті қолданыста болатын терминдер сөздігі бекітілген.
Келуші – Клиенттерге мемлекеттік қызметтер, оның ішінде ақпараттық анықтамалар клиент талабы бойынша тілде ұсынылады.
Қазақстан Республикасының «Электронды үкімет» порталынан ұсынылатын қызметтердің барлық деңгейінде қазақ тілінің қолданылуы қамтамасыз етілген.
Жоғары тұрған органдарға шығатын құжаттар мәтіндерінің мемлекеттік тілде рәсімделу қамтылған.
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК ШҚО бойынша филиалының барлық қалалық және аудандық бөлімдерінде жергілікті атқарушы органдармен бірлескен түрде мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша отырыстар мен дөңгелек үстелдер өткізу қамтамасыз етілген.
Мемлекеттік тіл мәселесіне заң тұрғысынан қарайтын болсақ, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңы Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданыста болғанымен, мемлекеттік қазақ тілі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылатындығын ұмытпауымыз абзал.
Тіл тағдыры – ұлт тағдыры, отансүйгіштіктің, ұлттық намыстың мәселесі. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде мемлекеттік қызметшілерге жүктеліп отырған міндет зор.

 

Парақтар өзгертілді: 19-09-2017