|
«Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты» ММ
Ауданының әкімі
Серік Зинабекұлы Зайнулдин
1964 жылғы 25 ақпанда Зайсан ауданының Зайсан қаласында туған. 1981 жылы Айнабұлақ орта мектебін тәмамдады. 1981-1986 жылдары – Семей зооветеринарлық институты зоотехникалық факультетінің студенті.
1986-1991 жылдары Зайсан ауданындағы «Айнабұлақ» кеңшарында бас зоотехник болып жұмыс істеді. 1991-1993 жылдары – «Айнабұлақ» кеңшарының директоры, сосын 1997 жылға дейін - аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы. 1997-2004 жылдары Серік Зинабекұлы Зайсан ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық мәселелеріне басшылық ететін орынбасары қызметінде болды.
2004-2005 жылдары Зайсан ауданы әкімінің міндетін атқарды. 2007 жылдың сәуір айынан бастап Катонқарағай ауданының әкімі. Отағасы, үш баланың әкесі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Жеке мәселелер бойынша қабылдау уақыты: дүйсенбі күні сағат 14-00 ден 17-00-ге дейін.
Байланыс телефоны: 8 (241) 2-11-41
Лауазымдық қызметі: Ауданның экономикалық және әлеуметтік даму мәселелері бойынша мекемелер: комитеттердің, кәсіпорындар мен ауылдық округ әкімдерінің іс-қызметтеріне басшылық жасау, үйлестіру.
Аудан экономикасын реформалау, іс-қимылын қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерін жүзеге асырудағы перспективалық және ағымдағы міндеттерді шешу.
Аудан бюджетін түзуге басшылық және оның орындалуын бақылау, еңбекақы, ақша айналымы және несиелеу, перспективалық болжам, өндірістік күштерді, материалдық-техникалық, еңбек қорларын бөлу және тиімді пайдалану.
Прокуратурамен, аудандық сотпен, ішкі қауіпсіздік және қоғамдық-саяси тұрақтылық мәселелерін шешуде ұлттық қауіпсіздік департаментімен өзара қимылды және үйлесімді іс-қызметті қамтамасыз ету, құқық тәртібін, атқарушылық тәртіпті, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күресті нығайту, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың ахуалы. Аудан әкімдігінің мәселелері. Мемлекеттік наградалармен марапаттау, тиісті адамдарға құрметті немесе басқадай мәртебелі атақтар беру жөнінде облыс әкіміне ұсыныстар түсіреді.
Мынадай лауазымды адамдарды:
Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен аудан әкімінің орынбасарларын, аппарат жетекшісін, ауылдық округ әкімдерін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын органдарының басшыларын лауазымдық қызметке тағайындайды және босатады.
Басқару құрылымын оңтайландыру, кадрларды іріктеу және орналастыру, әкімшілік-аумақтық құрылым, жер қатынастарын реттеу.
Прокуратурамен, сотпен, әділет басқармасымен, ішкі істер бөлімімен, ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет жөніндегі Агенттік басқармасымен ұйымдық байланыстарды жүзеге асыру.
Доклады и выступления
 |
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
Мерекелеріңізбен! Қымбатты әйелдер!
Тамаша көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен шыққан құттықтауларымызды қабыл алыңыздар! |
 |
Отчетный доклад перед населением акима Катон-Карагайского района С.З. Зайнулдина о проделанной работе в 2009 году
Құрметті жерлестер!
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында жаһандық экономикалық дағдарыстың салдарынан орын алып отырған күрделі үдеріске шынайы әрі нысаналы баға берді. «Оқтын-оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін де төтеп беріп келгенбіз. |
 |
Қымбатты соғыс және еңбек ардагерлері!
Құрметті қариялар!
Сіздерді 1 қазан - қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстандықтарды әлеуметтік қорғау мәселесі - біздің еліміздің даму бағдарламасының басым бағыттарының бірі. Қарттардың елге сіңірген ерен еңбектері ешқашан өшпей, ұрпақтар санасында мәңгілік сақталып қалады.
|
 |
20-22 қыркүйек – Ораза айты мерекесі
Құрметті жерлестер, қадірлі мұсылман қауым!
Сіздерді отыз күнгі оразадан кейінгі келген Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
|
 |
18 тамыз – Шекарашы күні
Құрметті ардагерлер, қадірлі шекарашы әскерилер, офицерлер мен қатардағы жауынгерлер!
|
 |
16 тамыз – Спорт күні
Мерекелеріңізбен! Құрметті катонқарағайлықтар! Біздің ауданымызда, бүкіл Республикадағы сияқты, спортқа ерекше назар аударылады. |
 |
Құрметті полиция қызметкерлері!
Біздің мемлекетіміздің қалың жұртшылығы 23 маусымда Қазақстан полициясының күнін атап өтеді. |
 |
Қымбатты Отандастар!
Құрметті жерлестер!
Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы күніне арналған құттықтауымды қабыл алыңыздар! |
 |
Катонқарағай ауданының әкімі С. Зайнулдиннің 2008 жылы атқарған жұмыстары бойынша халыққа есеп беру баяндамасы
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен еліміздің түкпір-түкпірінде бірде-бір елді мекенді қалдырмай әкімдердің халық алдында есеп беруінің дәстүрге айналғанына да біраз уақыт болды. |
 |
Бақытты бол, бай өлке! Қымбатты катонқарағайлықтар! «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, өзіміз жыл басынан бері тағатсыздана күткен мерейлі той күніне де келіп жеттік. |
 |
Білім күнімен! Құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Құрметті балалар! Жазғы демалыс аяқталды. Білім күні деп аталатын мерекемен жаңа оқу жылы басталды. |
 |
Құрметті ағайындар, қадірлі қонақтар мен қымбатты аудан тұрғындары! Ауданның 80 жылдық мерекесі құтты болсын. Ел іргесі берік, халқымыздың ырыздығы молынан болып, аудан тұрғындарының әр шаңырағы шаттыққа, босағалары бақытқа толы болсын! |
 |
Қиялдан да биікте. Алтайдан Атырауға, Арқадан Алатауға дейін созылып жатқан кең байтақ қазақ даласының қай пұшпағы болсын алаш ұлдары үшін оттай ыстық. Катонқарағай өлкесі жайлы мен бұрындары Оралхан Бөкей, Қалихан Ысқақ сынды атпал жазушылардың шығармалары арқылы жақсы білетін едім. |
 |
Құрылысшы күні қарсаңында |
| |
|
| |
|
|