Аудан
әкімі
Аудан әкімі
аппараты
Аудан әкімі
бөлімдері
Ауылдық
округтер
Мәслихат
аппараты
Сатып алу
Қызмет сілтемелер
Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз?
мемлекеттік қызметкер
бизнесмен
зейнеткер
студент
оқушы
жұмыссыз
басқа да санаттар

Аудан әкімінің алғы сөзі

Катонқарағай ауданы – Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет ретінде танылған Қазақстанның Шығыстағы інжу-маржаны. Еліміздің 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму Бағдарламасының айбынды нышанына айналған қар барысы біздің ауданымыздың аумағында – асқар Алтай тауларының биік шыңдарында мекендейді. Толығырақ...

Бекбосынов Арман Ілиясұлы,
Катонқарағай ауданының әкімі

27/01/2012
2011-2012 оқу жылының І жарты жылдығында «Үлкен Нарын ауылдық лицейі» ММ-де өткізілген қашықтық олимпиадасының нәтижесі (КИО)
0 2011-2012 оқу жылының І жарты жылдығында республикалық «Күз-қыс 2011» (КИО) қашықтық олимпиадасына Үлкен Нарын ауылдық лицейінің 6-11 сынып оқушылары да қатысты. Қашықтық олимпиада 5 пәннен (Қазақстан тарихы, қазақ тілі, орыс тілі, география, биология) өткізілді.
27/01/2012
2012 жылға бөлінген республикалық бюджет қаржысы есебінен тегін кепілді медициналық көрсету шеңберінде мынадай қызмет түрлері мен формалары бойынша медициналық қызмет көрсетеді:
Білікті стационарлық көмек; Білікті стационарды алмастырғыш көмек; Медициналық қызмет инновациялық технологияларды қолдана отырыла көрсетіледі: Рентгенодиогностика және флюробайқау, ультродыбыстық зерттеу, ЭКГ, дәрігердің тағайындауымен физиотерапевтік процедураларды көрсету.
26/01/2012
Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы волейболдан жарыс
0 2012 жылғы 24 қаңтарда Үлкен Нарын ауылында Ленин атындағы орта мектебің спортзалында аудан әкімінің жүлдесі үшін волейболдан аудандық жарыс өтті. Жарысқа барлық 13 ауылдық округтың әкімдерінен құралған құрама командалары және мемлекеттік қызметкерлер арасында әйелдердің құрама командалары қатысты.
26/01/2012
Дойбыдан оқушылар мен үлкендер арасында аудандық турнир
0 Үлкен Нарын ауылында 2012 жылғы 25 қаңтарда белгілі әнші, ақын Владимир Высоцкийдің туған күні қарсаңында еске алуға арналған Шатаев Мұраттың демеушілігімен ұйымдастырылған дойбыдан оқушылар мен үлкендер арасында аудандық турнир өткізілді.
26/01/2012
Аудандық әкімдік отырысы
0 24 қаңтар күні аудан әкімі А.І. Бекбосыновтың төрағалығымен аудандық әкімдіктің отырысы болды. Оған аудандық мәслихат хатшысы Д.Бралинов, мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері мен құқыққорғау органдарының басшылары қатысты.
25/01/2012
«Компьютерлік ойындар және оның денсаулыққа кері әсері» атты мектепішілік арнайы шара
0 Үлкен Нарын ауылдық лицейінде «Компьютерлік ойындар және оның денсаулыққа кері әсері» атты мектепішілік арнайы шара өткізілді. Жоғарғы сынып оқушыларының әзірлеуімен «Компьютер және денсаулық» тақырыбында өткізілген жиыннан көрініс.
24/01/2012
Үлкен Нарын ауылдық лицейінде «Қамқорлық» акциясы негізінде «Жан жылуын балаларға сыйлайық» атты сыныптан тыс шара
0 Үлкен Нарын ауылдық лицейінде «Қамқорлық» акциясы негізінде «Жан жылуын балаларға сыйлайық» атты сыныптан тыс шара өткізілді. Аталған шараға мектеп оқушыларымен бірге ата-аналар, құқық қорғау органы қызметкерлері мен дәрігерлер тартылды.
23/01/2012
Үлкен Нарын ауылдық лицейінде «Сен және сенің құқығың» тақырыбында сыныптан тыс шаралар
0 Үлкен Нарын ауылдық лицейінде «Сен және сенің құқығың» тақырыбында сыныптан тыс шаралар өткізілуде. Айтулы шараға АІІБ қызметкері полицияның аға лейтенанты А.Лұқпеков шақырылып, оқушыларға олардың құқықтары туралы әңгімеледі.