|
«Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты» ММ
Аудан әкімінің орынбасары
Байғонусов Қаликан Байғозыұлы
Қалиқан Байғозыұлы Байғонысов 1959 жылы туған, қазақ, инженер механик және «Юриспруденция» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.
Еңбек жолын жұмысшы болып, кейін Катонқарағай ауданының Коробиха ауылында орналасқан «Коробиха» кеңшарында тракторшы ретінде бастады. 1984 жылы жоғары білім алған соң еңбек жолын автомеханик, МТШ меңгерушісі және 1985 жылдан 1986 жылға дейін Катонқарағай ауданынның Коробиха ауылындағы «Коробиха» кеңшарында комсомол комитетінің хатшысы ретінде жалғастырды. 1986-1988 жылдары аралығында «Черняховский» атындағы совхозында бас инженері, одан әрі өндірістік мәселелері бойынша директорының орынбасары қызметінде жұмыс атқарды. 1988 жылдан бастап «Черняховский» атындағы совхозының партия ұйымының хатшысы болып үш жыл бойы жұмыс атқарды. 1994 жылы Катонқарағай ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Көп уақыт директордың орынбасары қызметін атқарды, 1994 жылдан 1996 жылға дейін Катонқарағай ауданының Коробиха ауылындағы «Коробиха» кеңшарының директоры лауазымында болды. 1998 жылы Катонқарағай ауданының Белый ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. 2001 жылдың қаңтар айынан бастап «Үш бұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестінің директоры. 2004 жылы облыстық «Мал өнімдері» корпорациясының өкілі қызметтерін атқарды. 2007 жылдың маусым айынан бастап Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.
Үйленген, екі қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Мен, Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары Байгонусов Қалиқан Байғазыұлы төмендегідей табыстарым мен мүлігімді жария етемін:
2008 жылы еңбекақы қоры бойынша есептелгені 999 598 тенге, зейнетақы қорына жинақталған барлық қаржы 629 181 тенге, ұсталғаны 90 627 тенге. Ұсталған салық сомасы 77 303 тенге.
Жеке меншікте Катонқарағай ауданы Печи ауылындағы өндірістік база (қойма,автотаразы, күзетші үйі), «Үш-бұлақ», «Үш-бұлақ 2», «Үш-бұлақ 23» ЖШС-ы 2007 жылы 6 шілдеде №100-3-32020 құжат бойынша сенімдік басқаруға берілген.
Жұбайым «Дамир» шаруа қожалығының бастығы. 2008 жылы еңбекақы қоры бойынша есептелгені 134 800 тенге, зейнетақы қорына жинақталған барлық қаржы 68 889 тенге, ұсталғаны 13 436 тенге. Жеке мүлікте Үлкенннарын ауылында Садовая 16 көшесінде үй, 0,10 жер телімі.
Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері:
Большенарым ауылы: бейсенбі 14.00-16.00
Катонқарағай ауылы: жұма 14.00 – 16.00
Байланыс телефоны 8 (72341) 2–12 -30
Аудан әкімінің орынбасары
Аудан әкімінің орынбасары - Садуов Қайржан Қабышович
1961 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының педагогика институтын бітірді 2003 жылдың тамыз айынан бастап- Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары.
Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.
Садуов Қайржан Қабышович өзінің жұмыс қызметін 1984 жылы Большенарым ауданындағы СПТУ-22 ұстаз мамандығы болып бастады. 1989жылы Катонқарағай ауданының Аршаты ауылында оқу ісі меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1997 жылы Аршаты ауылының орта мектебінің директоры және сол жылы Катонқарағай ауданының Урыль ауылдық округінің әкімі.
2003 жылдан бастап Катонқарағай ауданының әкімінің орынбасары қызметін атқарады.
Катонқарағай ауданы әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасары Садуов Қайыржан Қабышұлы.
Мен, «Нұр-Отан» халықтың демократиялық партиясының мүшесі ретінде 2009 жылдың 1 қаңтары жағдайына байланысты төмендегі табыстарым мен мүлігімді жария етемін: 2008 жылы еңбекақы қоры бойынша есептелгені 836 055 тенге, зейнетақы қорына жинақталған барлық қаржы 593 628 тенге, ұсталғаны 92 979 тенге. Ұсталған салық сомасы 77 303 тенге.
Ипотека бойынша несиге 4 бөлмелі пәтер алдым. Банктік мекемелерде салымдарым, қымбат қағаздарым жоқ.
Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары Қ.Қ.Садуовтың міндеттері:
Ауданның дамуына қатысты аса маңызды мәселелер бойынша әлеуметтік-саяси процестерді, саяси ахуал мониторингін және қоғамдық пікірлерді зерттеуді ұйымдастыру.
Аудандық мұрағаттың, аудандық газет редакциясының, аудандық білім беру, ішкі саясат,мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, аудандық аурухананың іс-қимылын үйлестіру.
Әлеуметтік-мәдени даму, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтауды реформалау, жастар саясаты, спорт, орта арнаулы оқу орындарының, тұрғындардың көші-қоны және демография мәселелері, еңбек қорғау, ауылдық елді мекендерді әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері және ардагерлердің Қенесі.
АІІБ-нің, қорғаныс істері жөніндегі комитеттің, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басқармасымен, қоғамдық, саяси ұйымдар мен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық, саяси ұйымдармен және діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынасты іске асыру.
Кәмелетке толмағандар құқығын қорғау, гуманитарлық көмек, ономастикалық және шақыру комиссияларының, отбасы және гендерлік саясат жөніндегі комиссиялардың іс-қызметіне басшылық жасайды.
Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері:
Большенарым ауылы: сәрсенбі 14.00-16.00
Катонқарағай ауылы: бейсенбі 14.00-16.00
Байланыс телефоны 8 (72341) 2–11 -97
Аудан әкімінің орынбасары
Аудан әкімінің орынбасары - Ракишева Бибигуль Трусбекқызы
1958 жылы 10 желтоқсанда бұрынғы Большенарым ауданы Майемер ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Майемер орта мектебін бітіріп, Өскемен Құрлыс – жол институтының «Автомобиль транспортының экономикасы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 1981 жылы бітіріп инженер – экономикасы деген квалификация алып шыққан.
1981-1985 жыл аралығында Торғай облысы Жаңа дала ауданындағы Жаңа дала автотранспорт кәсіпорнында аға экономист болып істеген.
1985-1986 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы ет – сүт өндіретін Коробиха совхозында еңбек және еңбек ақы төлеу бойынша аға экономист болып істеген.
1986-1996 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бұрынғы Большенарым ауданындағы Большенарым автотранспорт кәсіпорнында экономикалық жоспарлау бөлімінің бастығы қызметтік атқарған.
1996-1997 жылдары Большенарым аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде сосын салық комитетінде маман – инспектор болып істеген.
1997-2005 жылдары Катонқарағай аудандық білім беру бөлімінің аға экономисі болып істеген.
2005-2006 жылдары Катонқарағай ауданының экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
2006-2007 жылы Катонқарағай ауданы экономика және бюдежеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеген.
23 маусым 2008 жылдан бастап Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.
Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары Б.Рақышева: 2008 жылы еңбекақы қоры бойынша есептелгені 965 654 теңге, зейнетақы қорына жинақталған барлық қаржы 484 531 мың теңге.
Жылжымайтын мүлік бойынша Большенарым ауылында 0,4 га жер телімі бар 37 шаршы метр тұрғын үйім тұрғын бар.
Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары Б.Т. Ракишеваның міндеттері:
Бюджетті түзу және оның орындалуына басшылық жасап, қадағалайды. Экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы бөлімінің, пошта, кәсіпкерлік, бөлімдерінің іс-қызметтерін үйлестіру.
Салық комитетімен, қазынашылықпен, екінші дәрежелі банктермен, сақтандыру серіктестіктерімен, МЗТО жұмыстарын үйлестіреді.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының іс-қызметтерін үйлестіру.
Халық тұтынатын тауарларды өндіруді ұйымдастыру, сауда қызметін көрсету, тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелеріне жедел басшылық жасау.
Мемлекеттік коммуналды меншікті басқаруды ұйымдастыру мәселелері.
Төлемдерді өндіру жөніндегі комиссияның, бюджеттік комиссияның іс-қызметіне басшылық жасау.
Ақша айналымы, несиелеу, өндірістік күштерді тиімді пайдалану және перспективалық болжамдау, материалдық-техникалық, еңбек қорлары мәселелерін шешу. Мемлекеттік коммуналды меншікті басқаруды ұйымдастыру. Инфляцияға қарсы күрес жөніндегі штаб жұмысын басқарады
Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері:
Большенарым ауылы: сейсенбі 14.00-16.00
Катонқарағай ауылы: бейсенбі 14.00-16.00
Байланыс телефоны 8 (72341) 2–95 -72
Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының басшысы
Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының басшысы Тоқсанова Лаура Жұмақанқызы
Л.Ж.Тоқсанова 1962 жылы туған, қазақ, жоғарғы білімді қазақ мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Еңбек жолы Чернова орта мектебінде орыс тілі пәнінің мұғалімі, содан кейін осы мектептің ұйымдастырушы ретінде бастады. Содан соң еңбек жолын Катонқарағай аудандық жастар комитетінің хатшысы, кейінен Катонқарағай аудандық компартия комитетінің нұсқаушысы лауазымдарын атқарған. Ал 1997 жылдан Катонқарағай аудандық енбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымында болып, 2005 жылдың қаңтар айынан Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 2007 жылдың 06 маусымынан бастап Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының басшысы етіп тағайындалды.
Катонқарағай ауданы әкімінің аппарат басшысы Токсанова Л.Ж: жеке мүлік бойынша үй, 6 жер телімі бар аула бақшасы, «Мазда-Капелла» автокөлігі бар. Айлық еңбекақым орташа 71 000 теңгені құрайды. Банктік мекемелерде салымдарым, қымбат қағаздарым жоқ.
Лауазымдық қызметі: Аудан әкімі және оның орынбасарларының іс-қызметін қамтамасыз ету жөніндегі аппарат бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру.
Аудандық әкімдіктің мәжілісіне мәселелер әзірлеу барысында аудандық атқару органдарының іс-қызметтерін жоспарлау және үйлестіру, аудандық әкімдіктің жұмыс жоспары мен оның қаулыларының жүзеге асырылуына бақылау.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативті актілерін, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, әкімдік қаулыларын жүзеге асыруды қадағалау және орындау сапасын бақылау жөніндегі бөлімдердің, ауылдық округ әкімдерінің іс-қызметтерін үйлестіру.
Аппараттық кеңестерде берілген облыс әкімінің тапсырмаларының орындалуын бақылау.
Аудан әкімінің аудандық мәслихатпен, республикалық органдармен және олардың аумақтық бөлімшелерімен, аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
Аудандық сала қызметкерлері басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тәртіптік жаза қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Кадрлық және мемлекеттік-құқықтық бөлімнің, кеңсенің, қаржы-шаруашылық бөлімінің іс-қызметтерін үйлестіру, конкурстық, тәртіптік комиссияның жұмысына басшылық.
Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері:
Большенарым ауылы: сейсенбі 14.00-16.00
Катонқарағай ауылы: сәрсенбі 14.00-16.00
Байланыс телефон: 8 (72341) 2-18-69.
|