Бизнес, кәсіпкерлік және туризм

kn Туризм  
kn Көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды анықтау туралы *.doc 43 Kb
kn Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысы
*.doc 2 Mb

 

Кәсіпкерлік саласы бойынша ақпарат

Ағымдағы жылы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің іс-әрекеті «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауы, 5 институционалды реформа, сонымен қатар халықтың өмірін жақсарту негізінде 100 нақты қадамда белгіленген тапсырмаларын іске асыру мақсатында кәсіпкерлік және туризм салаларын дамытуға бағытталды.
Жалпы, ауданымызда 2419 шағын бизнес құрылымдары тіркелген (өткен жылғы көрсеткіштің 100,9 пайызы), оларда 4912 адам жұмыс істейді (101,3 пайыз). 2015 жылы ауданның шағын бизнес саласы 32,1 млн теңгенің салығын түсірді (107,3 пайыз).2015 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген кәсіпорындар саны 139 бірлікті құрады, яғни өткен жылғы сәйкес кезеңнің 97,2 пайызы.Себебі облыстық статистика басқармасының шешімімен жұмыс істемей тіркелген 5 кәсіпорын есептен шығарылды. ( 2014 жылдың осы кезенінде 143 бірлік болған). Соның ішінде, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 108, оның ішінде белсенді шағын бизнес кәсіпорындарының саны өткен 95.
Өнеркәсіп. 2015 қантар –қараша айларындағы  қорытындысы бойынша өндірілген өнеркәсіп өнімнің көлемі 2 597,0 млн. теңге болып, немесе өткен жылмен салыстырғанда табиғи көлемінің индексі 92,3 % құрауы күтілуде. Себебі өткен жылдың қаңтар айында есеп беріп отырған «Казцинк» акционерлік қоғамының «Корунд» кен-тау қазушы өнеркәсіп ЖШС компаниясы Новохайрузовка округінің маңында геологиялық барлау жұмыстарын тоқтатты. Кәсіпкерлік. Аудан экономикасының қалыпты жағдайда дамып, одан ары өсуіне кәсіпкерлік саласының тигізер әсері мол. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік салада 2 шипажай,11 пантымен емдеу орындары, 12 дәмхана, 4 мейрамхана, 4 қонақ үй, 19 тұрмыстық қызмет көрсету орындары, 8 жаңар жағар май станциясы, 182 дүкен, 3 сауда базары, жол бойларындағы қымыз өндіретін орындар, Катонқарағай – Үлкен Нарын – Өскемен бағытындағы 2 автобекет, 1 маусымдық паром халыққа қызмет көрсетеді. Есепті жылы 5 сауда дүкені, 1 шағын нан пісіретін цех, 4 шаштараз, 1 техника жөндеу орталығы, 1 дәріхана, 1 қонақ үй, 1 балалар ойын - сауық орталығы, 1 тойхана іске қосылып орта есеппен 62 адамға жаңа жұмыс орындары ашылды. Инфляциялық үдерістерді тежеу яғни халық тұтынатын негізгі азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында, әр аптаның сенбі күндері ауданның ірі елді мекендері Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылдарында жәрмеңкелер өткізу жұмыстары ұйымдастырылды. Жыл басынан аталған елдімекендерде жалпы 87 жәрмеңке өткізіліп, 40 млн. теңгенің ауылшаруашылық өнімдері базар бағасынан 15-20 пайызға төмен саудаланды.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша тұрақтандыру қорынан бөлініп отырған әлеуметтік ұнның аудан көлемінде нан бағасының тұрақтануына әсері мол. 2015 жылдың басынан 1 қарашаға дейін ауданға 668 тонна арзандатылған ұн жеткізіліп, оның 434,5 тоннасы наубайханаларға, 233,5 тоннасы бөлшек саудаға бөлінді. Өңірлік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданда уақытша тұрақтандыру қоры құрылды. Аудандағы жергілікті ұн өндірушілермен 50 тонна көлемінде ұнның тұрақтандыру қорында сақталуына және көкөніс егумен айналысатын шаруа қожалықтарының басшыларымен 550 тонна бидай, 100 тонна картоп, 6 тонна қырыққабат, 1,5 тонна сәбіз және 2 тонна пияз өнімдерінің сақталуына өзара келісім меморандумы жасалынды.
Аудан көлемінде нан бағасын тұрақтандыру мақсатында азық- түлік сауда дүкендерінен әлеуметтік бұрыштар ашылып, бекітілген тізімге сәйкес аз қамтылған отбасыларына бағасы 60 теңгеден нанның босатылуы ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында ауылды жерлерде жеке ісін ашамын немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарын дамытуға «Үдемелі индустриалды инновациялық даму», «Бизнестің жол картасы -2020», бағдарламалары кеңінен қолданылуда
Мемлекеттік үдемелі индустриалды – инновациялық даму, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларына сай, ауданда 1 жоба іске асырылуда:1) «Амир» ШҚ Мусабалин Шокан - «1000 басқа арналған асыл тұқымды -репродукторлы шаруашылық құру» жобасының жалпы құны 707,5 млн.тенге, ал 601,4млн теңге «Казагрофинас» АҚ несиесі. Шаруашылықтың өз қаражаты- 106,1 млн. тенге. Бүгінгі күні малдың кесек және шырынды азығы толығымен дайындалды, ұңғыма қазылып (75 метр), 18,2 млн. тенге қаржыға су құбыры тартылды, 23 тұрақты жұмыс орындары ашылды.  

Сонымен қатар, «Үлкен Нарын ауылында «Касенов Д. М. » шаруа қожалығында бал құтылау цехын ашу» құны 55,6 млн.тенге құрайтын жоба іске асырылды. Аталған цехта балды 5 граммнан 5 литрге дейін бөлшектеп құтылайтын жабдық құралдары орнатылды.
«Бизнестің жол картасы 2020» жобаларының бірінші бағытының шеңберінде ( банк несиелерінің пайыздық ставкаларын субсидиялау ) 2014 жылы 2 жоба іске асырылды:

  1. «Касенов Д. М. » ШҚ (Касенов Даулет). « Үлкен Нарын ауылында бал құтылау цехын ашу» « Банк Центр Кредит» АҚ арқылы. Банк несиелерінің пайыздық ставкаларын субсидиялау сомасы 0,8 млн тенгені құрады.

1) «Тротуарлы плиткаларын шығаратын цех ашу» «Болгамбаев» ЖК- Болгамбаев Ерланбек. 2015 жылы іске асырылды. Қаржы көзі: 1 млн. тенге өз қаражаты, «Даму» қоры арқылы 5 млн. тенге несие алу. 4 тұрақты жұмыс орынын құру жоспарланған. Жоба өңірлік Үйлестіру Кеңесінің құптауын алған, 5,0 млн теңгенің несиесі алынды. Құрылғы алуға Павлодар облысының кәсіпорнымен келісім-шарт жасалды.Банк несиелерінің пайыздық ставкаларын субсидиялау сомасы 0,3 млн тенгені құрады.
Соныменк қатар, Ұн мен жанар-жағар майдың бағасын тұрақтандыру мақсатында 2015 жылы 668 тонна арзандатылған ұн, 536 тонна АИ-80 маркалы бензин, 2159 тонна АИ-92 маркалы бензин, 1970 тонна дизелді отын бөлініп, наубайханалар, дүкендер және жанар-май құю станцияларына жеткізілді.
 Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің жұмысында әлеуметтік маңызы зор 33 тауарлардың бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын іске асырылды. Үстеме бағаны 10 пайыздан асырмау туралы 189 меморандум, нанның бағасын өсірмеу бойынша 13 меморандум, дәрі-дәрмектің 200 түрінің бағасын өсірмеу бойынша 18 меморандум, азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын құру бойынша 7 меморандум жасалып, қол қойылған.

Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы
бөлімінің басшысы Р. Байгереев

Қорытынды:

«Қолданылмайтын ауыл шаруашылық жерлеріне негізгі жер салығының ставкасын бекіту туралы» Катонқарағай аудандық мәслихаты шешімінің жобасын қарай отырып, төмендегіні хабарлаймын:
Елбасының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан 2050» Стратегиясы»: дамыған мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау бойынша, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілген Жалпыхалықтық іс-шаралар жоспарының 21-бабына ауыл шаруашылық жерлеріне салық салу бойынша заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 387 бабының 1-1 пунктінің, 444 бабының 1 пунктіне сай, жергілікті атқару органдарына қолданылмайтын жер телімдері үшін жер салығының ставкасын және ауыл шаруашылық жерлерге бірыңғай жер салығын 10 есеге дейін көбейту құқығы берілген.
Бұл заңнамалық инициатива жер қолданушыларды экономикалық ынталандыруға, ауыл шаруашылық жерлерді тиімді пайдалануға және оны қорғап, құнарлылығын арттыруға бағытталған.
Жер телімін қолданбағаны туралы дерек ҚР «Қазақстан Республикасында Мемлекеттік қадағалау және бақылау туралы » Заңына сай, жер инспекциясының тексерулері материалдарымен расталуы қажет.
Ұсынылып отырған «Қолданылмайтын ауыл шаруашылық жерлеріне негізгі жер салығының ставкасын бекіту туралы» Катонқарағай аудандық мәслихаты шешімінің жобасы жерлерін пайдаланбай, немесе мақсатсыз пайдаланып отырған жер пайдаланушыларының мүдделеріне қатысты.
«Қолданылмайтын ауыл шаруашылық жерлеріне негізгі жер салығының ставкасын бекіту туралы» Катонқарағай аудандық мәслихаты шешімінің жобасына оң қорытынды берілді.

Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу қағидаларына
3-қосымша

Нысан Реттеуші мемлекеттік органдардың реттеушілік әсерді
талдауды жүргізу рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды

N   Уәкілетті орган толтырады
Бағалаудың жалпы параметрлері
1 РӘТ қоғамдық талқылауда деректердің болмауы жоқ
2 РӘТ әзірлеуде бір немесе бірнеше стандарттық қадамдардың болмауы жоқ
3 Бір немесе бірнеше орындалған қадамдардың ұтымды мағынасының болмауы жоқ
4 Бастапқы деректердің немесе олардың дереккөздеріне сәйкес сілтемелердің болмауы жоқ
РӘТ бөліктерін бағалау
5 Проблеманың бар болу фактісін дәлелдейтін және оның ауқымын көрсететін деректер ұсынылды ма? Иә.2013-2014 жылдары жүргізілген жер түгендеу нәтижесінде 113 шаруашылықта 49 944 га ауыл шаруашылық жерлері анықталған. 2015 жылы 91 шаруашықта 10 185 га егістік жерлер шабындық және жайылым жерлерге аударылған.
6 Проблема әсер ететін және әсер етуі мүмкін мақсатты топтар және олардың сандық көрсеткіштері ұсынылды ма? Иә.1547 жылдары шаруа қожалықтары мен 51 заңды ауыл шаруашылық құрылымдары.
7 Реттеудің мақсаты қисынды түрде қалыптастырылды ма? Проблеманың анықтамасына сәйкес келе ме? Иә. Ауыл шаруашылық жерлерді тиімді пайдалану шаруашылықтың экономикалық мүддесіне сай келеді.
8 Деректердің өзгеруі және осы өзгерістердің уақыт шектері ұсынылды ма? Иә. Жер теліміне салықтың үлкейуі бюджет түсімін ұлғайтады.
9 Баламалары жоқ Иә.
10 Баламалардың алдын ала айқындалған немесе жеңілдетілген таныстырылымы және олардың әсер етуін талдау Жоқ. Жер салығының азаюы жерді тиімсіз пайдалануына әкеліп соғады.
11 Ұсынылған баламалар рейтингісін талдау  
12 Проблеманың индикаторын айқындау Иә. Жер салығын 10 есе арттыру.
13 Шығасылардың негізгі өлшенетін индикаторларын айқындау Иә. Жер салығының өсуі, жердің мемлекет меншігіне қайтаруына ықпал етеді.
14 Балама РӘТ өткізу мерзімі 15 немесе 30 жұмыс күн (қажеттісін сызу)
15 Басқа комментарийлер  

Парақтар өзгертілді: 29-05-2017