Ауыл шаруашылығы

Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың қорытындылары туралы ақпарат


kn 2017 жылдың 5 айындағы ауданның АӨК жұмысының нәтижесі оның тұрақты дамып келе жатқан сала екендігін сипаттайды *.doc 167 Kb
kn Приказ 295 *.zip 456 KB
kn Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы *.doc 456 KB
kn 2016 жылдың қаңтар - мамыр айларындағы Катонқарағай ауданының агроөнеркәсіп кешенінің қорытындысы туралы АҚПАРАТ *.doc 29 KB
kn Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өніміділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары *.zip 77 Kb
kn Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидалары *.zip 73 Kb
kn Өсімдік шаруашылығының шығымдылығы мен өнім сапасын арттыруды 2013 жылы субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы *.doc 141 Kb
kn Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекіту туралы *.doc 2 MB
kn Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы *.doc 3 MB
kn Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасы *.doc 137 Kb


Маралдар және пантымен емдеу мекемесі

«Чистоводинка»  атауының мағынасы – таза су дегенді білдіреді. Бұл - ауданда көпшілікке танымал, табиғаты әсем жер. Ол Новополяковка ауылынан 12 км қашықтықта орналасқан. Ауылдардан шалғай, әртүрлі шөптерге бай жерді Болат Бұқатаев кездейсоқ таңдаған жоқ. Мұнда 2000 жылы ол марал өсіретін «Абзал» шаруа қожалығын ұйымдастырған. 2009 жылы пантымен емдеу орнын ашты.

Панты кесу – ауқымды жұмыс
Панты – маралдардан алынатын құнды зат. Шаруашылықта оларды кесу 5 маусымнан басталып, тамыз айына дейін жалғасады. Барлығы 578 марал бар, оның 216-ы мүйізді. Панты кесу арнайы станоктарда жүргізіледі. Бұл ауқымды жұмыстарды маралшылар Сергей Блинов, Вячеслав Федоров, Анатолий Маликов, Әлішер Болатов, Александр Овчинников, Сергей Гостеев атқарады. Ал қыс айларында маралдарды күтіп бағатын жұмысшылар саны 12 адамға дейін артады.
Маралшылардың жұмысы таңғы сағат бестен басталады. Алдымен қоршаудағы мүйіздері кесуге жарамды маралдар іріктеледі: мүйіздің салмағы 10-12 кг болуы тиіс. Оларды шаруашылық басшысы өзі кеседі, өйткені, оған ептілік қажет.
Кесілген соң, мүйіздер қайнатылады, бұл Алтай өлкесінің технологиясы бойынша жүзеге асырылады. Бес жыл бойы мұнда екі ай жұмыс істеу үшін Катонқарағайдың тумасы Алдаберген Тұрғанбаев шақырылады. Ол 70-ші жылдарда Шұбарағашта, 80-ші жылдарда Аршатыда, кейіннен 2012 жылға дейін Катонқарағайдағы марал шаруашылықтарында жұмыс істеген. Тәжірибелі панты қайнатушы, пантыны қайнату мен консервілеу жұмыстарының қыр-сырын жақсы біледі.
Кесілген мүйіздер электрондық таразымен өлшенеді. Олардың салмақтары, партия нөмірлері жазылып отырылады. Осының нәтижесінде маралдардың өнімділігі сарапталады. Егер, мүйіздің салмағы төмендейтін болса, бұл жануар етке жіберіледі.
Наурыз айының басында марал қанын «Ақсу Дэен»  ЖШС-і сатып алады. Панты өнімдері Корея мен Қытайға экспортқа жөнелтіледі. Сондай-ақ, марал қанынан пантогематоген өндіріледі. Бұл өнімнің сертификаты бар.
Үлкен бөлмедегі кептіргіште марал мүйіздері кептіріледі. Мұнда пантымен емделуге келушілер 80 градус температурада ванналар қабылдайды. Бұл жерде сөрелерге  иісі аңқыған шырша бұтақтарының  жиналған. Келесі бөлмеде екі мың пар мүйіздерге арналған кептіргіш жұмыс істеп тұр.

Маралдар және пантымен емдеу мекемесі Маралдар және пантымен емдеу мекемесі


Пантымен емдеу мекемесі

Аудандағы пантымен емдеу мекемелеріне келушілердің саны жылдан-жылға арта түсуде. Бұл біздің облысымыздың  беткеұстар саласы. Тәжірибе көрсеткендей, пантымен емдеу мекемелері  адам бойына күш-қуат беріп, нашарлаған ағзаны қалпына келтіреді.
«Абзал» демалыс базасына ем қабылдап, дем алу үшін Маңғыстаудан, Атыраудан мұнайшылар, Қарағанды, Алматы, Астана қалаларынан, облыс орталығынан және тағы басқа жерлерден қонақтар келеді. Франциядан, Ресейден, Грузиядан, Әзірбайжаннан, Корея мен Қытайдан да қонақтар келеді. Жыл сайын мұнда 80-нен астам адам денсаулықтарын түзейді. Әсіресе, мұнда мүйіз кескен уақытта адамдар көп болады. Нағыз марал қанын пайдаланғысы келетіндер де баршылық.
Қонақтар үшін барлық жағдайлар жасалған, бірнеше үйлер жабдықталған, мұнда 42 арна бойынша телехабарлар көруге болады, ағаштан салынған монша бар. Қонақүйлерге 35 адамды орналастыруға болады.
Панты қайнатпасымен жұмыс істейтін 18 ванна бар. Мұнда самырсын бұтақтары да бұқтырылады. Осындай пайдалы екі затты араластырып ем қабылдау, біздің ауданымызда  әзірге тек осы емдеу мекемесінде ғана қолданылады.  Мұнда жуықта ғана фитокүбі орнатылды. Бұл - сирек кездесетін ежелгі Тибет тәсілі бойынша адам ағзасына дәрілік шөптердің буымен әсер ету.
Мұнда асфальт төселген жол жоқ, айналаның барлығы жасыл  желең шөп. Тіпті, қонақтар тамақтанатын киіз үйлердің ішіне де еден төселмеген, барлығы табиғи. Пантымен емдеу мекемесі қожайынының айтуынша, мұнда адамдар табиғат аясында дем алуы тиіс.
Демалыс базасына келушілерді тамақтандыру үшін азық-түлік жергілікті тұрғындардан, ал емдік сусын – қымыз Катонқарағайдан сатылып алынады.
Мұнда атпен серуендеу, жақын маңдағы омарташыларға, балық аулауға  автокөлікпен бару ұйымдастырылған.

Маралдар және пантымен емдеу мекемесі Маралдар және пантымен емдеу мекемесі

Татьяна Самойлова
Сурет автордікі

Егіс науқаны жалғасуда

Егіс науқаны жалғасудаКатонқарағай ауданының  Солоновка ауылдық округінің «Жас Қанат» (басшысы Анатолий Матасов), «Еңбек» (Қайрат Мурзашев ), Үлкен Нарын ауылдық округінің «Атамекен» (Талғатбек Кисин), «Алтай А.Н.» (Алтай Аяғанов), Новохайрузовка ауылдық округінің «Агро Дос» ЖШС (Ержан Манажанов), «Самай» (Малик Садуев), тағы да басқа  ауыл шаруашылық құрылымдары облыс әкімінің тапсырмасына сай, биыл егіс көлемін былтырғы жылмен салыстырғанда кем дегенде 5 пайызға арттыруды мақсат етіп,  көктемнің ашық күндері мен топырақтың ылғалын тиімді пайдалана отырып, қажырлы еңбек етуде.

Бүгінгі күні аудан бойынша ылғал жабу, көп жылдық шөптер мен қыстық  дақылдарды тырмалау толығымен аяқталып,  жоспарланған егістіктің 50,4 пайызы себілді.

Көктемгі дала-егіс жұмыстары жалғасуда.

Катонқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімінің  жетекшісі Р. Байгереев

Ауданның тұқым шаруашылығы туралы

2014 жылдың көктемгі егісіне қажетті тұқым: дәнді дақылдар 4500 тонна, майлы және сүрлемдік дақылдар 140 тонна, бір жылдық және көп жылдық шөптер 34 тонна, картоп 3500 тонна.
Себуге қажет тұқым толық бар. «Мемлекеттік тұқым экспертизасы» АҚ-ның аудандық филиалының 2014 жылғы 20 ақпанға дейін жүргізген сараптамасына сай тексерілген 3936 тонна дәнді-дақылдардың  тұқымының сапасы : 1 класс 1345 тонна, 2 класс 1007 тонна, 3 класс 1584 тонна немесе
1-2 класс 59,8%.
Тексерілген 32 тонна майлы және сүрлемдік дақылдардың тұқымы, қажеттіліктің 22,9% құрап, 1-2 кластың себу стандартына жеткізілді.
ҮлкенНарын және Солоновка ауылдық округтерінде сараптамаға  тұқым толық тапсырылған жоқ. Новополяковка, Алтынбел, Новохайрузовка ауылдық округтерінде 1 класс  кондициясына сәйкес тұқым жоқ.
2014 жылы дәнді дақылдардың сұрыпын ауыстыруға және жаңартуға : 50 тонна Омская 18, 50 тонна Алтайская 325, 45 тонна Омская 87 тұқымдары сатып алынды. Ол болашақта 2-3 жылға жоғары репродукциялы тұқыммен аудан егістігін қамтамасыз етуге жетеді.
Майлы және сүрлемдік дақылдар жыл сайын элита және 1-2 репродукциялы тұқыммен себіледі.
2014 жылғы ақпанда «Жас Канат» ШҚ-мен «Приморское» ЖШС-нің құжаттары тұқым шаруашылығы статусын алу үшін Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының эксперттік комиссиясына тапсырылды.
2014 жылы басым дақылдар өндіруді субсиялау Қазақстан Республикасында қолдануға жіберілген және перспективалық деп мойындалған және тұқым өсірудің аттестатталған субъектілерінен алынған, Мемлекеттік селекциялық жетістіктер реестріне енгізілген, үшінші сорттың көшірмесінен кем емес тұқым егу кезінде жүзеге асады.

Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік,
ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімінің басшысы Р. Байгереев

 

Парақтар өзгертілді: 03-08-2017